Повесть (хикаят) - баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Көлемі жағынан әңгімеден үзақтау, романға жақындау болады. Бірақ романдағыдай қат-қабат шиеленіскен оқиғалар тізбегі бола бермейді. Оқиғалары жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды. Поэма - орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адамдар тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.
б) кең көлемді эпикалық жанрлар: роман, эпопея.
Роман - Романның түрлері: тарихи роман, роман-эпопея, авантюралық роман, ғажайып оқиғалы роман, детективті роман, психологиялық роман, тұрмыстық роман, педагогикалық роман, сатиралық роман, мемуарлық роман.
Эпопея- бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан-салалы эпикалық шығарма. (М. Әуезовтің "Абай жолы" шығармасы. )
Дилогия -бір-бірімен жалғастырылып, бір идеялық ой-тұжырымдар негізінде жазылған, басты кейіпкерлері ортақ, композициялық тұрғыдан дербес екі шығармадан құралған көркем туынды, ал трилогия – үш кітаптан тұратын шығарма.
2. Лирика - ақынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ілдкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең. Түрлері: саяси лирика, махаббат лириқасы, философиялық лирика, табиғат лирикасы, азаматтық лирика, Арнау, ода, романс, пастораль, сонет, элегия, эпиталама, эпитафия,
эпиграмма, идиллыя да т. б. лирикалық шығармалар тобын құрайды.
Баллада (би әні) - орта ғасырларда роман елдерінің (француз, испан, итальян) поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі, лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін,толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Мазмұны көбінесе тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрін С. Ерубаев бастаған. • Қазақ баллада жанрының көшбасшысы: (Қайнекей Жармағанбетов) • Шағын сюжетті өлеңге тән атау: (Баллада) 3. Драма - сахнаға арналған, оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма. Оқиғасы барынша шиеленісіп, қызу тартысқа құрылады. Кейіпкерлер характері сөздері және қимыл-әрекеттері арқылы танылады. Қазақ драмасын ғалым, академик Р. Нұрғали үш салаға жіктейді: а) қаһармандық; а) саяси-әлеуметтік; б) тариси-гүмырнамалық.