Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


a) шағын көлемді эпикалық жанрлар: миф, аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, новелла, эссе, очерк, фельетон, памфлет



бет114/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

a) шағын көлемді эпикалық жанрлар: миф, аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, новелла, эссе, очерк, фельетон, памфлет.
Миф - көне аңыз, әңгіме. Миф табиғат құбылыстарын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейді. Ең алғаш Грекия мен Римде пайда болған.
Мысал - андар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі ететін шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тағылымды шығарма.
(Таным дерек: Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталады. Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті. Бұл әдебиетте нәзирагейлік тәсіл деп аталады. А. Байтұрсынов Крыловтан аударса, Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзоптан, Рим мысалшысы Федрден аударған. Ғалымдардың пікірінше, Крыловтың 33 туындысы аударма екен. )
•Мысал ұғымына сәйкес келетін жауап: (Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын өсиеті бар, аллегориялық тәсілмен жазылған шығарма)
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Онда аса маңызды деген қысқа оқиға суреттеледі. Кейіпкерлері көп болмайды. сюжет желісі бір арналы ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған - Ы. Алтынсарин.
Новелла - қара сөзбен жазылған шағын прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Оқиғасы қызу, ширақ дамын, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме,Новелланың әңгімеден айырмашылығы онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.
• Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме: (Новелла)
Эссе - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның. публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Эссе жанрының негізін салушы - XVI ғ. екінші жартысында өмір сүргенфранцуз философы М. Монтень.
a) орта көлемді эпикалық жанрлар: повесть, поэма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет