75
қолөнер шеберханаларында , портта жұмыс істеушілер, карфагендік
олигархияға тәуелді адамдар. Құлиеленуші класқа ірі жер иеленушілер,
құлдық шеберханалар иелері , көтерме саудагерлері, абыздар жатады.
Көптеген ежелгі елдеріне қарағанда , соның ішінде финикиялық қалалардан
айырмашылығы Карфагенде бюрократиялық аппарат дамымаған.
Карфагеннің экономикалық гүлденуі көптеген құлдар мен тәуелді
жергілікті тұрғындар ең ауыр экплуатациясы негізінде дамыды. Кластық
және әлеуметтік қарама-қайшылықтар өте қатты болды. Карфагендік
құлиеленушілер құлдар қарсылықтарын ылғи да басып жаныштайтын. Б.з.д.
IV ғ басында тәуелді ливиялық тұрғындар карфагендіктердің Сицилиядағы
ауыр жеңілісін пайдаланып бас көтерді, тек үлкен күш арқылы осы
көтерілісті басып тастады. Ондда грек тарихшысы Диодор деректері
бойынша 200 мыңдай адам қатысты. Б.з.д. 241—238 жж. Карфагенді
толқытқан жалдамалар мен жергілікті тұрғындар бас көтеруі болды. Тек
барлық резервтерді мобильдендірудің арқасында карфагендік үкімет осы
қозғалысты тоқтатты.
Карфаген ішінде де тыныштық болмады. Қалалық плебс карфагендік
олигархиямен қамтамасыз етіліп отырса да , қаланың өзінде әлеуметтік
алауыздықты тудыртып, өз келіспеушілігін жиі көрсететін .
Достарыңызбен бөлісу: