Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет66/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Грек-парсы соғыстары

Б.д.д. VІ ғасырдың соңында көптеген грек полистарында рулық аристократия билігі мен рулық құрылымның қалдықтары жойылды. Осыған орай Грецияда экономика белсенді түрде дамып, әлеуметтік үрдістер жылдамдатылды, мәдениет дамыды. Б.д.д. V ғасырдың басында Грециядағы полистік жүйеге, оның тәуелсіздігіне Ахеменидтік Парсы державасынан қауіп төнді. Ахеменид патшалары ІІ Кир, ІІ Камбиз, І Дарий Кіші Азия, Вавилония, Египетті жаулап алғаннан кейін, VІ-V ғасырларда басқыншылық саясаттарын жалғастыра берді. Кіші Азия жағалауындағы гректердің саудамен айналысатын қалалары оқшауланып қалды, олардың Балкандық Греция полистерімен байланыстары, Қара теңіз жағалауындағы грек полистерімен байланыстарының деңгейі төмендеп кетті. Сонымен қатар, гректердің сауда мәселесі бойынша бәсекелестері финикиялықтар, парсылардың қолдауымен, қалыптасқан жағдайды пайдаланып, теңіз саудасына монополиясын жүргізіп, гректерді Жерорта теңізінің нарығынан ығыстырып шығаруға тырысты.


Осы оқиғаларға дейін, Кіші Азияның батыс жағалауындағы грек полистері көрші Лидия патшалығына номинальді түрде бағынышты болса, парсы жаулап алушылығы барысында Ахеменид билігінің қолдаушылырының қатты қысымына ұшырады. Парсылар Кіші Азиялық грек полистерінің ішкі ісіне араласты, ахеменидтер қолдауымен билік басына келгендер, грек полистеріндегі демократияны тұншықтырды. Осы оқиғалар б.д.д. 500 жылы басталған ионийлік гректердің көтерілісіне алып келді. Парсыларға қарсы көтерілістің орталығы Кіші Азияның батысындағы ірі сауда қаласы – Милет болды. Күш тең болмағандықтан, көтерілісшілер Балкандық гректерден көмек сұрады. Балкандық гректерден тек Афины мен Эретрия ғана 25 кеме жіберіп көмек көрсетті. Өкінішке орай, б.д.д. 494 жылы парсылар Милет қаласын алып, толық талқандады. Қаланың тұрғындары өлтірілді, қалғандарын құлдыққа сатып жіберді. Ионийлік көтеріліс – грек-парсы соғыстарының бірінші сатысы болды және гректердің жеңілуімен аяқталды. Афина мен Эретрияның гректерге қолдау көрсетуі, І Дарийге Балкандық Грецияға жаулап алушылығын бастауына түрткі болды.
Грек-парсы соғыстарының екінші сатысы б.д.д. 492-490 жылдарға келеді. Бұл парсылардың Балкандық Грецияға алғашқы енуі. Б.д.д. 492 жылы парсы әскерлері қолбасшы Мардонияның басқаруымен, Геллеспонттан өтті. Афон бұғазының түбінде дауылдан флоттың қирауына байланысты Фракияны ғана жаулап, Персияға қайтып келді. Б.д.д. 490-шы жылы, парсылар Датис және Артаферн қолбасшыларының жетекшілігімен, теңіз жолы арқылы Эвбей аралына келді. Аралды жаулап алып, Афинаға жақын жердегі Марафон жазығына әскер түсірді. Б.д.д. 490-шы жылы афиналықтар мен платейліктер талантты қолбасшы Мильтиада жетекшілігімен парсылармен болған Марафон ұрысында үлкен жеңіске жетті. Марафон даласындағы ұрыстан жеңілген парсылар Балкандық Грецияны тастап шықты.
Соғыстың үшінші сатысы б.д.д. 480-479 жылдарды қамтиды. Әскери оқиғалар арасындағы 10 жылдық демалысты афиналықтар әскери теңіз флотын құрып, ұтымды пайдаланды. Бұл демократияшыл топтың көсемі Фемистоклдың жетекшілігімен іске асты. Осы уақыттарда І Дарий қайтыс болып, парсылардың билігінің басына Ксеркс келді. Фермопилдің тау жолдары арқылы өтіп, Леонид патшаның жетекшілігімен спартандықтардың қорғауында болған Беотия мен Аттиканы парсылар талқандады. Афина толығымен талқандалды. Бірақ, б.д.д. 480-ші жылы Саламин аралындағы теңіз шайқасында парсылардың іскери флоты афиналықтардан жеңіліп қалды. Келесі жылы Платея түбіндегі ұрыста, парсылардың жаяу әскері де талқандалды. Милетке жақын жердегі Микале бұғазындағы жеңіс гректердің парсыларға қарсы жемісті нәтижелерін бекітті.
Осы ұрыстардың нәтижелері грек-парсы соғыстарының тағдырын анықтады. Парсылар Балкандық Грецияны тастап шықты, гректер әскери қимылдарды Эгей теңізінің аймағы мен Кіші Азияға қарай ауыстырды. Б.д.д. 478-459 жылдар грек-парсы соғысының төртінші сатысы. Осы сатысында парсы үстемдігінен Кіші Азия мен Эгей теңізі арлдарындағы қалалар азат етілді. Бұл сатыдағы маңызды ұрыс Кіші Азияның оңтүстік жағалауындағы Эвримедонт өзеніндегі ұрыс болды. Б.д.д. 469 жылы афиналық қолбасшы Кимонның жетекшілігімен парсыларға үлкен соққы берілді.
Б.д.д. 459-449 жылдары әскери қимылдар біресе өрістеп, біресе басылып отырды. Б.д.д. 449 жылы Кипр аралында Саламин қаласында Каллия бітімі жасалды. Бітім афиналық өкіл Каллияның атымен аталды. Ахеменид державасының астаналарының бірі Сузы қаласында жасалған бітім ережесі бойынша, парсылар Эгей теңізіндегі, Геллеспонттағы, Боспордағы иеліктерінен айырылды. Кіші Азияның батыс бөлігіндегі грек қалалары саяси тәуелсіздігін алды.
Грек-парсы соғыстары гректер үшін азаттық сипатта болды. Парсылармен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарылығы, грек әскерінің парсы әскерімен салыстырғанда әскери дайындығының артықшылығы, гректердің патриотизімі, ал парсы әскерлерінің негізінен басып алынған елдердің ұлттары арасынан қалыптастырылуы гректердің жеңісін қамтамасыз етті. Осы оқиғадан кейін грек полистерінің гүлденуі орын алды, Афина күшейді, соғыс барысында Делосс одағы қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет