Егемкулов нурлыбай аликулович


Сүт ыдыстары мен жабдықтарға қойылатын талаптар



бет39/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102
Сүт ыдыстары мен жабдықтарға қойылатын талаптар.

  • Жуатын және дезинфекциялайтын заттар, жіктелуі, қойылатын талаптар, оларды дайындау, сақтау, пайдалану тәртіптері мен тиімділігі.


    Сүт ыдыстары мен жабдықтарына қойылатын талаптар



    Сүт ыдыстары мен жабдықтарына, сауу аппараттарына қойылатын талаптар, оларды залалсыздандыру. Сапалы сүт дайындауда сүт ыдыстары мен жабдықтарының тазалығымен қатар, сауу аппаратының тазалығы да маңызды орын алады. Сауу машиналарын және оның жабдықтарын жұмыс аяғында жуып, оқтын-оқтын залалсыздандыру қажет. Сүт таза болса, одан алынатын май да таза болатынын ұмытпау керек.
    Сүт жабдықтарын шаюға, сондай-ақ жуатын немесе залалсыздандыратын суға қойылатын талап ауыз суға қоятын мемлекеттік стандарт талабымен бірдей. Кальций содасы — ақ түстi, ұсақ кристалды ұнтақ, ол суда жақсы ериді. Оның 2-5% -дық ыстық ерітіндісі мен сүттің майы мен ақуызын жақсы жууға болады. Ыстығы 30-40°С-қа дейін төмендеп кетсе, оның жуу қабілеті нашарлайды. Сондықтан да сауу машинасын және сүт ыдыстарын жуу үшін оның 0,5% -дық ыстық (50-60 ос) ерітіндісін пайдаланады.
    Силикаттар. Сауу жабдықтарын жууға натрий силикаты мен метасиликатын қолданады. Демек, металдардың мүжілмеуі үшін силикатты жуу ұнтағына қосады. Силикатты сауу жабдықтарын жуу үшін дербес пайдалануға да болады. Силикаттың жуу қасиетімен қатар залалсыздандыру қасиеті де бар. Онымен дәріленген ыдыс үстінде ешқандай дақ қалмайды. Силикатты кальцийленген содаға қосып пайдаланғанда алюминий онша көп мүжілмейді.
    «Прогресс» — кара сары түсті ұнтақ, өзінe тән жеңіл ғана иici бар, су ішінде жақсы ериді, бірaқ та коптеген көбiк пайда болады. Сауу аппараттарын жуу үшін оның 0,05-0,1% -дық ерітіндісін пайдаланады. Оның 0,1% -оның дық ерітіндісі алюминийді мүжімейді, қолдың тepiciн тітіркендірмейді. Сауу аппаратын дәрілеп болғаннан кейін сумен шайқағанда оның қалған қалдығы сүт ішіне түскенмен, ол сүттің қасиетіне ешқандай әсер етпейді. Ондай сүт зиянсыз.
    Жуу қоспалары — А, Б және В ұнтақтары сауу машиналары мен кондырғыларын және сауу жабдықтарын жауып, тазалау үшін кеңінен қолданылып келеді. Сүттің тазалығы — сапалы май және баска да сүт татамдарын алуда шешуші орын алады.
    Залалсыздандыру жасауға 2-3% -дық хлорлы әктің мөлдір ерітінділері пайдаланады. Ерітіндіні даярлау үшін 98 л суға 25% хлоры бар 8 кг әк қосады, ерітіндіні ағаш кеспекте даярлап, ол тұнғаннан кейін бетіндегі мөлдір ерітіндіні қалқып құйып алып, оған 10 л су қосып, сонымен сауу жабдықтарына залалсыздандыру жасайды. Ерітіндіні салқын түрінде пайдаланады. Хлорлы әкке күкipт пен тұз қышқылдарын қосса, оның бактериоцидтік әcepi едәуір артады. Хлорлы әктің ерітіндісімен аппараты дәрілеудің алдында сауу жабдықтарын жақсылап жуады.
    Кальций гипохлориті — суда оңай еритін, сусымалы ақ ұнтақ. Оның құрамында 47-52 % белсенді хлоры бар. Сондықтан ол залалсыздандыру жасауға хлордан гөрі пайдалы. Сақтауға өте төзімді келеді,ал зауыттан тeмip бидонның ішінде сақталған түрінде шығарылады, 5 жылға дейін күшін жоймайды. Осы мерзімнің ішінде оның хлорының мөлшері 8%-ға кемиді.
    В хлорамині — аздаған хлор бар ақ немесе сарғыштау келген майда ұнтақ, суға ериді, ыстық суға (50-60 оС) тіпті жақсы ериді. Құрамында 27-29 % хлор бар. Хлораминнің жақсылығы — оның 0,5 % ерітіндісінің металл, былғары, резеңке және маталарға зияны болмайды. Сырланған немесе боялған нәрселерді бүлдірмейді. Кісіге зәpi хлордан аздау болады.
    Қышқылдар сауу аппаратында тас болып қатып қалған сүт қалдықтарын кетіруге пайдаланады. Сауу жабдықтарын жуатын ерітінді сілтісі, судың тұзы және сауу аппаратын жабысқан сүт қалдығы – барлығы қосылып тастай болып катып қалады, оны «сүт тасы» деп атайды. Сауу аппараттарын айына 1-2 рет фосфор, тұз қышқылдарының «жуас» (1%) ерітіндісімен, 3-4 жұмада бір рет тұз, фосфор кышқылының 0,1% немесе 0,2% cipкe қышқылының ерітіндісімен жуып отырады. Таза қышқылдар оте қауіпті, тиген жерін ойып түседі, сондықтан оларды үлкен сақтықпен пайдалану керек.

    Дәріс №14.


    Тақырыбы:
    Ферма сүтханасы, міндеттері.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет