Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Найман, Керей, Джалайыр ұлыстары және оның қазақ халқының этникалық тарихындағы алатын рөлі



бет26/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151
25. Найман, Керей, Джалайыр ұлыстары және оның қазақ халқының этникалық тарихындағы алатын рөлі.
Зерттеген: Талас Омарбеков «Қазақ түркілерінің шығу тегі
Ногайбаева Мендигуль Сагатовна Хабижанова Г.Б., Омарбеков Т.. Қазақ халқының этнотерриториясының қалыптасуының мәселелері
Н.Мыңжан Керейлер
Деректер: Плано Карпини «История монголов»; Рашид ад Дин «Сборник летописей»;
Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болды. Ғалымдар “найман” терминінің мəні моңғол тілі тұрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мəселе əлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бұлардың тілі туралы əртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми əдебиеттегі жаңа мəліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дəйектейді. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен жəне ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар, əсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси жəне мəдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болған. Наймандар Бұйрық жəне Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен құралған. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, əрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Хан ордасы, ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Əрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша, əскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған. Жалайырлар — алғаш керей, наймандармен көршілес қоныстанған, дәлірек айтқанда, Хилок, Селенга өзендерінің бойы, казіргі Моңғолияның Селенга аймағы мен Бурятияның шегінде болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет