Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет6/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
туғызған, бүгінде әбден дәлелденген Орхон жазуларындағы әдеби мұра қазақ 
көркемсөзінің бастауы ретінде оқулықтарда оқытылып келді. Алайда, қазақпен 
тамырлас көрші өзбек, әзербайжан т.б. түркі халықтары өздерінің әдебиетін одан 
да терең дәуірлерден бастап, сол тұжырымдаманы оқу орындарында көпшілікке 
ұсынып жатыр. Оның үстіне, қазақ халқының тарихы дегенде оның құрамында 
болған рулар мен тайпалардың аттарын, өмір сүрген мекені мен мезгілін, аралас-
құралас болған көршілерін, жасап қалдырған материалдық, рухани мұрасын 
шетелдің, өзіміздің әйгілі тарихшыларымыз зерттеп, көп сұрақтың басын ашып 
дәлелдеп жатыр. Ал қазақ әдебиеттану ғылымында көне дәуірдегі халықтардың, 
тайпалар мен рулардың әдеби, рухани мұрасы болды ма, жоқ па деген сұрақты 
қоюға, соны зерттеуге, зерттеу нәтижесін мектеп, жоғары оқу орнының оқулығына 
енгізуге талпыныс көп бола қоймады. Еңбектер жоқ емес, бар. Дегенмен, жүйелі 
зерттеу, жан-жақты тиянақты талдаулар жетпей жатты. Бұл орайда, профессор 
Немат Келімбетов өзінің «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Ежелгі түркі поэзиясы 
және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Көркемдік дәстүр жалғастығы», 
«Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдебиеті бастаулары)» атты еңбектерімен зерттел-
меген соны салаға түрен салып, үлкен істің бастаушысы болды. Осы кітаптардың 
нәтижесінде қазақ әдебиеті Ғұндар мен Сақтар дәуірлерінде өмірге келген руха-
ни мұралармен молайып, оның тарихы мың жылға тереңдеді. Қазақ әдебиетінің 
бастаулары «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Еділ батыр», «Көк бөрі», «Ергене-
кон» дастандарында жатқандығын дәлелдеген Н.Келімбетов өз зерттеуі арқылы 
қазақ әдебиеттануына ғана емес, тұтас түркология ғылымына үлкен олжа салды, 
ең бастысы – қазақтың рухани, әдеби мұрасы жиырма жеті ғасырды құрайтынын 
айғақтайтын осы дерек арқылы қазақ халқы үлкен бай рухани қазынаның 
мұрагері болғандығын сезінді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылып, Астана қаласында 
жемісті жұмыс істеп жатқан Түркі академиясы түркі халықтарының өркениеті, 
олардың өткені мен бүгіні жайлы ғылыми зерттеулерге, халықаралық деңгейде 
үлкен ізденістерге үйлестіруші, басқарушы қызмет атқарып отыр. Біздің 
мақсатымыз – өзіміздің төл тарихымызға терең үңіліп, оны бүгінгі заманның, 
болашағымыздың мүддесі тұрғысынан әділ бағалау. Еуропа центризм 
үстемдік еткен түркология ғылымының тынысын кеңейтіп, жаңа бағытта
жаңа сипатта зерттеулер жүргізу. Арамызда жүрген, өмірден озған өзіміздің 
көрнекті түркітанушыларымыздың еңбектерін назарда ұстап, солардың зерт-
теу бағытындағы ұстанымдарын басшылыққа алу. Немат Келімбетов сын-
ды түркілердің өз ішінен шыққан ғалымдардың түркология бағытындағы 
зерттеулерінің құндылығын жас ұрпаққа насихаттап, ол еңбектердің өз уақытында 
үлкен қызмет атқарғандығын, қазірде зәрулігін, болашақта өміршеңдігін көрсету 
– біздің асыл мұраттарымыздың бірі.
Қазақ халқы, оның Отаны – Қазақстан мемлекеті өмір сүргенде, халықтың 
ба қытты, мемлекеттің баянды болуына зор еңбек еткен Немат Келімбетов сынды 
қадірлі ғалымның ардақты аты өшпейді, еңбектері мәңгі жасайды.
10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет