Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
81
мен құбылыстарға әсер ету жағынан 
алғашқы орында. Бұл ғаламат 
күшті тәрбиелік маңызда пайдалану 
бірқатар шектеулерге тап болуда. 
Оның алғашқысы жастардың контент 
таңдаудағы дербстігі болса, екіншісі 
тәрбиелік маңызға ие контенттің аз 
болуы. Сонымен қатар, кітап бетін 
тек мектеп табалдырығында ашуды 
меңгерген жастар, сабақтан тыс уақытта 
әлеуметтік желілер әсеріне тап болуда. 
Бұл бағытта біздің ойымызша мынадай 
шаралар қолға алынуы тиіс. Отбасы 
тарапынан балалардың техникалық 
құрылғыларды қолданудағы мөлшерінің 
болуы, мектеп тарапынан – «100 кітап» 
жобасының мотивациялық ықпалын 
қарастыру, қоғам тарапынан балаларға 
тәрбие берер қарым-қатынас орнату
ал мемлекет балалардың әлеуметтік 
желілерден босаған уақытын қамту 
мақсатында өнер кружоктарын, спорт 
секцияларын және ең бастысы теледидар 
мен кітап беттері арқылы берілетін 
материалдардың тәрбиелік маңызына 
ерекше көңіл бөлу.
Әдебиет және кино тұлғаның 
қалыптасуына ықпал ететін ерекше 
құрал. Бала кезінен кітап беттерінен 
қоршаған орта туралы білім алатын 
жас ұрпақтың санасына алған әсерлер 
өмір бойында ықпалын тигізеді. 
Цифрлық технологиялардың дамуы 
өнердің ең жас түрі кино саласына 
ерекше назар аудартуда. Сол кітап 
беттеріндегі романдар мен повестьтердің 
экранизациялануы ең тартымды 
жанрлар қатарында. Оның басты себебі
шынайлық пен ашықтық. 
Қазіргі заманғы қоғамның сандық 
технологиялар дәуіріне аяқ басу 
жағдайында кино әлемнің бет-бейнесін 
құрастыратын, құндылықтар дүниесін 
дәріптейтін, көрерменнің мінез-құлқы 
мен жүріс-тұрысына әсер ете алатын 
ықпалды бұқаралық ақпарат құралына 
айналуда. Бұл ғылыми зерттеу арқылы 
фильмдердің жастар тобына әсер етуінің 
өзекті мәселесі көтеріліп, олардың 
қарттар бейнесін сомдау арқылы қоғам 
ішінде жағымды пікір қалыптастыру 
идеялары көтерілді. «...киноның 
психологиялық әсері бар. Шынында 
да, киноның әсерінен күлімсіреу немесе 
көз жас, қуаныш немесе қайғы, толқу 
немесе тыныштық сезімі туындаған түрлі 
сезімдер мен эмоциялар пайда болады» 
(Букина 4).
Қазақстандық кино өнерінде соңғы 
кезеңде көңіл толарлық киноленталар 
көптеп түсірілуде. Оған Республикамызда 
2019 жылы 03 қаңтарда қабылданған 
«Кинематография туралы» заң да әсер 
етті. Осы заңның преамбуласында: 
«әлеуметтік маңызы бар фильмдер –
қоғамның патриоттық, рухани-
адамгершілік, зияткерлік және мәдени 
әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты 
тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның 
ішінде тарихи фильмдер» (7), делінген. 
Яғни өскелең ұрпақтың санасына 
тәрбиелік ерекшелігімен ықпал 
ететін киноленталарға ерекше назар 
аударылатындығы белгіленген.
Бұл мәселе Президентіміз Қасымжомарт 
Тоқаевтың да ерекше назарында. 
Қазақстан Президенті сапалы әдеби 
туындылар мен кинофильмдердің 
жарық көруін бірқатар тұлғалармен 
үнемі талқылауда. Олардың қатарында 
жазушы-драматург Смағұл Елубай
Қазақстан кинематографистер одағының 
төрағасы Ермек Тұрсыновта бар.
Қарт адамның телеэкран арқылы 
бейнесін сомдаған киноленталар 
қатарына соңғы жылдары жарық көрген 
«Шал», «Шырақшы», «Многодедный», 
«Анаға апарар жол» фильмін жатқызуға 
болады. «Шал» кинотуындысын бұқара 
халыққа ұсынар алдында Ермек Тұрсынов 
кинолентаның ойлау және талдауға 
бейім адамдарға арналатындығын басып 
айтқан. Э. Хэмингуэйдің «Шал мен
теңіз» шығармасынан туындаған 
кинолентаның, терең философиялық мәні 
бар. Адам рухының күшін бейнелеген 
шал образы бүкіл қазақ халқының өмір 
салтымен байланыстырылады. Табиғат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет