Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
dauren, 420-Другое-2112-2-10-20210721

Нәтижелер
Бүкіл әлемде орын алып жатқан 
халықтың қартаю үдерісі қайтарымсыз 
үдеріске айналып бара жатыр.
Бұл демографиялық өзгеріс қоғам 
өмірінің барлық салаларына ықпал етеді. 
Еңбекке қабілетті адамдар санының күрт 
төмендеуі барлық елдер алдында зейнет 
жасын көтеру мәселесін қоюда. БҰҰ да 
қоғамды жаңа шынайылыққа бейімдеу 
мәселесі төңірегінде іс-шаралар тізімін 
даярлау үстінде. Қарттықты мықты 
денсаулығымен, бай тәжірибесімен 
қарсы алу басты мәселеге айналуы тиіс. 
Мемлекеттерге берген ұсынысында 
БҰҰ бірқатар маңызды мәселелерді алға 
қоюда. Олардың қатарында – қартаю 
мен кәрілікке деген қоғам мүшелерінің 
көзқарасын өзгерту, адамдардың
өз денсаулығына деген күтімін арттыру, 
дұрыс қартаю мәселесін алға қою, 
қоғамда егде жастағы адамдардың 
әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау
медициналық-әлеуметтік мекемелерде 
қарттарға қажетті көмек сапасын еселеу. 
Бұл іс-шараларды жүзеге асыруға 
қоғамның барлық институттары белсенді 
атсалысуы қажет. Қарттардың бейнесін 
білім мен ағартушылықтың көзі ретінде 
аңғарту, олардың бай өмірлік тәжірибесін 
қоғамның дамуында қолдану мемлекет 
пен қоғамның міндеті. 
Қартаюға оң көзқарасты 
қалыптастыру, яғни толеранттылық 
таныту – бұл ұрпақтардың қоғамдағы 
үйлесімді өзара әрекеттесуін, егде 
жастағы адамдардың қартаюға әлеуметтік 
бейімделуінің ұтымды бағыттарын 
анықтау мүмкіндіктерін, жастардың 
болашақта өздерінің де қартаю мәселесін 
сындарлы қабылдауын қамтамасыз 
ететін тетіктердің бірі. «Қартаюға деген 
толерантты көзқарас кем дегенде үш 
нысанда көрінеді:
1. Жас ұрпақ немесе жалпы қоғам 
тарапынан егде жастағы және қарт 
адамдарға деген толеранттылық;
2. Егде және қарт адамдардың өз 
қартаю фактісіне толеранттылығы;
3. Жас және орта жастағы 
адамдардың болашақ қартаюына 
деген толеранттылығы (Сергеева 4).
Ерте ме кеш пе қартаю үдерісі әр 
адамның өмірінен орын алады. Қарттыққа 
бейімделудің қаншалықты жеңіл өтетіндігі 
отбасы мүшелеріне байланысты. Алайда, 
көп жағдайда бұл көмек материалды 
қолдаумен шектеледі. Қазіргі заманның 
тәрбие көзіне айналған ғаламтор қоғамда 
орын алатын қатынастар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет