11-тақырып. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару Саясаттану ғылымында бір саяси жүйеден екінші саяси жүйеге ауысу «саяси даму» немесе «саяси жаңару» терминдерімен түсіндіріледі.
«Модернизация» сөзінің этимологиялық ұғымы «modern» француз тілінен аударғада жаңа, қазіргі заманға сәйкес деген мағынаны білдіреді. Ал «modernize» жаңа талаптарға сәйкес, жетілдіру, жаңарту, өзгерту деген сөзден шыққан.
Модернизация теориясын талдауда әр түрлі көзқарастар Г.Алмонд және Д.Пауэлланың «Даму тұжырымдамасы тұрғысынан. Салыстырмалы саясаттану» (1966), Д.Аптердің «Жаңару саясаты» (1965), С.Липсеттің «Саяси адам» (1960), Л.Пайдың «Саяси дамудың астары. Аналитикалық зерттеу» (1966), Д.Растоудың «Ұлттар әлемі» (1967), Ш.Эйзенштадтың «Саяси жаңару: қарсылық және өзгеріс» (1966), С.Хантингтонның «Өзгермелі қоғамның саяси тәртібі» (1968) және басқа еңбектерде жан-жақты баяндалған.
Саяси жаңару теориясының орталық мәселесі- өтпелі кезеңдегі саяси жүйеге талдау жасау.
Саяси модернизация – жеке пән ретінде саясаттану ғылымының күрделі ажырамас бөлігінің бірі б.т. Адамзат тарихында алғашқы модернизация Батыс Еуропа елдерінде XVI-XVII ғ.ғ. басталды. Модернизация (француз тілінен аударғанда қазіргі кезең дегенді білдіреді) – дәстүрлі қоғамдағы артта қалушылықтан арылу және қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі. Яғни, саяси модернизациялау теориясының маңызды мәселесі – дәстүрлі қоғамнан рационалды қоғамға өтудегі өтпелі кезеңнің саяси жүйесін зерттеу. Саяси модернизациялау – саяси жүйенің жаңа әлеуметтік мақсаттарға тез икемделуі және институттардың жаңа түрлерін құру. Қай мемлекет болмасын өз дамуында модернизациялауды басынан өткеретіндігі даусыз.
«Модерн», немесе қазіргі кезеңдегі қоғам белгілеріне мыналар жатады: экономика саласында, - реттеуге келетін тауарлы-ақша қатынасы, білім беру саласында қаржыны ұлғайту, экономикалық қатынастарды тиімдендіруде ғылым ролінің артуы; әлеуметтік салада тұрғындардың белсенділігі шексіз ашық әлеуметтік құрылымның қалыптасуы; саяси салада – биліктің плюралистік негізде ұйымдастырылуы, адамдар құқының сақталуы, саяси институттардың өзара қарым – қатынастардың дамуы, әлеуметтік партнерлік, негізгі саяси күштердің бірлігі негізінде саяси-басқарушылық шешімдердің қабылдануы және оны жүзеге асыру.
Модернизацияның бірден-бір толық анықтамасын 60 жылдарда зерттеуші Ш.Н.Эйзенштадт берді: «Тарихи тұрғыдан модернизация дегеніміз XVII ғасырдан XIX дейінгі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада дамыған әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер түрлерінің өзгеру процесі, оның басқа еуропалық елдерге, ал XIX ғасыр мен ХХ ғасырда Оңтүстік Америка, азия мен Африка құрылықтарына таралуы»
Ал модернизация ілімінің келесі өкілі С.Блэк (АҚШ) модернизацияны дәстүрлі институттардың жаңа функцияларға икемделуі ретінде қарастыруды ұсынады. М.Леви модернизацияны қоғамның өзін қозғамайтын жалпы әлеуметтік төңкеріс деп қарастырады.
Модернизация ұғымын анықтаудағы С.Эйзенштадт көзқарасын тарихи ал, С.Блэк, М.Леви көзқарасын релятивистік деп анықтауымызға болады.
Жалпы модернизация теориясы дәстүрлі қоғамнан адамның жеке меншік пен саяси биліктен жатсынуын арылтуға ұмтылатын қазіргі заманға өту үрдісін түсіндіруге ұмтылатын қоғамдық даму тұжырымы. Дәстүрлі қоғам мен қазіргі заманды салыстырмалы түрде зерттеген М.Вебер және Т.Парсонс.
Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бір күнде, бір жылда жүзеге асырылған жоқ.
Саяси модернизация, біріншіден территорияны кеңейту және әкімшілік- саяси шекараны реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы да) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат жэәне әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден саяси үрдіске тұрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден; саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.
ХХ-ғ. 50-60 ж.ж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияла-рының бір бағыты б.т. Бұл теорияның басты белгісі универсалдық, яғни қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтар мен кезеңдер бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Әрине, бұл теория өкілдері әртүрлі халықтар дамуындағы ерекшеліктерді мойындаға-нымен, бірақ оларды маңызды емес, қосымша деп есептейді.
Универсалдық әдістемелік негізі технологиялық детерменизм, яғни адамзат дамуын технология мен экономика прогресінен іздеу. Мінекей, осы прогресс әртүрлі елдердің әлеуметтік-мәдени және саяси ерекшеліктерін жоққа шығарады.