2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар Орта ғасырлар (б.д. IV-XV ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғанда қоғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады. Бұл саяси ілімдерге қатысты да айтылған.
Саяси ойлардың айтарлықтай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылда-рының еңбектерінде көрініс тапты. Оның аса көрнекті өкілдері болып әл-Кинди, Бируни, әл-Фараби, Ибн-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низами, Әлішер Науаи және басқалары саналды. Енді осылардың кейбіреулерінің ғана саяси көзқарастарын қарастырамыз.
Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның, философиялық және әлеуметтік-саяси ойдың дамуында үлкен рөл атқарған Сырдариядағы (Қазақ-стан) Фараб қаласында туған ұлы ғалым Әбунасыр Мұхаммед әл-Фараби (870-950) болды. Оның саяси көзқарастарына «Қазақстандағы саяси ойлар» деген параграфында жеке тоқталамыз.
Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың көрнекті өкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұқарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы – «Хәмсә» («Бес қазына») бес поэмадан тұрады. Олар: «Құпиялар қазынасы», «Хорстар және Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті сұлу» және «Ескендір-наме».
Низамидың шығармалары өз дәуірінің энциклопедиясы іспетті болды. Онда әлеуметтік-саяси материалмен қатар философия мен жаратылыста-нудан, психология мен педагогикадан, тарих пен филологиядан, этика мен эстетикадан, экономика мен діннен ауқымды материалдар берілді. Оның шығармашылығы одан кейін де Шығыс пен Батыстың алдыңғы қатарлы әлеуметтік-саяси ойының дамуына үлкен ықпал жасады.
Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында өзбектің көрнекті ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рөл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескінде-мемен, сәулетпен, музыкамен айналысты, мәдениет қайраткерлеріне қамқор-лық жасады.
Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың көп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол «Шардиван» (Төрт лирикалық жинақ), «Хәмсә» (Бес поэма), «Махбуб әл кулуб» (Ғашық жүректер), «Мухакамат әл лугатайн» (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды, олар орта азиялық және дүниежүзілік мәде-ниет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған құнды үлес болды.
Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойдың тарихи дамуы тек Шығыстың ғана емес, Еуропаның, жалпы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-саяси іліміне қосылған үлкен үлес болды.
Еуропаның орта ғасырлық саяси ойының өзіндік ерекшелігіне, ең алды-мен, батыстың саяси ойына негізінен христиан діні мен Рим шіркеуінің күшті ықпалы себепші болды. Сол тұстағы саяси ойдың орталық мәселеле-рінің бірі қандай билік басым болуы керек – рухани-діни (шіркеу) немесе зайыр-лық па (мемлекет), деген мәселе болды. Шіркеудің саяси талаптарын негіздей келіп, оның идеологтары билеушілердің куаттылығы шіркеуден шығады, ал шіркеу өзіне беделді тікелей Христадан алады деп сендірді. Осыдан хрис-тиандық ел билеушілерінің сөзсіз міндеті – христиан шіркеу басына бағынатындығы болып шығады.
Христиандық саяси теорияны жасаушылардың бірі епископ Иппонийский Аврелий (Блаженный) Августин (354-430) болды, оның ілімі католицизмнің негізін қалады. Оның саяси көзқарастары «Құдайдың мемлекеті туралы», немесе «Құдайшыл қоғам туралы», «Еркін ерік туралы» атты еңбектерінде және басқа да шығармаларында баяндалған.
Августиннің мемлекеттің орны мен рөлі туралы идеялары келесі бір ірі христиан ойшылы – доминикан монахы Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектерінде нақтыланып, одан әрі дамытылды. Ол томизмді негіздеуші және оның дүниетанымындағы бастапқы тезисі: «Философия – дін ілімінің қыз-метшісі». Оның ең маңызды еңбектері: «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теология жиынтығы», «Пұтқа табынушыларға қарсы жиынтық».
Неміс ойшылы, августин монахы Мартин Лютер (1483-1546) орта ғасыр-дағы протестантизмнің ірі идеологы болды. Ол діндар ғалым, Германиядағы Реформацияның көрнекті қайраткері, Германия, Балтық жағалауы, Сканди-навия елдеріне кеңінен тараған лютеран (протестант) діни сенімін негіздеуші. Оның «Неміс ұлтының христиан дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқындалуы туралы», «Христианиннің еркіндігі туралы», «Қайырымды істер туралы сермон» және т.б. еңбектері бар.
Қайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және саясаткер. Н.Макиавелли өзінің жүйеге келтірілген саяси идеяларын «Мемлекет», «Тит Ливидің бірінші тоқсан туралы пікір-лері», «Флоренция тарихы», «Князь», «Соғыс өнері» атты еңбектерінде баяндады.
Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Маквиавеллидің саяси көзқарас-тарындағы ең бастысы болып табылады. Онда ойша схемалар жасаудан бас тартып, саясатта нағыз ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке алу көрсетілген.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың көрнекті өкілдерінің бірі, француз ойшылы Жан Боден (1530-1596). Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы – «Республика туралы алты кітап». Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік басқарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси өмірінің басқа да проблемаларына өзінің көзқарастарын жан-жақты баяндады.
Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік мәселесін көтеріп шешуінде. Ол «егемендік» ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді және қазірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада қолданыста жүрген егемендік теориясын жан-жақты жасап шықты.
Боденнің және оның із ашары Макиавеллидің саяси көзқарастарын көпте-ген ойшылдар қабылдады, Еуропа мен Америка елдерінде саяси ой дамуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуірінде саяси ойдың дамуы – бұл Т.Мор, Т.Кампанелла және басқа да өкілдерден тұратын утопиялық социализмнің пайда болу уақыты еді. Ағылшынның көрнекті ойшылы, саяси қайраткері Томас Мор (1478-1535) англияның лорд-канцлері болған. Ол 1516 жылы «Мемлекеттік жақсы құрылыс туралы және жаңа Утопия аралы туралы, соншалықты пайдалы да қызықты Алтын кітап» деген еңбекті жарыққа шығарды.
Ағылшын ойшылдары Т.Гоббс пен Дж.Локк та қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімнің дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Томас Гоббс (1588-1679) өзінің саяси ілімін «Азаматтық туралы» және «Левиафан, немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің форма-сы мен билігі» еңбектерінде баяндады. Макиавелли мен Гроциден кейін Гоббс мемлекетті құдай жаратпағандығын, оның адамдар тіршілік әрекетінің нәтижесі екендігін көрсетуге талпыныс жасады. Оның пікірінше, мемлекетке дейінгі кезеңде адамдар «барлығына қарсы бәрінің соғысы» жағдайында өмір сүрді.
Ағылшын ағартушыларының арасында Джон Локктың (1632-1704) алғашқы ұлы тұлға екенін айтуымыз керек. Оның саяси көзқарастары «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» еңбегінде мейлінше толығырақ баяндалған. Адам құқының бірлігі мен өзара тәуелділігін дәлелдеу Локктың саяси тұжырымдамасының мәнін құрады. Гоббс сияқты Локк та мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде пайда болады деп ұйғарды.
Саяси идеялардың айтарлықтай дамуы француз ойшылдарының еңбекте-рінде жүзеге асты. Оның аса көрнекті өкілдері Ш.Л.Монтескье мен Ж.Ж.Руссо болып табылады. Шарль Луи Монтескье (1689-1755) – көрнекті саяси ойшыл. Өзінің еңбектерінде ол мемлекет, азаматтық қоғам, саяси режимдер туралы, басқару формалары мен мемлекеттік құрылыс формалары жөніндегі ілімдерді анықтап дамытты. Монтескьенің «Римдіктердің ұлылығы мен құлдырауының себептері туралы ойлар» (1734 ж.) және «Заңдар рухы туралы» (1748 ж.) негізгі кітаптары оны саяси ойдың беделді классиктерінің бірі етті.
Жан Жак Руссо (1712-1778) – көрнекті философ әрі саяси ойшыл. Руссоның саяси ілімі оның «Қоғамдық келісім» (1762 ж.) атты негізгі трактатында мейлінше толық баяндалған.
Иммануилл Канттың (1724-1804) саяси теориясының басты принципіне әрбір адам абсолютті құндылықты иеленеді және қандай да бір мақсатты жүзеге асырудың құралы бола алмайды деген қағида алынған. Кант өзінің «Мәңгілік бейбітшілікке» атты ізгілікті трактатында өз дербестігін сақтаған тең мемлекеттердің бәрін қамтитын федерация құру жолымен «мәңгілік бейбітшілік» орнату жобасын жасады.
Әлеуметтік-саяси мәселелерге И.Кант «Бүкіл дүниежүзілік-азаматтық тұр-ғыдағы жалпы тарих идеясы» (1784 ж.), «Мәңгілік бейбітшілікке» (1795 ж.) атты еңбектерін, сонымен қатар «Әдет-ғұрыптар метафизикасы» (1797 ж.) атты үлкен трактатын арнады.
Саяси режимді либерализациялаудың өткір қажеттігі, сословиялық жеңіл-діктерді жою, қатаң заңдылықты орнату, бұқара халықты қызу қолдау керектігі сенімі Иоган Фихтені (1762-1814) ешқашан бейжай қалдырған емес. Өмірінің соңғы күніне шейін ол Ағартудың гуманистік идеологиясына берілгендігін сақтады.
Немістің классикалық философиясының көрнекті өкілі Георг Гегель (1770-1831) дүниежүзі тарихы дамуының іргелі принциптерін жасады және буржуазиялық қоғамның саяси ойын дамытты. Оның негізгі жұмыстары: «Рух феноменологиясы» (1807 ж.), «Құқық философиясы» (1821 ж.). «Азаматтық қоғам» және «мемлекет» категорияларын жасау мен шектеу оның еншісіне тиесті нәрсе. Ол саяси мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажырата отырып, соңғысын жеке тұлғаның ерекшелікті дара мақсат-тары мен мүдделерін жүзеге асыру саласы ретінде анықтады.
Анри Сен-Симон (1760-1825) қоғамның мақсатына бір орталықтанды-рылған жоспарлы шаруашылық жүйесін құрумен қол жеткізіледі, жаңа құрылыста адамдарды бұрынғы басқару жүйесінің орнына өндіріс заттары мен процестері басқару жүйесі келеді деп болжады.
Буржуазиялық революцияның нәтижелерін, капитализмнің саяси және құқықтық жүйесін өткір сынаған Шарль Фурье (1772-1837) болды. Шешуші рөлді ақыл-парасатқа берген Сен-Симонға қарағанда Фурье бірінші орынға адамның мәңгі және өзгермейтін табиғаты идеясын ұсынды.
Өзінің саяси көзқарастарында Роберт Оуэн (1771-1858) жаңа құрылыстың қалыптасуын – жалпы заңдар жинағы негізінде бірдей басқару тәртібі бар коммуналар құруды қамтамасыз ететін мемлекетке үлкен сенім артты. Бұл қоғамдық меншікке және коммуна мүшелерінің ортақ еңбектеріне, олардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігіне, гуманистік тәрбие жүйесіне, жоғары өнегелікке негізделген ұжымдық қоғам болуы тиіс.
1775-1783 жж. Америка халқының өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғысы ішкі қайшылықтардың және метрополиямен болған қайшылықтардың күшеюінің салдары еді. Ол Америка халқының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс «Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздік Декларациясында» саяси түрде бекітілді. (1776 ж. 4 шілдеде бекітілді – бұл күн АҚШ-тың ұлттық мерекесіне айналды).
Тәуелсіздік үшін соғыстың жеңісінен кейін АҚШ-тағы саяси ойда екі бағыт қалыптасты. Прогрессивті саяси идеяларды Т.Джефферсон және Т.Пейн жақтады. Томас Джефферсон (1743-1826) – америка халқының азат-тық жолындағы күресінің көрнекті қайраткерлерінің бірі және көрнекті саяси ойшыл. Ол «АҚШ-тың тәуелсіздігі Декларациясының» авторы, онда адам-ның теңдігі, бостандығы ажырамас табиғи құқығы жөнінде және оны халық-тан ешбір билік тартып ала алмайтындығы жөнінде айтылған.
«Дүниеде адамның табиғи құқығынан басқаның бәрі өзгереді», – деп жазды Джефферсон. Ол адамға құқықты мемлекет бермейді, олар адамның ажырамас, табиғи құқығы ретінде өмір сүреді деп негіздеді. Мемлекет соны қамтамасыз ету үшін өмір сүреді.
Бұл кезеңде АҚШ-тың саяси ойының басқа бағытының өкілдері ірі сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және плантаторлар-құлиеленушілердің мүдделе-рін қорғады. Осылардың бірі Александр Гамильтон (1757-1804) болды. Ол АҚШ-та күшті орталық билік құруды жақтады, демократияны меншік құқығын жоюды мақсат еткен «қаралардың үстемдігі» ретінде бейнеледі. Гамильтон билікті ұйымдастыру адамдардың мүліктік жағдайына сәйкес олардың құқығын бөлуге негізделуі тиіс деп сендірді.
Еуропалық либерализмнің отаны – Англия ХIХ ғасырда әлемге оның көптеген беделді өкілдерін әкелді. ХIХ ғасырдағы Еуропа либерализмнің қайраткерлерінің қатарында И.Бентам (1748-1832), Д.С.Милль (1806-1873) ерекше көзге түседі.
Француз буржуазиясының ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы анти-федералдық идеологиясын көптеген либералдық саяси ойшылдар білдірді. Солардың арасынан Б.Констан (1767-1830) Еуропа құрлығындағы либера-лизмнің рухани атасы саналған және демократияның көрнекті теоретигі және бір мезгілде табанды либералы болып есептелген А.Токвиль (1805-1859) – айтарлықтай көзге түсті.