5. Ежелгі Қазақстан территориясындағы тас дәуірі: зерттелуі, кезеңделуі, ескерткіштері
ТАРИХНАМА:
Ежелгі Қазақстан археологиясындағы тас дәуірін зерттеу бойынша төрт кезеңге бөлсек болады:
1) Патшалық Ресей заманындағы орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясының еңбектері жатады. Олардың арасында Кастанье, Рычков, Педащенко бар;
2) Ал екінші кезеңі революциядан кейін басталып, 20 ғасырдың 40-50-жылдарына дейін созылды. Зерттеушілер қатарына М.Грязнов, М.Коморова, П.Рыков, С.Руденко бар;
3) Үшінші кезеңде 1946 жылы Ш.Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институт ашылды. Бұл кезеңде Ә.Марғұлан, С.Черников; К.Ақышев, Г.Ярмак; Х.Алпысбаев; М.Клапчук болды;
4) 4-інші кезең Қазақстан тәуелсіздік алған кезден басталды. (Ж.Таймағанбетов).
Елімізде тас дəуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уəлиханов атындағы тарих, археология жəне этнография институтының ғылыми қызметкері тас дəуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дəуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дəлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нəтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дəуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дəуірін зерттеуді Ə.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы жəне жетекшілігімен 2000 жылы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері.
Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда – Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.
Достарыңызбен бөлісу: |