соятын пункт - сойылған малды етке өңдеуде, оларды белгілі бір орынға жинақтауға мүмкіншілік жасайды да, осы себептен малды сойғанда, үшасын мүшелегенде ветеринарлық-санитарлық қадағалауды көне сойыс өнімдерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мал соятын орындарды ұйымдастыру, малдәрігер қызметкерлерімен жеткіліксіз қадағаланатын және де алынған өнімдер тамақтыққа пайдаланғанда қауіпті болатындай етіп мүмкіндік жасайтын, әрбір қора-аулада союды жояды. Қора-аулада сойғанда, көптеген бағалы сойыс өнімдері шығынға ілігеді, тері шикізаты төменгі сапалықпен тапсырылады. Ет және ет өнімдерінің сапасы, оларды алу әдісіне және алынатын жағдайына тура байланысты екені белгілі. Мысалы, ешқандай тәжірибесі жоқ кездейсоқ жұмыскерлерді қатыстырып мал союды ұйымдастырған жағдайда, қашанда болса санитарлық талапқа сай келмейтін төменгі сапалы ет болып алынады.
Демек, ауыл жерлерде мал соятын орындарды салу, белгілі дәрежеде мемлекеттік өнім өндіруде өзекті мөселесін шешуде мүмкіндік туғызады, одан қала берді барлық түрлі шаруашылықтарда мал союға қолайлы жағдай жасайды. Мал сою орындарды типтік жобамен салады, негізгі типті мал сою орындарының мінездемесі 27-кестеде көрсетілген.
Кесте 27 - Негізгі типті мал сою орындарының мінездемесі
Мал сою орындарының жұмыста табысқа жетуі, көбінесе оларді салуға таңдалынып алынған жерден, сойыс малдарын союға әкелут жайлы жағдайдан және т.б. байланысты.
Мал сою орындарын кешен сыртына, тұрғындар үйінен, қораларынан, жайылымнан, су қоймаларынан жүретін жолдардаң шықтығы кем дегевде 500 метрдей және соғатын желдің бағыты да сьір» болатындай етіп жайғасырады. Шаруа, кооперативтік жөне де басқ» меншіктес ауылшаруашылық өндірістерде, мал сою орындарын вете. ринарлық объектілерінің мемлекеттік технологиялық жоспап нормасымен қальштастырып салуы абзал. Салуға бөлінген учаске тегісті, жазғытүрғы ағым судан қорғаланатындай болуы қажет. Ол үш қыраттау келген, жақсы желденетін, мал тосып (айдап) әкелуге алынған өнімді шығаруға, ыласты жөне ет өндірісінің қалдықтарьщ тазалауға ыңғайлы орынды таңдайды. Барлық учаскені, биіктігі 2 метрден кем емес етіп тақтайлап қоршайды.
Мал соятын пунктінің ауласында ыласты жыйнайтын су өтпегііқ тығыздап жабылатын қақпақты жыйнағыш жабдықталынады және ол өндірістік үйлерден қашықтығы 30 метрден кем емес болып жайға-стырылуы өте дұрыс. Өндірістік суды тазарту үшін май аулағыш салынады, одан соң су жергілікті тазартқыш мүнараға жіберіледі. Мал жыны шұңқыры деп -ішінде темірлі контейнерлі темір бетонды қабылдағышты айтады. Көтеретін жүйенің көмегімен, ішіндегі мал жынын төгу үшін өзі төгетін автокөліктің шанағына көтереді.
Мал сою орнына салынған үй жеткілікті жақсы, барлық ауданға біркелкі түсетін жарық көзілі және қабылдағыш - сорғыш (әсіресе көп мөлшерде бөлінетін газ, бу, шаң орындарда) вентиляциялы болуы қажет. Жабдықтарды жайғастырғанда, оларды жеңіл тазалауға және дизенфекция жасауға жағдай жасалынуын да ескеру керек. Май қорьпу және ет пісіретін қазандарды, өнім сақтайтын ыдыстарды, басқаша жабдықтарды тот баспайтын темірден жасайды. Бұл үшін цинктелген темірді пайдалануға, жабдықтарды және саймандарды қорғасын ак түстес бояумен, ия болмаса жосамен (сурик) бояуға болмайды. Бояу үшін залалсыз, тот басуға қарсы тұратын лактарды қолданады.