Пейзаж- әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
• "Пейзаж" терминінің мағынасы: (Табиғатты суреттеу) Мінездеме - көркем шығармадағы кейіпкерге тән мінездерін, ой-пікірін, адамдармен қарым-қатынасын, сөйлеу әдебін, ішкі болмысы мен дүниеге көзқарасын, іс-әрекетін жинақтап айту.
Мінездеу - кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі, негізгі арқауы.
Тура мінездеу - бұл автор мінездемесі. Адамды бір сөзбен де мінездеуге болады. Мысалы, сараң болса - Қарабай, аңқау болса - Мырқымбай, өтірікші болса - Судыр ахмет дейміз. Жанама мінездеу - кейіпкерге қатысты құбылыстан мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсету.
•Мінездеменің ерекшелігі: (Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау) • Мінездеу: (Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу) Портрет - адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеу.Диалог оқиғаға қатысушы екі немесе бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі.
"Бісқақ - қазір мен арман бестерге келген, үйлі-баранды, ересек әсігіт, Бұл да әкесі сектлді орта дойлы, қылып шырайлы, жанары шатынап түратын, алакоздеу азамат болып өссін ти…" Жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған суреті; (Портрет) • Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі: (Диалог) Монолог - әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерінен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы, Ішкі монолог - кейіпкердің ішкі ойы, өзіне өзі карата айтылған арнауы: көңіл күй сырын білдіретін эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдың бір түрі.
• Монолог дегеніміз: (Бір адамның ұзақ сөзі) Прототип - әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам, яғни, түпкі тұлға. Мысалы, Ж. Аймауытовтың "Әншi" әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі әнші Әміре Қашаубаев. Типтік образ - көркем шығармада адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары жинақтала суреттеледі. Бірақ жазушы шығармада өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән ең керекті, ең жиі кездесетін іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдерді жинақтап, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Көркем шыгармадағы осындай жинақталған адам образын типтік образ деп айтамыз.
Образ түрлері: романтикалық образ, реалистік образ, эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ, юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ. • Шығарманың кейіпкері деген ұғым: (Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні, көркем бейнесі) Риторикалық сұрау (лепті сұрау) - ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
Балалық өтті, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе? (Абай) Өлең - арнайы шумақ, тармақ, ұйқас, буын, бунақ қалпын сақтаған, кейіпкер көңіл-күйіне неғұрлым терең үңілетін поэзиялық жанр түрі.
Шумақ - өлең жолдарының буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрауы, өлең ішіндегі аяқталған бір ойды білдіретін топталған бөлшек.