Centr al Asian J ournal o f Art Studie s V
olume 6. Issue 2. 2021
78
Кіріспе Б
үгінгі таңда жер бетін мекендеген
адамдардың 1 милиардқа жуығы
60 жас межесін еңсеріп, қарттыққа
бейімделу үстінде. Ол адамдардың
басым көпшілігі материалдық жағдайы
төмен елдердің тұрғындары. Әлеуметтік-
экономикалық өзгерістердің онсыз
да күрделі нәтижелерін бағындыра
алмаған егде жастағы адамдар бүгінгі
таңда коронавирус індетінен жапа шегіп
жатқан халықтың қалың тобының
бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының жіктемесіне сәйкес 18 бен
44 жас аралығындағы адамдар – жас
адамдар тобына, 45–59 жас аралығындағы
адамдар орта жас мүшелері, 60–74 жас
болса егделік кезең болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында орта өмір
сүру жасы 68,5 жас (2021 жылғы
мәлімет) болып белгіленгендіктен,
бұл топқа кіретін адамдар тобының
әлеуметтік жағдайын зерделеу өзекті
мәселеге айналып отыр. Әрине ДДҰ
кәрілік (75–90) және ұзақ өмір
сүрушілер (90-нан жоғары) межесіне
жететін адамдар тобын да жеке бөліп
қарастыруда. Дегенмен, Қазақстан
Республикасында ондай адамдар тобы
көп емес. Ұлттық статистика бюросының
мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда
елімізде 2 млн-нан астам зейнеткер бар.
Олардың 1/2 пайызы денсаулығына
байланысты қажетті әлеуметтік-
медициналық көмекті үйден алуда.
Қоғамдағы қарттарға деген
көзқарастың жағымды ұстанымда
болуы көп факторларға байланысты.
Отбасы, бала-бақша, мектеп және басқа
да әлеуметтік институттар болашақ
ұрпақтың білімі мен мәдениетін ғана
жоғарылатып қоймай, сол жас ұрпақтың
қарттардан үлгі-өнеге алып, ұрпақтар
сабақтастығын қамтамасыз етеді. 90-шы
жылдардағы орын алған күрделі
өзгерістер бұл сабақтастық тамырына
балта шауып, құндылықтар дүниесіне
жаңа көзқарастар туғызды. Алдымен
саяси аренада алып одақтың ыдырауы,
тізбектеле орын алған экономикалық
құлдырау және әлеуметтік тұрмыстың
төмендеуі халықтың барлық тобының
алдына жаңа жағдайға бейімделу міндетін
қойды. Бұл жағдай қарттарға ерекше
ауыр тиіп, тек қана қартаюға ғана емес,
қоғамға бейімделу жағдайын туындатты.
Әлеуметтану, психология, физиология
және биология ғылымдарының зерттеу
объектісіне айналған қарт адам жаңа
экономикалық формацияда тәуелді
тұлғаға айналып, қоғамның ерекше
құрметке лайықты мүшесіне емес,
экономикалық ғылым анықтағандай,
қоғамда белсенділігін жоғалтқан және
экономикалық ауыртпалыққа айналған
субъектілер қатарына жатқызылуда.
Қоғамда қарттыққа және қартаюға
теріс көзқарастың қалыптасуы көбіне
батыстық мәдениеттің экспансиясымен
байланыстырылады. Дәстүрлі қазақ
қоғамына жат қарттар үйі санының
күрт өсуі де құндылықтар дүниесінің
алмасуымен ерекшеленеді. Ал біз
сан ғасырлар бойы «қариясын
сыйлаған, жетімін жылатпаған, жесірін
оны мүлдем жаңа әлемде мақтанышпен алып жүреді. Ата-бабалар дәстүрін құрметтейтін,
қоғамның қарт мүшелеріне құрметпен қарайтын, елдің материалдық және рухани мәдениетімен
таныс және оны мемлекеттіліктің негізі деп санайтын жастарға елдің болашағын сеніп тапсыру
басымдыққа айналуы керек.
Тірек сөздер: қарт адамдар, жастар, өнер, әдеби шығармалар, кино, тәрбие, ұлттың
мәдени коды.
Дәйексөз үшін: Тауенов, Қанатбек және басқа. «Өнердің егде жастағы адамдардың қартаю
құбылысына бейімделуіне әсері». Central Asian Journal of Art Studies, т. 6, № 2, 2021, 77–92 б.
DOI: 10.47940/cajas.v6i2.420.