Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.
Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. Мәдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.
Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары – Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда – Қызылсу қорымы және т. б.
Жаңа тас ғасыры – неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).
6. Ғұн тайпаларының этникалық және саяси тарихы. ТАРИХНАМА: Ғұн тайпаларының этникалык тарихы жөнінде зерттеп жүрген Т.Омарбеков. Отандық тарихнама бойынша ғұндар туралы зерттеген ғалымдардың бірі бұл Қ.Салғараұлы.(Ұлы қағанат), , Н.Мұхаметханұлы(Қазақ тарихының өзекті мәселелері) атты еңбегінде қазақтың этнотерриториялық құндылық мәні ғұндардан басталады. Батыс ғұндар мәселесі бойынша Отандық тарихнамада қалап тартқан Қ.Т.Жұмағұлов. Көптеген тілдерде жарық көрген Қ. Жұмағұлов еңбектері. Атап айтсақ, «О военном искусстве гуннов по данным зарубежной археологии».