Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Есептің мазмұны
1 Жоңғылау құралының қыспақты элементіне әсер ететін
күштер ықшамсызбасы.
2 Бүйіржақтан жонғылау үрдісінде дайындамаға әсер ететін
күштер ықшамсызбасы.
3 Дайындаманы қысу және кесу режімдерін есептеу.
4 Қорытынды және құралдың құрылысын жетілдіру бойынша
ұсыныстар.
Бақылау сұрақтары
1 Білдек құралдары дегеніміз не? Олардың тағайындамасы.
2 Білдек құралдарының топтастырмасы.
3 Білдек құралдарының негізгі элементтері, олардың
тағайындамасы.
4 Қыспақты құрылғылардың түрлері және олардың жетектері.
Зертханалық жұмыс № 2. Токарлы-револьверлық
операцияны жобалап жасау және револьверлық білдекті баптау
Жұмыс мақсаты – тапсырылған тетікті өңдеу бойынша
токарлы-револьверлық операцияны жобалап жасау және осы
тетіктерді дайындау үшін білдекті баптау дағдысын алу. 
Жалпы мәліметтер
Токарлы-револьверлық операциялар қиықжиек алу, бүйіржақты
өңдеу, ішкі және сыртқы бұрандаларды кесу, тетіктерді сыртқы және
ішкі айналу беттері бойынша кешенді өңдеуді қамтамасыз етеді.
Токарлы-револьверлық білдектерде тетіктерді шыбықтардан және
даналанып жасалатын дайындамалардан дайындауға болады.
Токарлы-револьверлық білдектер қолмен басқарылатын, жартылай
автоматты және автоматты болып шығарылады. Осыған байланысты
9


олар сериялық және жаппай өндірісте кеңінен қолданылады. Бұл
білдектердің токарлы және токарлы-бұранда кескіш білдектер
алдында келесі артықшылықтары бар: өнімділігі жоғары, бұйымның
өзіндік құны төмен, жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайы
жақсырақ. 
Токарлы-револьверлық білдектерді тиімді пайдалану үшін
операцияларды жобалаған кезде операцияларда ауысымдарды қатар
атқарып, суппорттар жұмысын қатар атқарып, топтап өңдеу және
басқа да тетіктерді өнімді өңдеу тәсілдерін мақсималды түрде
қолданып, баптау ықшамсызбаларын жобалап жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет