Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет18/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
бойы қағаз шимайласаң да түк шықпас еді ғой. Жоқ қабілетті ешқандай еңбек те 
оята алмас еді. Немат аға сөйлемдер жатық шықсын деп жеңгейге қолжазбаны 
қайта-қайта көшіртеді. Азаматының бетке алған қаламгерлік жұлдызына иман-
дай сенген Қуаныш жеңгей де шаршауды білмеген. «Қайта көшір» десе қайта 
көшіре берген. Көшірмелердің бәрін қосқанда 20 томдай қолжазба жиналған. 
Адам айтса сенгісіз аласапыран еңбек. Еңбек емес-ау, өмір үшін, алға қойған 
мақсат үшін жанпида ию-қию күрес».
Қаламгердің бұл жазғанына қосымша түсініктеме қажет болмас.
Осындай талайлы тағдыр иесі ретінде Немат Келімбетов өз өміріндегі 
айрықша айқасты көркем прозамен айшықтап, тіршілік үшін күрестің қиямет-
қайым суретін салған «Үміт үзгім келмейді» хикая-монологын жазумен тоқтаса 
да біз ол кісіге разылық білдіруге тиісті едік.
Немат Келімбетов оны да жасады.
Бұл ара, әрине, повесті талдап тұрып алатын жер емес. Сондықтан, біз аузы 
дуалы ағамыздың – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кітап туралы пікірін келтірумен 
ғана шектелейік. Әбең былай дейді:
«Оның «Үміт үзгім келмейді» деген кітабы адамның, нағыз адамның өмірге 
деген ғашықтығының, өмірге деген шеті-шегі жоқ құштарлығының, қайтпас-
қажымас қайсарлығы мен кіршіксіз адамгершілігінің, жан-жары мен бала-
шағасына деген өлшеусіз мөлдір махаббатының ең биік үлгісі дер едім. Бұл кітап 
отыз жылдан астам төсекке таңылып, көз көрінім, қол созым жерге Құдай берген 
қос аяғың, қос табаныңмен жер басып, қарға адым жерге жүріп жетуге де зар 
болған, бірақ жүрек деп аталатын жұдырықтай жұмыр ет кеудесінде «Үмітіңді 
үзбе!», «Үмітіңді үзбе!» деп күндіз-түні алапат бір күшпен соғып жатқан жанның 
ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін үлгі-өнегесі дер едім.
Тағдырдан әділдік іздеген, ақиқат іздеген адам ғұмырының сан тарау жо-
лында жиі кездесетін азап атаулыны жеңу жолын кім-кім де Нематтың осы 
кітабынан таба алады дер едім. Бұл кітап адам-пенде өміріндегі бүкіл қайғы-
қасіретті жеңетін ерлік пен жігерліліктің бір шарайнасы іспетті. Оның тұла
бойында жігерсіздікке, ездікке, тағдырға көнбістікке қарсы тұруға тәрбиелейтін 
бір құдіретті күш бар деуге болады.
Адам баласының рухани мүддесін материалдық мүдденің табанына салып 
беріп жатқан мына италғыр заманда Нематтың өмірге деген махаббаты, мұқалмас 
жігері кім-кімге де рухани азық, рухани нәр, күш-қуат көзі болатынына өз басым 
кәміл сенемін».
Бұл сөздер де түсініктеме талап етпейді.
Осындай талайлы тағдыр иесі ретінде Немат Келімбетов өмірдің қилы 
түйіндерін толғайтын «Қариялар», «Күншілдік» атты терең философияға толы 
эссе кітаптарын жазумен тоқтаса да біз ол кісіге разылық білдіруге тиісті едік.
Немат Келімбетов оны да жасады.
Сөз басында жақында Ыстамбұлдан оралғанымызды айтып едік. Сол жолы 
халқымыздың ардақты азаматтарының бірі Ғарифолла Есіммен сапарлас болдық. 
22




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет