Дерсехан, Бамсы байрақ - "Қорқыт ата кітабынан")
• Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді, оның қандай тіл екендігі: (Араб, парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі); (ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған)
• Ұлы Моғол империясының негізін қалаған: Мұхаммед Бабыр
• "Жамиғат-тауарих" ("Жылнамалар жинағы") еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайри
• Фирдоусидің кітабы: "Шаһнама"
• "Фирдоусидің "Шаһнамасын" жатқа айтып, "жыршы бала" атанған Сәбит бірте-бірте сауат ашады. " Бұл пікірдің иесі: Т. Әлімқұлов
• Ежелгі түркілер әйел тәңірі деп санаған:Ұмай ананы аңыз бойынша
• Ежелгі түркілер табынған құдіретті күш иесі: Көк Тәңірі
• Араб тілінде "баяндау, әңгімелеу" мағынасын білдіретін ежелгі әдебиет жанры: Қисса
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және түр
көркемдігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді. (Қ. Жұмалиев)
Халқымыздың игі салт-дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз. (Б. Момышұлы)
Ауыз әдебиеті (фольклор) - халқымыздың ауызша шығарып, ауызша тарап отырған асыл мұрасы.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары, ерекшеліктері:
1. Белгілі бір авторы жоқ. Ауызша тарағандықтан заман өте келе алғашқы
шығарушыларының есімі ұмытылып, жалпы халықтық шығармаға айналып кеткен;
2. Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады. (Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян
сұлу" жырының 15 нұсқасы бар делінеді);
3. Синтаксистік қайталаулар, тұрақты ұйқастар, сөздер мен сөйлемдердің,
кейіпкерлер мен оқиғалардың қайталануы жиі кездеседі.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
- тұрмыс-салт жырлары;- батырлар (эпостық) жыры;-лиро-эпостық (ғашықтық)
жырлар;- мақал-мәтелдер;- жұмбақтар, жаңылтпаштар;- айтыс;- ертегілер;- аңыз әңгімелер;- шешендік сөздер;-тарихи жырлар, т. б
• Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр-жазушы: (Мәлік Ғабдуллин)
• Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: (С. Сейфуллин)
• Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым: (А. Байтұрсынұлы)
• Халык ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: ( Қиыншылықты
Достарыңызбен бөлісу: |