үлкен обалар – диаметрі 80 метр, биіктігі 15 метр;
орташа обалар – диаметрі 15 метр, биіктігі 4 метр;
кішкене обалар – диаметрі 10 метр; биіктігі 1 метр.
Үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал кішкене обаларға қатардағы малшылар мен егіншілер жерленген. Олардың зираттары мүлде қарапайым болған.
Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін мемлекеті дегеніміз – үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ – ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес”... Аталмыш “Үйсін” деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама - Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”, - деп көрсетеді. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мəліметтерге қарағанда – үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 əскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Əлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан əскері болып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.
8. Қаңлы мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық қатынастары. Зерттегендер – Заднепревский (Усуне и кангюй на трассе Великого Шелкового пути) Агеева, Пацевич, Бичурин.
ТАРИХНАМА: Қаңлылар – қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар – ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. В.Востров олардың ежелгі тайпа жəне түркі тілдес екенін нақтылап берді. А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған. Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ. – б.з. Ү ғ.) – Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мəселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады.