Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Бірінші Афиналық (Делосстық) теңіз одағы және оның Афиналық теңіз державасына айналуы



бет67/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Бірінші Афиналық (Делосстық) теңіз одағы және оның Афиналық теңіз державасына айналуы

Бірінші Афиналық (Делосстық) теңіз одағы Афинаның жетекшілігімен б.д.д. 478-477 жылдары Эгей теңізінің жағалаулары мен аралдарындағы грек полистерінің парсыларға қарсы бірлестігі ретінде қалыптастырылды. Одақтың қалыптасу тарихында екі саты көрсетіледі. Бірінші сатысы б.д.д. 478-454 жылдар. Бұл уақытта одақтың алдында парсы агрессиясын тоқтату және Кіші Азия мен Эгей теңізі аралдарындағы қалаларды парсылардың билігінен азат ету міндеті тұрды. Екінші саты б.д.д. 454-404 жылдар аралығы. Одақ қазынасы Делос аралынан Афинаға көшірілді. Пелопоннесс одағының полистері, Спарта одақтың алғашқы сатысында бірінші Афина одағының құрамына кірген жоқ.


Пелопоннесс одағымен салыстырғанда Делосс одағының ұйымы күрделі болды. Оның шеңберінде біртұтас қаржы жүйесі, әрбір полистен жыл сайын түсіп отыратын мүшелік жарнамен толықтырылатын ортақ одақтық қазына болды. Б.д.д. 454 жылға дейін одақтың қазынасы Делос аралында болды, одақтастардың ортақ жиналысында шешіліп, одақтық әскер мен кемелерді жарақтандыруға жұмсалды.
Мүшелік жарнаның – форостың мөлшері әрбір полистің экономикалық мүмкіндігіне байланысты болды. Б.д.д. 454 жылы одқтың құрамына 200 полис енді. Олардың мүдделері жан-жақты қорғалып, өзара сауданы дамытып, сауда жолдарының қорғанысын қамтамасыз етті. Осы уақытта Бірінші Афина Одағы әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саясатымен гректердің ерекше саяси бірлестігіне айналды. Осы кезеңде Афина бұл одақты өз жетекшілігіндегі әскери-саяси-экономикалық бірлестікке айналдыруға тырысты. Бұл мақсатты қамтамасыз етуге байланысты жасалған алғашқы қадам – 454 жылы одақ қазынасын Делостан Афинаға көшіру болды. Қаржының жалғыз реттеушісі Афина гелиэясы болды. Нәтижесінде одақтастар ақшасы тек афина флоты мен афина гоплиттеріне жұмсалды. Аз уақыттың ішінде афиналықтар бұл ақшаны тек өз мүдделеріне – қоғамдық құрылысқа, қызметкерлердің жалақысына жұмсай бастады. Одақтастардың наразылықтары қатаң басылып тастап отырды. Одақтың құрамынан шығуға ұмтылған полистерге жазалаушы әскерлер жіберіліп отырды. Іс қарулы қақтығысқа дейін барды.
Бірінші Афиналық теңіз одағына айналған афина теңіз державасының тағы бір ерекшелігі ретінде одақ шеңберінде демократиялық тәртіптерді орнатуды көздегенін де айтуымыз керек. Бұл процестер ақыр аяғында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуына алып келді. Афина бірлестіктің негізгі қаласына айналды. Бұдан былай экономикалық, саяси және соттық мәселелерін шешу үшін өзге полис өкілдері Афинаға келетін болды. Одақтастарын біртіндеп бағыныштыларына айналдырған афиналықтар өздерінің экономикалық мәселелерін сәтті шешіп отырды. Одақ территориясында афиналық өлшем, салмақ стандарты пайдаланылды. Ақша жүйесі Афинаның экономикалық байланысын жеңілдетіп, полис аралық саудадағы рөлін күшейтті. Одақтастар жерлері арқылы жер беру жүйесінің негізінде Аттиканың көптеген жерсіз мүшелері жер бөліктерін алды, осылай Афиналықтардың ішкі мәселесі шешілді. Екінші жағынан афина азаматтары-клерухтар Афина билігінің әлеуметтік тірегіне айналды, одақтастар арасында және Грецияның өзге территориясында афиналық демократия идеясының жүргізушілеріне айналды.
Афина әлеуетін күшейтуде, Афина теңіз державасын қалыптастыруда үлкен роль атқарған, Афинаның ірі мемлекеттік қайраткері, қолбасшы Перикл. Ол афина демократиясының жетекшілерінің бірі болды. Перикл және оның жақтастары Делосс симахиясының Афина теңіз державасына айналу саясатын қалыптастырғандар еді. Б.д.д. 444-429 жылдары, афина азаматтары Периклды жыл сайын бірінші стратег қызметіне сайлап отырды. Бұл уақытта Афина бүкіл Грецияның саяси және мәдени астанасына айналды. Б.д.д 404 жылы Пелопоннесс соғысы кезеңінде Афинаның Спартадан жеңілуі себепті Бірінші Афиналық теңіз одағы тарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет