Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


ӘНШІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



бет56/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

ӘНШІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Туған жері: қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк қаласы, Жөкей
келінің маңы.
Ақынның жары - Әпіш, балалары Асыл, Ақық, Теміртас, немересі
Мұхаметқали. Біржан араб, парсы, шағатай тілдерін де білген, 70-ке жуық әні
шығарған.
Шығармалары: "Ләйлім шырақ", "Көлбай Жанбай", "Жанбота", "Адасқақ",
"Айтпай", "Ғашығым", "Ақтентек", "Көкек", "Жамбас сипар", "Теміртас", "Алтын
балдақ", "Бірлән", "Бурылтай", "Сырғақты", "Жастар"а" (арнау өлен), "Жақсы мен
жаман", т. б.
Айтысы: "Біржан мен Сара айтысы".
Айтыс негізінде Мұқан Төлебаев "Біржан Сара" операсын жазды.
• Әйгілі әнші, Арқадағы сал-серілік өнердің негізін салушы өнер иесі:
(Біржан сал)
*** Қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын
шығармашылығы мен биік белеске көтерген өкіл(дер): (*Біржан сал;
*Ақан сері)
• Біржан Сарыарқада сайрандап күн кешкен кезін қалай атаған? (Алаш
басындағы тәтті кездер)
• Біржан өміріндегі үлкен, маңызды оқиға : (Абай ауылына баруы,
Абай мен жолығуы)
Тобықты ішіне, Абай ауылына келген сыйлы қонақ: (Біржан сал)
• "Абай жолы" романында Абайдың қонағы болған өнерпаз: (Біржан сал)
• "Абай жолы" романындағы Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен Арқаның
саңлақ әншісі: (Біржан сал)
• Абаймен кездесіп, дос болған әнші ақын: (Біржан сал)
• Абайдың "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" деген өлеңіне ән жазған
сазгер: (Біржан сал)
*** Біржан Қожағұлұлы ән шығарған Абайдың өлеңі: (***Мен көрдім ұзын
қайын құлағанын")
*** Біржан салдың өлеңдері: (*«Айтбай»; *«Ләйлім шырақ")
Біржан салдың өзінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын
шығармалары: (*«Біржан сал»; *«Жанбота»; *«Теміртас»)
Біржан сал Қожағұлұлының "Ләйлім шырақ" өлеңінің шығуына
себепкерлер: (*Көлбай, Жанбай)
Біржан салдың ағайынды Көлбай, Жанбайдың қарындасына шығарған
әні: (*«Ләйлім шырақ»)
"Ләйлім шырақ", "Көкек" әндерінің авторы: (Біржан сал)
Біржан салдың әні: («Көкек»)
Біржан салдың өлеңі: ("Жанбота", "Ләйлім")
• Біржан салдың қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын өлеңі:
(""Жанбота"")
• Біржан салдың "Жанбота" әнінің шығуына себеп болған жайт: (Өткір
ыза)
• Біржанды қамшымен сабаған адам: (Поштабай)
• Азынабайдың поштабайының озбыр қылығына орай туған Біржан салдың
өлеңі: ("Жанбота")
• Біржан салдың қызға арнап жазған өлеңі: ("Айтпай")
Біржан салдың шығармасы: ("Теміртас")
• Теміртас, Қалкен қай әнші-ақынның балалары? (Біржан салдың)
• Біржан салдың "Ақтентек" әні кімге арналған? (Ажарға)
Жаны жомарт Қозыбақ әрекетіне ризашылықтан туған Біржан салдың әні:
("Жайма шуак")
• Біржан сал Қожағұлұлының әні: («Жамбас сипар») (жастық шағын еске
алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашу мақсатында шығарған әні. Туыстары
қартайған шағында науқас жанның ішкі сырын түсінбей қамауда ұстаған уақытына
туған ән)
• Біржан айтыстарының ішіндегі ең шоқтығы биік тұрған айтысы: (Сара
қызбен)
• Орынбай, Сабақ және Нұрғайша, Сара мен айтысқан әнші-сазгер ақын:
(Біржан сал)
Ескерту: "Біржан мен Сара айтысы" туралы "Айтыс" тарауынаа берілді.
• *** Біржан сал өнері дәріптелген шығарма(лар): (*М. Әуезов «Абай жолы
романы; *М. Төлебаев «Біржан - Сара» операсы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет