Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет64/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Пелопоннесс одағы

Грецияда қалыптасқан бірінші әскери-саяси бірлестік Спартаның жетекшілігімен Пелопоннесс одағы болды. Б.д.д. V ғ. ортасында сыртқы жаулардан қорғану үшін құрылған Пелопоннесс одағын басқарды. Спартаның көршісі Мессении аймағын жаулап алуы, Пелопоннессте Аргос ықпалының жойылуы Пелопоннесс одағының қалыптасына түрткі болды. Спарта алдымен Тегееймен келісім жасады. Өзге полистер Аргос пен Ахайиден басқасы Тегеей үлгісін қабылдады. Мегара мен Эгина да осы жолмен жүрді. Одақтастық келісім ережесі бойынша Одақтың барлық мүшелерінің территориясы мен автономиясының бүтіндігі сақталды.


Одақтық кеңесте симмахияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болды, шешім дауыс басымдылығымен анықталды, дауыс беру барысында Спартаның басымдылық ықпалы болды. Спарта өз шешімі бойынша одақтық мемлекеттің өкілдерін соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешуге, өзге полистермен одақтастық мәселелерін шешуге шақыра алатын.
Соғыс қимылдары басталған кезде одақтың әрбір мүшесі азаматтық жасақтық екіден бірін шығаруға тиіс болды. Әскердегі жоғарғы қолбасшылық спарта патшаларының үлесінде болды. Одақтастардың шығарылуға тиісті әскерінің санын да Спартандықтар анықтады. Теңізде соғысу үшін теңізге жақын орналасқан одақ мүшелері кемелер дайындаса, территориясы теңізден алшақ орналасқандары кемені материалдық жағынан жабдықтауға тиісті болды. Әскери теңіз флотын спартандық әскербасшы – наварх басқарды. Күнделікті іспен де спартандық эфорлар айналысты.
Спартаға бағынышытылығына қарамастан, барлық одақтастар өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Жалпы одақтық қазына болған жоқ, одақтастар мүшелік салығын төлеген жоқ. Егер кейбір полистер әскери соғыс қимылдарын қолдаудан бас тартса, оларға тек ақшалай салық қана салынатын.
Пелопоннесс одағы өзінің гүлдену деңгейінің жоғарғы шегіне грек-парсы соғыстары кезінде (б.д.д. 500-449 жж.) қол жеткізді. Ол кезеңде Спарта барлық Эллада мен гректердің жалғыз қорғаушысы ретінде қабылданды. Б.д.д. 431-404 жж. Афина теңіз державасымен Пелопоннесс соғысы барысында Спарта жеңіске қол жеткізді. Одақтастар сыртқы саясат мәселесінде аристократия мен олигархияның мүддесін қорғап, демократиялық тәртіптермен күресті. Б.д.д. 371 жылы Спартаның Фивамен соғысындағы жеңілісінен кейін, Пелопоннесс одағы ыдырай бастады, б.д.д. 365 жылы толығымен тарап кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет