Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры. Түркістан легионы жөніндегі аңыз бен ақиқат



бет119/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

19. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры. Түркістан легионы жөніндегі аңыз бен ақиқат.
ТҰТҚЫНҒА ТҮСКЕНДЕР САНЫ: Кеңес Одағы мен Германия ара­сында ұрыс майданы бас­талғаннан Қызыл Армияның көп­теген жауынгері мен коман­дир­лері әртүрлі себептермен жау­дың қоршауына түсті. Тұтқынға түс­­кендер қатарында қазақ­стан­дықтар да аз болмады. Олардың көп­шілігі қиян-кескі ұрыстарда жа­­рақат алғанына немесе сырқат­та­нып қалғанына, оқ-дәрі, отын және азық-түліктің таусылуына не­месе қоршауда қалуына бай­ла­нысты жаудың қолына түсіп қал­ды. Кеңестік әскерилердің басым көп­шілігі соғыстың алғашқы жыл­дары неміс әскеріне тұтқынға түс­кен. 1941 жылдың 22 маусымынан 1942 жылдың 10 қаңтарына дейін әскери тұтқындар саны 3,9 млн адам болса, олардың 0,4%-ын, яғни 15,2 мыңын офицерлер құраған. 1942 жылдың басында лагерьлерде олардан 1,1 млн адам қалған. 1943 жылы − 487 мың, 1944 жылы − 203 мың, 1945 жылы 40,6 мың адам тұт­қынға түскен.
ТҰТҚЫНДАР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ: Фашистік тұтқында болған кеңес жауынгерлерінің қиын жағдайына гитлерлік бас­шы­лық КСРО-ны айыптады. Өйт­кені КСРО 1907 жылғы «Құрлықтағы со­­­ғыс­тың заңдары мен талаптары» ту­ралы Гаага конвенциясын мойын­дамады және әскери тұт­қын­дардың құқықтық мәртебесін анықтайтын 47 ел қол қойған 1929 жылғы Женева конвенциясына қосылмады деп түсіндірді. Женева кон­венциясында соғыс тұтқын­дары туралы заңдық талаптар көр­­­­­сетілді. Онда соғыс тұтқыны­ның беталды азапталуына жол берілмеуі, тұтқындарды қорғаудың бел­гілі бір халықаралық-құқықтық мін­деттерінің сақталуы, соғысушы ел­дердің үкіметтеріне соғыс тұт­қындарын қорғау ережелерін бұз­ғаны туралы бір-біріне айып тағуға мүм­кіншілік берілуі, Қызыл Крест қо­ғамы арқылы арыздануға, дәрі-дәр­мек алуға және т.б. қарас­ты­рылды. Ал КСРО-ның конвенцияға қол қоюдан бас тартуы кеңес тұт­қын­дарын Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегінсіз қалуы­на және фашистердің ша­ма­дан тыс азаптауына мүмкіндік бер­ді.
Кеңес Одағы соғыс тұтқын­дары мәселесiнде ең соңғы, жаңартылған және мемлекеттердiң басым көпшiлiгi қолдаған Женева ке­лiсiмiн қолданғысы келмедi. Оның орнына КСРО мемлекеттік қор­ғаныс комитетінің төрағасы И.Сталин 1941 жылы 16 тамызда №270-бұйрыққа қол қойды. Бұл бұй­рық бойынша кеңес әскер­ле­рі­не тұтқынға түсуіне тиым салын­ды. «Тұтқынға түсіп қалу жағдайы туын­дағанда ондайларды коман­дир­лер мен комиссарлар сол жерде атып тастауы қажет» деген тапсыр­ма берілді. Алайда Кеңес өкіметінің Же­нева конвенциясынан мүл­де бас тартуы фашистер үшін өте қолайлы сылтау болды. 1941 жыл­дың 8 қыркүйегiнде кеңестiк тұт­қын­дарға өте қатал түрде қарау, оларға ешқандай аяушылықтың болмауы туралы фашистер әске­рi­не де бұйрық келдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет