Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстан территориясындағы сақ дәуірінің археологиялық ескерткіштері: орналасуы, сипаты, ерекшеліктері



бет14/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151
13. Қазақстан территориясындағы сақ дәуірінің археологиялық ескерткіштері: орналасуы, сипаты, ерекшеліктері
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.


Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұкырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола).
Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.[1]
Зерттеген: Акишев, Кушаев. Культура саков и усуней долины.
Акишев. Культура саков долины
Акишев А.К., Искусство и мифология саков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет