Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


-тақырып. Мәтінді жазушы шеберлігін айқындау тұрғысынан талдау



бет4/5
Дата15.06.2023
өлшемі181 Kb.
#101555
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
7-тақырып. Мәтінді жазушы шеберлігін айқындау тұрғысынан талдау
Жазушының тiл байлығы жеке сөздердің көптігімен өлшенбейдi, керiсiнше оларды ұтымды қолдану шеберлiгiмен айқындалады. Нәрсiз сөздер мен орынсыз тіркестер тiл жұтаңдығы мен ой жұтаңдығын туғызады. Әлемдегi қандай халықтың болса да белгiлi дәрежеде дамыған сөз өнepi бар. Бiздiң халқымыздың сөз өнepi бiрнеше ғасырлар бойы дамып жетiле келе, алдымен, жалпыхалықтық тiлдi байытты. Әр қаламгер мақал-мәтелдердi халық тiлiндегi қалпында жұмсаумен қатар, жаңғыртып, өзгерте қолдану арқылы қосымша рең, мағына туғызып, айтар ойды шешендікпен жеткізеді.
Жалпыхалықтық сипаттағы фразеологизмдердiң стильдiк мақсатта жұмсалуына келсек, фразеологизмдер кейiпкердiң жан – дүниесiн, күйзелiсiн, өкiнiшiн, күйiнiш-сүйiнiшiн, бiр сәттік жан-күйiн ашып жеткiзуде орасан зор орын алады. Көркем шығармалардағы фразеологизмдердi бiрнеше топқа топтастыруға болады.

[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].




8-тақырып. Айшықтау құралдарының мәтіндегі қолданысы
Мәтінді эстетикалық тұрғыдан қабылдау үшін стилистикалық талдаулар жасаймыз. Жазушы қолданған айшықтау құралдарының мәтіннің көркем бейнелі құрылым түзуге жұмсалғандығын, қызметін анықтаймыз.
Тілімізде айшықтаудың түрлері көп. Троптар – ойды бейнелі, көрікті етіп жеткізеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, перифраза т.б. барлығының өз алдына жеке, өзіндік көркемдік қызметтері мен ерекшеліктері де бар.
Қазақ тіл білімінде теңеу, метонимия, эпитет, метафора сияқты троп түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктері, теориялық жақтары зерттелген.
Т.Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» (1978), Л. Нұржекееваның «Қазақ метонимияларының лингвистикалық табиғаты» (1991), Г. Мұхаметқалиеваның «Тұрақты эпитеттерінің тілдік табиға-
ты» (1995), А. Сыбанбаеваның «Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар» (2002) еңбектерін атауға болады.
Б.Майлин тілін зерттеуші ғалым Х. Кәрімов: «Майлин әңгімелерінде қолданылған эпиттердің шығарманы көріктеудегі қызмет өте қызық. «Құрымбайдың жігітшілігі» деген әңгімеде айтылатын Нұржан үйін автор оқушыға жаңа таныстыра бастаған-ақ мынандай сөйлемдер кездеседі: «Шайды Күләш құйып отыр. Қатыны Меруерт байы мен Күләштің екі ортасында, жұлығынан шұлғауы шығып жүрген бастамалы мәсіні кесіліп жіберіп, құрсаулы ала кесемен шайды сіміріп отыр» (Б.М., 343-бет). Бұл отбасының тұрмыс күйі туралы автор өз атынан әлі ештеңе айтқан жоқ. Бірақ мына сөйлемді оқығаннан кейін, оқушы бұл үйдің кедей шаруа екендігін бірден түсінеді» [24, 27], – дейді, эпитетті қолданудағы жазушы шеберлігі жайлы.
[1], [2],[3],[21],[26],[13], [24].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет