Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Есім Ғ. Өмір сүру дегеніміз – өмірді түсіну



Pdf көрінісі
бет7/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196
Есім Ғ. Өмір сүру дегеніміз – өмірді түсіну 
Ғ. ЕСІМ
ӨМІР СҮРУ ДЕГЕНІМІЗ – ӨМІРДІ ТҮСІНУ 
Сөз бен сенімге Немат Келімбетовтей берік адамды, мен өз ғұмырымда 
кездестірмедім. 
Сөз әуел баста болған феномен. Сөзді ұстау және сөздің қадірін бағалай біліп, 
оны өмірдің мағынасына айналдыру дегеніміз адамның Жаратушысымен, жа-
ратылысымен тұтастығы деген мәнді білдірмек. Хакім Абай: 
«Әуелі аят, хадис 
– сөздің басы, Қисынымен қызықты болмаса сөз, неге айтсын Пайғамбар мен 
оны Алласы»
- деген. Аят – сөздің басы. Ол Алла сөзі, Жаратушымыздың сөзі. 
Сондықтан сөзге жетер құдірет бар ма? Әрине, жоқ. 
Хадис – пайғамбар сөзі, яғни аятты насихаттау деген мағына. 
Сөз қисынымен қызықты. Қисын деген өмір сүру формуласы, сондықтан ол 
қызықты. Қызық дегеніміз адам ғұмыры. Ғұмырдан өзге не қызық болуы мүмкін. 
Олай болса, Алла сөзі және пайғамбар хадисінен асқан қандай үлгі, құндылық 
бар, дәстүр бар. Осы дәстүрді Немат мырза берік ұстанған. Ол сөзіне берік. 
Сөзді құрметтеу адамшылықтың өзегі әрі негізі. Тағы да Абайға жүгінеміз. 
Хакім айтады: 
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, артына өлмейтұғын сөз 
қалдырған».
Немат Келімбетов артына өшпес сөз қалдырған жан. 
Сондықтан оның рухы мәңгілік. Ол артынан сөз қалдырған «өлмейтіндердің» 
қатарынан орын алған тұлға. Нематтың сөзі оның жан-толғанысынан, жеке ба-
сынан кешкен қайғы-қасіретінен туындап, өсіп-өнген. Оны жазушы, ойшыл 
еткен осы жағдай. Өзі айтқандай: «Адам басына түскен таудай тауқымет, ша-
мадан тыс ауыр қайғы-қасірет кейде кез-келген жанды еріксіз данышпан етіп 
жібереді екен». Алайда, дүниеде қайғы-қасірет шеккен жандар аз ба? Солардың 
бәрі даналық ой айта алды ма? Әрине, жоқ. Нематтың қайғы-қасіреті, басынан 
өткен жан азабы оның табиғи болмысында тұнып, сыртқа шығу мүмкіндігін 
күтіп тұрған ой легіне өріс ашқан. Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ. Сірә, оның 
жеке басының қасіреті, қайғысы оны ұлғайған арманға бастайтын тағдыры болса 
керек. Кім біледі, егер Немат Келімбетов қасіретсіз, қайғысыз жан азапқа түспей, 
бақытты, тоқ өмір сүргенде осындай ой толқындары дүниеге жарып шығар ма 
еді, шықпас па еді. 
Немат сеніміне берік адам дедік. Сенім деген адамның көзқарасының 
іргетасы. Өмір сүру үшін өмірге сенім қажет. Қысқасы, өмірден түңілмеуі қажет. 
Немат болса өмірге сенген адам. 
Олар адам бойындағы ең қасиетті нәрсе – Сенімге жармасады. Адамдар осы 
сенімнен айырылса не болмақ? Ең қатерлі нәрсе де осы емес пе?! Ешкімге нан-
бай қалай ғана өмір сүруге болады! Бәріміз бір күні өз қабілетімізге өзіміз сенбей 
қалсақ сұмдық қой 
(57-б.).
11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет