Ә.Ә. Тәжекеев 1, Ж. К. Султанжанов



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата19.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#84687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3-сурет – Асанас қаласының маңындағы ескерткіштердің орналасуы. 
Жоспары Б.В. Андрианов бойынша (Отчеты ..., 1966)
Асанастың оңтүстік іргесінде, Іңкәрдарияның 
солтүстік сағасы табанынан Асанасөзек немесе 
Тораңғылысай атауымен белгілі магистралды 
канал бар. Бұл канал тиісінше Іңкәрдарияның 
барлық иіндерін немесе бұрылыстарын ұқсас 
қазылған. Каналдың көлемі ескі арнадан бірнеше 
рет кіші, жағаларының аралығы 10-15 м-ге, 
тереңдігі 3-5 м-ге жетеді. Кейбір жерлерден 
шығыр шұңқырларының, бөгеттердің және 
басқа да жасанды суландыру құрылыстарының 
іздері кездеседі. Орғасырларға және кейінгі ор-
та ғасырларға жататын егістік алқаптар осы 
каналдар арқылы суғарылған. Шамамен 60 
ша қырымға созылатын бұл канал Сырлытам 
қала және Заңғар қала оазисіне дейін жетеді. 
Асанас қалашығы маңында бірнеше қала тип-
тес ірі қоныстар орналасқан. Олардың айна-
ла сында ирригациялық желілердің барлығы 
осы Асанасөзек магистралды каналы арқылы 
суландырылған.
Асанастан батыс-солтүстік-батыс бағытта 
750 шақырымда жоспары төртбұрышты Асанас 
2 қалашығы орналасқан (3-4 суреттер). Оның 
Асанаспен салыстырғанда жоспарында және 
бекініс жүйесінде айырмашылықтары бар. 
Атап айтқанда дуалдарының биіктігі бір метр 
шамасында ғана сақталған және сыртында ор 
қазылмаған. Көлемі 220 × 210 м, ішкі бөлігінде 
құрылыс іздері жақсы байқалады (Тәжекеев 
және басқалары, 2021).


179
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
Асанасқа қарағанда беткі қабатындағы 
табылған заттар аз. Қалашықтан жинап алынған 
қыш ыдыс қалдықтарының мерзімі шамамен 
VI-VII – XV ғғ. аралығын қамтиды. Төменгі 
қабаттарында одан да ерте кезеңнің жәдігерлері 
кездесуі мүмкін. Қыш ыдыстардың фрагменттері 
бойынша олардың басым көпшілігі жапсырмалы 
әдіспен жасалып бай өрнектелген, жанкенттік 
элементерге ұқсас келеді. Қабырғасы мен мойын 
бөлігінде саусақпен батырып қысу іздері бар үлкен 
ыдыстардың (хұмдар) ернеулерінің сынықтарын 
VII-IX ғғ. мерзімдеуге болады. Оларға ұқсастық 
Жанкент қалашығының және Хорезмнің афри-
гидтік керамикаларынан кездестіруге болады. 
Осы уақытқа ертеортағасырлық хорезм кера-
микасына (Көне-уаз ортағасырлық жапсыра 
салған қонысы, ІХ ғ.) және түркі-соғды кезеңінің 
жетісулық керамикасына ұқсас ойылмалы 
әдіспен өрнектелген керамикаларды да 
жатқызуға болады. XI-XII ғғ. және Алтын Орда 
кезеңіне аздаған жылтыр керамикасы кездеседі.
Асанас қалашығынан батысқа қарай 3 ша қы-
рым жерде Асанас 3 қалашығы орналасқан. Бұ-
ныңда жоспары төртбұрышты, монғол кезеңінен 
кейіңгі керамика (XIV ғ. бергі) көп кездеседі. 
Қалашық ескі арнаның сол жағалауына жақын 
орналасқан. Қалашықтың көлемі 350 × 350 м. 
Қа бырғасының биіктігі – 1-1,5 м, ені – 1,5 м ай-
налдыра ор қазылған. Ішкі бөлігінде тұрғын үйлер 
құрыстарының ізі анық көрінеді (3-4-суреттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет