Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет25/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
24. Түркілердің этногенезі мәселесі.
Талас Омарбеков «Қазақ түркілерінің шығу тегі
Ногайбаева Мендигуль Сагатовна Хабижанова Г.Б., Омарбеков Т.., Карибаев Б.Б., Ноянов Е.Н., Телеуова Э.Т., Смагулов С.., Тасилова Н.А., Сайлан Б.С., Искакова Г.З. Орталық Азия көшпелілері өркениетінің тарихы. Орталық Азия көшпелілеріндегі этно-саяси үдерістер, әулеттік басқару және жауынгерлік өнер



Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі - Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этностық тарихы түркілердің тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркі тектес, түркі тілдес тайпалардың көне заманда да болған. Бірақ нағыз түркілердің этностық тарихы б.з. V ғасырынан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: "Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?" деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. Б.з. V—VIII ғасырларының арасы түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі.
Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет