Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Алтын Орданың құрылуы мен әкімшілік-саяси құрылымына талдау жасаңыз



бет33/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

4. Алтын Орданың құрылуы мен әкімшілік-саяси құрылымына талдау жасаңыз.
ТАРИХНАМА: Тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектерін батысеуропалық (ағылшын, неміс, француз, т.б.), ресейлік (Патшалық Ресейғ Кеңестік кезең және қазіргі Ресей тарихнамасы) және отандық тарихнама деп үш топқа бөліп, жүйелі түрде талдауды мақсат еттік:

  1. Батысеуропалық тарихнама (ағылшын, неміс, француз, т.б.). Батыс Еуропада ориенталистиканың ерте дамуына байланысты тақырыпқа қатысты мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстары XVIII ғ. басында жүргізіле басталды. Алайды бастапқы кезеңдегі еуропалық зерттеушілердің еңбектері тек моңғол тарихына шолу түрінде ғана болды. Тек ХІХ ғ. бастап, Батыс Еуропалық мемлекеттер Азия аумағындағы халықтарды зерттеуге ғылыми қоғамдар бастамасымен сапалы ғылыми зерттеу еңбектері жазыла бастады.

Ғылыми жағынан сапалы зерттеу жұмыстары қатарына 1834-1835 жылдары француз тілінде жарыққа шыққан К.Д’Оссонның төрт томдық зерттеу еңбегін айрықша атап кетуге болады. Зерттеушінің еңбегінде тақырыпқа байланысты саяси мәселелерге арнайы тоқталып, әсіресе моңғолдардың Еуропаға жорығының мәселелері кең түрде талданды [3]. Сонымен қатар, К.Д’Оссон алғашқылардың бірі болып Рашид ад-Диннің шығармасын зерттеу еңбегінде кеңінен қолданды.
Алтын Орда тарихына қатысты мәселелерге жүйелі түрде зерттеген Й. Хаммер-Пургшталь болып табылады. Оның зерттеу еңбегі ғылыми құндылығымен ерекшеленеді [4]. Й.Хаммер-Пургштальдің тұғырнамалы еңбегі секілді ауқымды ғылыми еңбек Батыс Еуропа да немесе Ресейде 100 жыл шамасындағы уақытта шығарылмады. Тек 1937 жылы Кеңес тарихшылары – Б.Д. Греков пен А.Ю. Якубовский іргелі еңбекті жарыққа шығарды [5].
ХХ ғ. Батыс Еуропа тарихнамасында Алтын Ордаға қатысты маңызды мәселелер М. Правдиннің (Ресей эмигранты) [6], Дж. Бойл [7], Ч. Галпериннің [8] еңбектерінде қарастырылған. ХХ ғ. 30-40-шы жылдары тақырыпқа байланысты зерттеулермен белсенді түрде айналысқан неміс ғалымы Б. Шпулердің еңбектерін атап өту керек. Оның «Моңғолдардың Ирандағы билігі» атты тақырыптағы диссертациясы Германияда 4 рет баспадан жарыққа шықты [9].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет