Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет14/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жаңа патшалық дәуіріндегі техникалық және технологиялық жаңалықтар?

  2. Жаңа патшалықтың жаулаушылық саясатының алғышарттары?

  3. Эхнотонның діни реформасының мәні?

  4. Кейінгі Египет дәуіріндегі саяси-әлеуметтік үдерістер?



Ү ТАРАУ

ШУМЕР ҚАЛА-МЕМЛЕКЕТТЕРІ





  1. Евфраттың төменгі ағысында реттелген суғару жүйесінің қалыптасуы

Алдыңғы Азияның басқа бөліктерінен адам мүлдем дерлік тіршілік етпейтін шөл даламен бөлініп жатқан аймақты адамдар б.з.д. ҮІ мыңжылдықта-ақ мекендей бастаған. ҮІ-ІҮ мыңжылдықтарда бұл жерде қоныстанған тайпалар өте кедейшілікте өмір сүрді: батпақтар мен күйіп кеткен шөл дала арасын алып жатқан жіңішке жерде өсірілетін сұлыдан көп өнім түспеді. Тек б.з.д. ІҮ мыңжылдық ортасында ғана кейбір жекелеген қауымдар Евфрат өзені бассейнінде рационалды құрғатқыш-суландыру жүйелерін жасауға қол жеткізеді.
Төменгі Евфрат бассейні – шығыстан Тигр өзенімен шектелетін, ал батыстан Сирия-Аравия шөлейтімен шектесетін кең жазық дала болып табылады. Ирригациялық және мелиорациялық жұмыстарсыз бұл жазық егіншілікпен айналысуға қолайсыз, оның кейбір жерлері шөлді дала болып келсе, ал басқа жерлері шыбын-шіркейге толы ну қамыс құрақтар өсетін сазды, батпақты жерлер болып келеді.
Төменгі Месопотамия шегінде Евфрат бірнеше арнаға бөлінген, олардың ішінде ең маңыздылары – батыс немесе Евфраттың өз арнасы және шығыс – Итурунгаль арнасы болды.
Басты арналардың әрқайсысынан б.з.д. ІҮ мыңжылдықта бірнеше кіші каналдар жүргізілді. Оның үстіне бөгеттер мен су қоймалары жүйесінің көмегімен олардың әрқайсысында су жинақталып, керек уақытысында алқаптарға жіберіліп отырылды. Осының арқасында астықтың шығымдылығы артып, өнімді жинау, қорға қалдыру мүмкіндігі туды. Бұның өзі өз кезегінде еңбектің екінші ұлы бөлінісіне, яғни мамандандырылған қолөнердің пайда болуына, сонымен бірге таптық жіктелуге, атап айтқанда бір жағынан, құл иеленушілер табының қалыптасуына, ал екінші жағынан, олардың әр түрлі категориядағы тәуелді адамдарды кеңінен қанау мүмкіндігіне жол ашты. Бұл тұста айта кететін жағдай, каналдарды қазу және оларды тазалауға байланысты ең ауыр жұмыстарды негізінен құлдар емес, міндеткерлік ретінде қауымдастар атқарды: әрбір ересек ерікті адам бұл жұмыстарға орта есеппен жылына 1-2 ай уақытын жұмсады. Негізгі ауылшаруашылық жұмыстарында, яғни жер жырту және егін егумен де ерікті қауымдастар айналысты. Тек мемлекеттік қызметтегі, билік басындағы шонжарлар ғана бұл міндеткерліктерді атқаруға тікелей қатыспады.
Археологтардың Төменгі Месопотамиядағы жүргізген жаппай зерттеулері жергілікті мелиоративті – ирригациялық жүйелердің жетілдірілуімен қатар үлкен отбасылық қауымдардың ұсақ-ұсақ бытырап жатқан қоныстарының тұрғындары номның орталығына қарай жинақталып қоныстануы процесі жүргенін көрсетеді. Мұндай бастапқыда орталықтарда астық сақталатын бай қоймалары мен шеберханалары бар басты храмдар орналасатын еді. Храмдар номдағы артық қорды жинау орталықтары болды, осы жерден храм басқармасының тапсырмасымен алыс елдерге сауда қызметкерлері – тамкарлар жіберіліп отырылды, олар Төменгі Месопотамияның астығы мен матасын ағашқа, металға, құлдар мен күңдерге айырбастап отырды. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың екінші ширегінде басты храм айналасындағы халық тығыз қоныстанған аймақ дуалдармен қоршала бастайды. Б.з.д. 3000-2900 жж. храм шаруашылықтары барынша күрделі әрі ауқымды болып кетуіне байланысты, олардың шаруашылық қызметін есепке алып отыру қажеттігі туындайды. Осыған байланысты жазу пайда болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет