Ежелгі дүниедегі саяси идеялар


Приоритеттік функциясы бойынша



бет9/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Приоритеттік функциясы бойынша:

әскери (полициялық)
құқықтық
әлеуметтік
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік биліктің қызметі және ұйымдас-тыру формасы, оған мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивидтер құқықты сыйлап оған деген қатынастары бірдей болады.
Құқықтық мемлекеттің айрықша белгілері:

  • қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемділігі

  • заң алдында барлығының теңдігі

  • тұлғаның құқығына кепілдік, оның еркін дамуына мүмкіндік

  • мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі

  • билікті заң шығарушы, атқарушы, сот деп бөлудің принциптері

  • азаматтық қоғам

Әлеуметтік мемлекет – мемлекет биліктің өзіне тән ұйымдастырылу формасы, азаматтардың тұрмыс-жағдайына қамқорлық, өмір сүруіне лайық-ты жағдайлар туғызу, олардың талаптарының іске асырылуына тең мүмкіндік және тіршілік ортасына жағымды жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттердегі адамзат қауымдастығының қалыптасуы және дамуы, өз еріктерімен қатысып құрыл-ған мемлекеттік емес құрылымдар сеті (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциялар, одақтар, орталықтар, клубтар, фондалар) қоғамның өміршеңді барлық салала-рының және мемлекеттік емес қатынастарының жиынтығы – экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:

  • адамдар мен азаматтардың құқығын және еркіндігін толық қамтамасыз ету

  • өзін-өзі басқару

  • оның құрылымын құрастырушы және әртүрлі топтағы адамдардың бәсекелестігі

  • қоғамдық көзқараспен плюрализмнің еркіндігі

  • адам құқығының нақты жүзеге асуын жалпылама информациялау

  • экономиканың көп укладтығы

  • билік сипатының легитимдігі және демократиялығы

  • құқықтық мемлекет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет