Ә.Ә. Тәжекеев 1, Ж. К. Султанжанов



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата19.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#84687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4-сурет – Сығанақ пен Асанас арасында орналасқан қалалар:
1 – Асанас; 2 – Асанас 2; 3 – Асанас 3; 4 – Ахмет қала
Асанас қалашығынан оңтүстік-шығысқа 
қарай 1,5 шақырымда Ахмет қала (VI-IX 
ғғ.) орналасқан (3-4 суреттер). Ескерткіштің 
формасы шаршы формалы, көлемі 165 × 165 
м-ді құрайды. Қабырғасының сақталған биіктігі 
2-2,5 м, қалыңдығы 5-6 м. Кірер қақпасы шығыс 
қабырғасының ортасынан салынған (Левина, 
1971, с. 45-56).
Асанас ата кесенесі. Асанас мазары Асанас 
қаласының іргесінде тұр, шамамен ХVІІ ғ. 
мерзімделеді.
Кесене өлшемдері 23 × 23 × 5 см құрайтын 
шаршы пішінді күйдірілген кірпіштерден (10 
қатар + 10 жым = 63 см) тұрғызылған. Жос-
па рындағы аумақтық өлшемдері – 7,18 × 8,83 
м. Кесененің алдыңғы қасбеті қатты қирап, 


180
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
күмбезінің бір бөлігі құлаған. Қабырға қаланды-
сына да жарықтар түскен. Бүгінде кесене қайта 
қалпына келтірілген. Ескерткіш призмалық 
қабыққа енгізілген бетше босағалы келген. 
Бетше босаға бастапқы бейнесін жоғалтқан
себебі, тек іргесінің төменгі жағындағы 
қаландының бірнеше қатары ғана сақталған. Ол 
негізгі қасбетімен оңтүстік-батысқа бағытталған, 
түкпірінде, бетше босағаның қабырғасында 
камераға кіретін ағаш есікті кіреберіс ойығы бар. 
Кесене екі сатылы күмбез асты барабанындағы 
күмбезбен тәжделген. Жоспарында дөңгелек 
іспетті болып келген күмбез асты барабанның 
кірпіштері тік, ал күмбезі жеңіл сүйірленген 
жарты шар кескінді және ол қаландыдан шығып 
тұрған екі қатар кірпіштермен белдеуленген. 
Ескерткіштің қабырғалары ішіне қарай аздап 
еңкейген, бірақ сәнделмеген. Ескерткіштің 
барлық периметрі бойынша, еденнен сәл биіктеу 
тұстан бастап, қаландыны тұздалудан сақтайтын 
қамыс төселімінің екі қабаты ұсталған. Камера 
қабырғаларының ортасында бір-бірден жебе 
кескінді аркалы үлкен қуыстар бар. Олардан 
жоғары тромтардың айқын белдеуі орналасқан, 
оның деңгейінде күмбез асты сегіз қырлылық 
құрылған, сегіз қырлылықтың әрбір қырында 
да жебе кескінді аркалы қуыстар бар. Аркалы 
тромптардың қуыстары камера бұрыштарынан 
шығып тұрған үш сатылы кірпіш сталактиттерге 
тірелген қаландылармен толтырылған. Тромптар 
белдеуінен күмбез негізінің шеңберіне өту 
төменгі қатарларының шығарылымы есебінен 
іске асырылған. Камераның еденіне күйдірілген 
кірпіш төселген. Іші сыланбаған. Жөндеу жұ-
мыстары кезінде камераға қалыңдық бас киімі-
сәукелесі бар қабір үсті ескерткіші қойылды.
Асанас мазары Қазақстанның соңғы 
ортағасырлық мемориалды архитектурасындағы 
зерттелмеген кесенелердің бірі ретінде тарихи-
мәдени құндылыққа ие. Сонымен қатар, ол 
композициясындағы жаңалығымен де құнды. 
Біз қарастырып отырған аймақта Оқшы ата 
қорымында оғыз дәуірінің мавзолейлері бар. Ол 
керуен жолындағы ірі пантеондардың бірі.
5-сурет – Сығанақ пен Асанас қаласын байланыстрған керуен жолы мен ірі қоныстардың орналасуы:
2 – Бестам, 3 – Қызылтам, 4 – Ақтөбе, 5 – Шиелі төрткүлі, 6 – Жаман Ақтөбе, 7 – Нәнсай, 8 – Омбай, 
9 – Омбай 2, 10 – Ботабай төрткүлі; 11 – Ботабай, 12 – Қатынбаққан, 13 – Аққорған, 14 – Ахмет қала, 
16 – Асанас 2, 17 – Асанас 3 қалашықтары, 19 – өткел


181
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет