зады. 8. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді. Әліппеден кейінгі кезеңдегі жүргізілетін сауат ашу барысында жазуға қойылатын негізгі талаптар: Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дү- рыс жазуға үйрене алады. Ж азуға негізінен мынадай талаптар қойылады: а) әріпті дүрыс жазу, дәптердің көлденең сызығьшан ауытқымау; 7 • ' ' *** ~ ә) өріптердің элементтерін тегіс, бірдей жазу; б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете жазу; в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қа- шықтықты бірқалыпты сақтап отыру; г) бірте- бірте жазу қарқынын тездете түсу. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар: