Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
dauren, 420-Другое-2112-2-10-20210721

Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
83
қоймайды. Бұл тақырыпты көтерген 
режиссер өз фильмін комедия жанрында 
ұсынғанымен, жастардың назарын аудара
біліп, өзекті мәселе төңірегінде ой тарқата
білді. Әрине коммерциялық киноның 
әлсіз жақтары да жеткілікті, дегенмен 
қазіргі жастар тіліне келтірілген фильмнен
болашаққа сабақ алатындай үлгісі 
де жетерлік. «Комедиялық жанрда 
түсірілген киноленталар эмоционалды 
бәсеңсу мен демалу құралы ретінде 
танылғанымен, көзқарастар мен 
мақсаттардың өзгертуіне ықпал ете алады» 
(Кубрак 180).
Хабар агенттігінің қолдауымен 
түсірілген «Қария атты» телехикаясы 
қарттар үйіне қатысты мәселені ең 
жоғары деңгейде көтеріп, шынайы 
өмірден алынған оқиғаларды қамтыды. 
Телефильмнің режиссері Асхат 
Мұсабайдың айтуынша, бұл жоба
ата-әжелерін қарттар үйіне өткізу туралы 
ойлап жүрген азаматтардың орайынан 
қайтуына септігін тигізеді деген үмітпен 
түсірілген (Өрісбай). 
Жалпы, дәстүрлі қазақ қоғамында 
қарттар үйі деген ұғымның өзі болмаған. 
Бұл үдерістің себебі, жаһандану мен 
батыстандыру үрдісінің етек алуында. 
Абай аталарының шығармалары негізінде
емес, батыстық бестселлерге негізделген 
тәрбие алған жастар «ешкім ешкімге 
міндетті емес» деген ұстанымды жалау 
ететін болды. Айн Рэндтің әлемге әйгілі
шығармасы «Егер ол өзінің байлығын өзі
тапқанын және оның өзіне және тек өзіне
тиесілі екенін ешқашан ұмытпаған 
болса....» (Рэнд 54) сияқты философиялық
тұрғыда адам психологиясына терең, 
астыртын әсер ететін цитаталарға толы. 
Бұл шығармамен қуана танысып жатқан 
қазақстандық жастарда еңбекқорлық 
пен жетістікке жету ұстанымымен қатар, 
«мен ешкімге ешнәрсе міндетті емеспін» 
ұстанымының қалыптаспауына кім кепіл. 
Әлі қалыптасып үлгермеген жас тұлға 
психологиясына капиталисттік қоғам 
кертартпаларын кім түсіндіріп бере 
алады. Сондықтан да, жастарымызды 
өзіміздің төл әдебиетімізбен таныстыру 
арқылы тәрбиелеу, қанымызда бар салт-
дәстүрлерімізді сақтап қалудың, ұлттық 
кодымызды табудың кепілі.
Атақты қазақ жазушысы Төлен 
Әбдіқовтың қылқаламынан шыққан 
«Әке» повесті жастық пен кәрілік 
тақырыбын одан әрмен дамытып, өмірдің 
санаулы сәттерін сипаттау арқылы 
оқырман санасына ой салады. Әрдайым 
өмірдің мәнін алдағы болашақтан іздейтін 
жас ұрпақ бір сәтке уақыт ағымын 
тоқтатып, өткен өмір мен алдағы уақытқа
1 кесте. Қазақ өнерінде қарт бейнесін сомдаудың тәрбиелік мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет