Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қимақ қағанатының территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректерге талдау жасаңыз



бет15/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

14. Қимақ қағанатының территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректерге талдау жасаңыз.
Деректер: Күлтегін ескерткіштеріндегі жазбалар, араб парсы деректерін жатқызамыз. Хордадбек, әл Йакуби, Абу Бакр, ал Факих, Әл Истахри, Ибн Хаукал сынды араб ғалымдарының еңбектерінде қимақтар жайлы айтылған. Әл Бирунидің төрт томдық еңбегінде жазылған. Авторы белгісіз Худуд ал алам жазбасы бар. Әйгілі түркі ғалымы Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» атты еңбегінде де мәліметтер кездеседі.
ТАРИХНАМА: Қимақ мемлекетінің құрылу мәселесі жөнінде терең зерттеген Б.Көмеков. Қимақтарды моңғол тайпалары қатарына жатқызушылар Маркварт, Ақынжанов, Оңдасынов. Қимақтарды түркі тілді тайпалар деген көзқарасты ұстанушылар М.Қашғари, Б.Көмеков және Т.Омарбеков. Қимақтанушы ғалым Б.Көмеков араб парсы деректерінің негізінде қимақтарға терең зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Зерттеген:Ундасынов,.История казахов и их предков
Көмеков Қимақ мемлекеті

Этникалық құрамы. Қимақтардың этникалық тарихы туралы мәліметтерді Гардизидің «Зайн ал акбар» атты еңбектен аламыз. Онда қимақтардың шығу тегі аңыз ретінде берілген.
Қимақтардың орналасуы туралы нақты мәлімет беретін деректер қатарына Әл Идрисидің «Нузхат ал муштак» атты еңбегіндегі «Сурат әл Арт» картасы болып табылады. Онда Қазақстанның жер су атаулары араб тілінде жазылуы жазылуы ақиқатқа жетуде кедергі келтіреді. Әл Идрисидің картасына сай қимақтар жерінің оңтүстік бөлігі Алакөл өзені бойында орналасса, қимақтардың негізгі мекендеген жері ретінде Ертіс өзенінің далалық аумағы көрсетілген. Араб саяхатшыларының айтуы бойынша қимақтар қойдың суыққа төзімді түрін, көшпелі өмірге бейімделгенін өсірген. Абу Дулафпен пен Абу Хайанның деректеріне қарағанда қимақтар ешкі өсіргенімен, ол кең түрде тарала қоймаған. Әл Идрисидің дерегінде қимақтардың балық аулаумен айналысатындығы туралы да жазған.
ІХ – ХІ ғғ. Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанатының орнына көшпелі жəне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда – Қарлұқ этникалық - əлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта жəне төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында – Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс жəне Орталық Қазақстанда – Қимақ қағанатын құрды. VIII ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде Кимек тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа – Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға жəне Оңтүстікке – Жетісудың СолтүстікБатысына қарай қозғалады
766 жəне 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур, Байандұр, Татар) Кимек бірлестігінің ұйтқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы Кимек федерациясы нақ осы кезде қалыптасады. Х ғ. басында Кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Х ғасырда Кимек тайпаларының басшысы “байғу ” (яғбу) деген титулды, ал кейін яғбуге қарағанда екі саты жоғары тұратын хакан деген жоғары түрік дəрежесін иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы – Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғымен – Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мəселен, Əл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз–оғыздар жəне кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің əр тайпасы жеке мемлекет, олар бір – бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. ІХ ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет болды, ал ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды. Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін - өзі билеуге, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі себеп, екінші, ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. ХІ ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі – 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпаларды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет