Ә.Ә. Тәжекеев 1, Ж. К. Султанжанов



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата19.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#84687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-сурет – Сығанақ пен Асанас арасында орналасқан қалалар:
1 – Сығанақ; 2 – Ақтөбе; 3 – Жаман Ақтөбе; 4 – Қызылтам
Қызылтамнан солтүстік-батысқа қарай 3 ша - 
қырым жерде
Ақтөбе қалашығы (VIІІ-XIІІ ғғ.)
орналасқан (1-сурет). Зерттеушілер қала-
шықтың екі бөлігі: шахристан және цитаделі 
бар болғанын сипаттайды. Көлемі 80 × 70 м 
болып келген цитадель шахристанның батыс 
бөлігінде орналасқан. Цитадель жос парында 
шаршы пішіндес, биіктігі 5-5,5 м, қабырғалары 
төрт тарапқа қаратылған. Бұрыштарында мұ-
нара қалдықтары сақталған, кірер қақпасы құры-
лыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 
Шахристанның көлемі 170 × 150 м, биіктігі 
1,5-3 м, қабырғалары тараптарға бағытталған. 
Шахристанның сыртын ені 20-30 м, тереңдігі 


176
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
1-1,5 м ор қоршап жатыр. Қалашықтан көп құ-
мыра сынықтары, тастан қашалған диірмен сы-
нығы табылған (Ақтөбе қалашығының ...., 2020).
Бүгінде ескерткіш биіктігі шамамен 5-6 м,
диаметрінің жобасы 150-170 м болатын төбе 
түрінде сақталған. Бірақ, қалашықтың цитаделі 
сақталмаған. 
Жергілікті 
тұрғындардың 
айтуынша, бұл төбеге ашаршылық кезінде 
қайтыс болған адамдар жерленген. Атап өтетін 
жайт, қалашықтың солтүстік бөлігі кейіңгі 
кезеңде қазылған каналмен бұзылған.
Шиелі төрткүлі (VIII-XII ғғ.) Ақтөбе қа-
ла шығынан солтүстік-шығыс бағытта 5,5 
шақырымда, теміржол торабынан 50 шақырым 
жерде жатыр. Ескерткіштің көлемі 80 × 80 
м-ді құрайды және оның бұрыштары әлемнің 
төрт тарабына қаратылған. Сыртқы қамал 
қабырғасының сақталған биіктігі – 1-1,5 м, 
ені 6-7 м болады. Қамалдың батыс, шығыс бұ-
рыштарында және солтүстік шығыс қабыр-
ғасының ортасында мұнаралары бар, олардың 
биіктіктері 0,6-0,8 м-ге жетеді. Төрткүлдің 
батыс бұрышында көлемі 30 × 30 м болатын 
цитадель орналасқан. Цитадельді қоршаған 
қабырғаның ені 5-6 м, биіктігі 0,8-1 м. Өкінішке 
орай, ескерткіштің солтүстік бөлігі жергілікті 
халықтың топырақ алуы себебінен бұзылған 
(Елеуов, Қалиев, 2011: 466).
Жаман Ақтөбе қалашығы (Х-ХІІ ғғ.) 
Бәйгеқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 
6 шақырым жерде (Ақтөбе қалашығынан 
солтүстік-батыс бағытта 6 шақырымда), Шиелі 
өзенінің оң жағалауында орналасқан (1 сурет). 
Қалашықтың шахристан және кішкене цитадель 
бөлігі бар. Қалашықтың бұрыштары бұзылған 
шахристаны жоспарында үшбұрыш пішіндес 
келген, ұзындығы 130 м-ді, биіктігі 2-2,5 м-ді 
құрайды. Цитадель шахристанның оңтүстік 
бөлігінде тұр, оның көлемі 30 × 20 м, биіктігі 
1-1,5 м. Цитадельдің солтүстік және солтүстік-
шығысында көлемі 55 × 25 м, тереңдігі 1-1,5 
м болып келген ойыс жер бар. Ойыста ені 6-8 
м, биіктігі 1-1,5 м болатын қорған қабырғамен 
қоршалған (Елеуов, Қалиев, 2011: 470).
Шиелі ауданы, Балаби ауылынан солтүстікке 
қарай 7,8 шақырым жерде, Нәнсай өзенінің оң 
жағалауында Нәнсай қалашығы (ортағасыр) 
орналасқан. Жоспарында шаршы пішіндес 
болып келген қалашықтың қабырғалары әлемнің 
төрт тарабына бағытталған. Солтүстік және 
оңтүстік қабырғаларының ұзындықтары 160 
м-ді құраса, батыс және шығыс қабырғаларының 
ұзындықтары – 180 м. Қалашықты айнала ені 8-10 
м, тереңдігі 0,5 м ор қоршап жатыр. Жоспарында 
шаршы пішіндес болып келген қалашықтың 
ортасында сақталған құрылыстың көлемі 15 
× 15 м, биіктігі 1,5 м. Қалашыққа кіретін екі 
қақпа болған. Олар оңтүстік және солтүстік 
қабырғаларының ортасында орналасқан (Елеуов, 
Қалиев, 2011: 471-472).
Нәнсай қалашығынан оңтүстік-батыс бағытта 
10 шақырым, Омбай қыстауынан солтүстік-
шығысқа қарай 3 шақырым жерде Омбай 
қалашығы (X-XIV ғғ.) жатыр. Ескерткіш ескі 
өзекпен қоршалған аралда орналасқан. Аралдың 
табиғи пішіні, сірә қалашықтың құрылысына 
әсер етсе керек, қалашық солтүстік-оңтүстік 
бағы тында созылып жатыр. Ескерткіштің көлемі 
265 × 165 м, биіктігі 2-4 м. Қалашықтың орта-
сында көлемі 60 × 45 м, тереңдігі 4-5 м шұңқыр 
бар. Шұңқырдан батыс қабырғаға қарай көлемі 
20 × 8 м, тереңдігі 1,5-2 м арнаға айналған 
ор орнасласқан. Ор су қоймасының қызметін 
атқарса керек. Қалашықтың солтүстік-шығыс 
бөлігіндегі төбенің үстінде бірнеше жекелеген 
үй-жайлардың орны бар.
Ескі арна арқылы негізгі ескерткіштен 
бөлініп жатқан қалашықтың оңтүстік-батыс 
бөлігінің көлемі 120 × 70-90 м-ді, биіктігі 2-1,5 
м-ді құрайды. Көлемі 35 × 25 м, биіктігі 1-1,5 м 
болып келген шағын төбенің үстінде күйдірілген 
кірпіштен салынған құрылыс қалдығының орны 
бар. Бетінде ою-өрнегі бар, көк түсті бояумен 
боялған күйдірілген кірпіш сынықтары табылды 
(Елеуов, Қалиев, 2011: 473-474).
Электронды-ғарыштық карталар бағ дар-
ламаларын пайдалану барысында Омбай қа-
лашығының маңынан (оңтүстік-шығыс бағытта 
500 м жерде) тағы бір қалашық анықталды. 
Ескерткішке шартты түрде Омбай 2 атауы 
берілді. Ол жоспарында дұрыс емес шеңбер 
тәріздес болып келген, диаметрі 120-130 м-ді 
құрайды. Қалашықты қалыңдығы 5-6 м болатын 
қорған қабырға қоршап жатыр. Қабырғаны 
жағалай диаметрі 8-11 м болатын 11 мұнарасы 
бар. Қалашықтың ортаңғы бөлігінде көлемі 40 
× 40 м болатын шаршы пішіндес құрылыстың 
(цитадель) орны байқалады.
Атап өтетін жайт, қазіргі уақытта Шиелі 
ауданындағы Тартоғай мен Ботабай ауылдарын 
қосатын өткел бар. Қалқымалы темір көпірді 
халық өткел ретінде ыңғайлы жерді таңдаған. 
Біздің пікірімізше, ортағасырлық кезеңде де бұл 
орында өткел болған. Себебі, Сығанақтан келген 
керуен, осы өткелден өткен соң, ірі «керуен 
сарайға» (Ботабай төрткүлі) тоқтаған.


177
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
Сонымен қатар, Сығанақ, Бестам, Қызылтам, 
Ақтөбе, Жаман Ақтөбе, Нәнсай, Омбай, Омбай 
2 қалашықтарының тұрғындары осы өткел 
арқылы Сырдарияның сол жағасына, Асанасқа 
қарай қатынаған болуы керек.
Сырдарияны кескен осы өткелдің маңайында, 
Ботабай ауылынан солтүстікке қарай 4,5 
шақырым жерде, Жаңадарияның Сырдарияның 
негізгі арнасынан бөлінетін аумағында Ботабай 
төрткүлі (ортағасыр) орналасқан (2 сурет). 
Ескерткіш шаршы формалы, көлемі 160 × 160 
м-ді құрайды. Сақталған биіктігі 1,5-2 м, қорған 
қабырғаларының қалыңдығы 4-5 м. Кірер 
қақпасы шығыс қабырғасында орналасқан.
Ботабай төрткүлінен оңтүстік-шығысқа қа-
рай 8 шақырым жерде Ботабай қалашығы 
(ортағасыр) бар. Ескерткіш батыстан шығысқа 
қарай созылып жатыр, көлемі – 250 × 185 м. 
Негізгі ортаңғы бөлігі тіктөртбұрыш формалы, 
көлемі 40 × 35 м-ді құрайды. Соның сыртынан 
әртүрлі көлемді төрт ор қоршап жатыр. Кірер 
қақпасы шығыс қабырғасында орналасқан (2 
сурет).
Қатынбаққан қалашығы
 (ортағасыр) Бота-
бай төрткүлінен батыс бағытта 24 шақырым 
жерде орналасқан. Ескерткіш екі бөліктен тұ-
рады. Сыртқы бөлігінің формасы шаршы пі-
шіндес болып келген, көлемі – 100 × 100 м. 
Ішкі бөлігі де шаршы формалы, көлемі 40 × 40 
м-ді құрайды. Сақталған биіктігі – 1 м. Кірер 
қақпасы шығыс қабырғасында орналасқан 
(2-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет