Технологиялық детерменизм - технологиялық өзгерістер қоғам дамуы-ның негізі болып табылатын және әлеуметтік ұйымдастыру, экономика қоғамның мәденитіне және оның құндылықтарына елеулі ықпал ететін әдістеме. Технологиялық детерменизм техниканың қоғам өмірінің саласы ретінде дербестігіне, өзіндігіне сүйенеді. Технологиялық детерменизм жақтастары техносфераның дамуы техникалық ұтымдылықтың әмбебеп тиімділік, жүйелілік, сенімділік, сияқты критерилеріне бағынады деп есептейді, және ол әлеуметтік-саяси, экологиялық, моральдық және өзге де «сыртқы» факторладан тәуелсіз дейді. Онымен қоймай, әлеуметтік прогресс ғылыми-техникалық, технологиялық прогрестерден тікелей әрі маңызды тәуелділікте болады. Технологиялық детерменизм әдістемелеріне негізделген тарихтың кезеңдерінде қоғамның даму кезеңдері технико-технологиялық саладағы түбегейлі өзгерістерден басы бүтін тәуелді. Осылайша Д.Белл, өнеркәсіптік технологиялардың өзгермелілігіне сүйене отырып, индустрияға дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдарды анықтайды. Э.Тоффлердің пікірінше, өркенниет тарихында үш технологиялық толқын аграрлық индустриалдық және ақпараттық қоғамның пайда болуына себеп-кер болады. М.Маклюэн байланыс құралдарының, коммуникация түрлерінің ауысуы, мәдениетте және қоғам өмірін ұйымдастыруда төңкеріс жасайды.
ХХІ ғ. басында технологиялық детерменизмді, бұл әдістемені тек, жалпы қоғамға қатысты емес, қоғам өмірінің нақтылы салаларына қолдана отырып, кеңінен түсіну орын алуда.
У.Ростоу өзінің «Экономикалық даму кезеңдері» еңбегінде қоғамдық-экономикалық дамуды технологиялық прогресс негізінде зерттейді. Әрқай-сысы өзінше, бірақ барлық елдер басынан кешіретін экономикалық өсудің бес универсалды кезеңін ұсынады.
Бірінші кезең – қарапайым технология нагізіндегі дәстүрлі қоғам. Бұл жерде ауылшаруашылығы мен жанұялық, кландық байланыстар басым.
Екінші кезең - өтпелі қоғам. Жаңа элита қалыптасып, өзгерістердің қозғаушы күші ұлтшылдық пайда болады.
Үшінші кезең - өрлеу. Ұлттық кіріс салмағы өсіп, жаңа өндіріс салалары дамиды. Бұл кезең индустриализациядан басталады.
Төртінші кезең – толысу. Экономикада шаруашылықтың көп салалы құрылым қалыптасып, химиялық, электротехникалық өндіріс, күрделі машина жасау пайда болады.
Бесінші кезең - көпшілік тұтынушылық қоғам қалыптасады. Экономика құрылымы қызмет көрсету саласы мен ұзақ пайдаланылатын күрделі тұтынушылық тауарларды өндіруге ойысады. Адамдардың басым көпшілігі тамақ пен киімге емес, қолайлы үй, теледидар, тоңазытқыш, автомобиль сияқты мұқтаждықтарын өтеуге ұмтылады. Ростоу пікірі бойынша, бесінші кезеңге Құрама Штаттар мен жартылай Канада қол жеткізген. Ал басқа Батыс елдері, оның бағасы бойынша, бұл кезеңге әлі толық жеткен жоқ. Басқа елдер үшін бесінші кезең болмай қоймайтын перспектива.
Бұл ілімге сүйенер болсақ барлық елдер оқиғаның объективті дамуын күтпей-ақ келесі кезеңдерге жетуге ұмтылулары қажет деген қорытынды шығады. Сонымен модернизация дегеніміз қоғамның барлық саласын қамтитын көпқырлы процесс.