Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға



Pdf көрінісі
бет17/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196
Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға
Немат Келімбетовтің қандай қиын тағдырдың иесі екенін барша жұрт біледі. 
Шет жағасын жаңа жұқалап жаздық та.
Біз бұл адамға қандай ісіне болса да разылық білдіретін жөніміз бар дегенде 
нені айтамыз?
Осындай талайлы тағдыр иесі ретінде Немат Келімбетов өз өмірінде ешқандай 
елеулі еңбек, ерен ерлік жасамай-ақ, тек отбасын асырап, балаларын бағып-
қағуға, оқытуға, жақсы тәрбие беруге, елдің елеулі азаматтары етіп шығаруға 
шамасы келумен тоқтаса да біз ол кісіге разылық білдіруге тиісті едік.
Немат Келімбетов оны жасады.
Төсекке таңылып, жылдар бойы сал болып жатқан қаламгердің қайсарлығы 
арқасында, ерекше рух ерлігінің арқасында шаңыраққа береке келді, Немат аға 
мен Қуаныш жеңгенің қос құлыны – Мұхит пен Қайрат сол кез үшін талайдың 
қолы жетпейтіндей оқу орындарында білім алды, халық алдына шығып, атқа 
мінген азаматтарға айналды.
Осындай талайлы тағдыр иесі ретінде Немат Келімбетов өз өмірінде әуелде 
күнкөріс қамымен бастаса да, кейіннен тәжірибелі тәржімеші ретінде ысы-
лып, Саид Ахмадтың, Пірімқұл Қадыровтың, Василь Козаченконың, Лео-
нид Гурунцтың, басқа да авторлардың қалың-қалың романдарын төл тілімізге 
төгілдіріп түсіріп беру арқылы көркем аударма өнерімізге сыбағалы үлес қосумен 
тоқтаса да біз ол кісіге разылық білдіруге тиісті едік.
Немат Келімбетов оны да жасады.
Қуаныш жеңгей ол жұмыстың басталуын былай еске алған: «Ашып қойған 
бетті оқып болған соң келесі бетті ашуға мені шақырады. Оқумен жылжып үш ай 
өтіп кетті. Баспа болса романды аударуға бір-ақ жыл мерзім берген.
– Немат, уақытың өтіп бара жатыр ғой, – дедім бір күні шыдамай.
– Білем ғой, – деді ол. – Бұрын-соңды істемеген жұмысым. Жүрегім дауала-
май жатыр.
– Қайткенде де бірдеңе істеу керек. Әйтпесе, мына екі баланы қалай бағамыз? 
– деп, ағаңды біраз қамшыладым. Ойпырмай, оңашада соны ойласам болды
жүрегім қалтырап, төбе шашым тік тұрады. Қорқып кетем! Ышқынам!».
Сол күндерді Смағұл Елубай былай суреттейді:
«Бойындағы о бастан табиғат берген талантын ояту оңайға түспеді. 
Әншейінде, тірліктің қым-қуыт майданында қалам ұстауға қолы тимей жүрген 
азамат, енді төсек тартып жатып қалғаннан кейін қаламгерлікке біржола, лажсыз 
бет бұрады. Яғни, бұйрық солай болды. Бұ жолға, яғни қаламгерлік жолға оны 
тағдырдың өзі мойын бұрғызбай қақпақылдап айдап әкеліп салғандай. Алай-
да, бес жылға дейін, қолына жан біткенше жазушы қаламын жанында отырған 
жары ұстады. Яғни, жазушының аузынан шыққан әрбір сөзді жанында Қуаныш 
жеңгеміз қалт жібермей қағазға түсіріп отырды. Қаламгерліктің алғашқы азапты 
сапары осылайша көркем аудармадан басталды. Бір кітапты төрт айда екі рет ау-
дарып шықты. Сол аударма үстінде жазушының жазба тіл мәдениеті қалыптаса 
бастады. Әрине, табиғатына Құдай берген талант болмаса төрт ай тұрмақ өмір 
21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет