Ежелгі дүниедегі саяси идеялар


- тақырып. Қоғамның саяси жүйесі



бет6/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Саясаттану

5 - тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар құрылымдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):

  • институциональдық жүйеше

  • нормативтік жүйеше

  • функциональдық жүйеше

  • коммуникативтік жүйеше

  • мәдени жүйеше

  • идеологиялық

Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер:

  • мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары)

  • саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар)

  • бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз)

  • діни мекемелер

Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:

  • заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер)

  • қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары

  • жазылмаған салт және дәстүрлер

  • этикалық - моральдық принциптер және нормалар

Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет