Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Үйсіндер мемлекетінің қоғамдық құрылымы



бет8/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151
7. Үйсіндер мемлекетінің қоғамдық құрылымы.
Деректер: Үйсіндер туралы деректер бірашама сақталған. Оларға ауызша, жазбаша және археологиялық деректерді жатқызамыз. Ауызша деректерге шежірені жатқызамыз. Б.з.б ІІІ- б.з ІІ ғасырларда Орталық Азия аумағын мекендеген ғұн, қалы, үйсін тайпалары жайлы мәліметтер көне қытай деректерінен белгілі. Қытай экспансиясының батысқа бағытталуы осы тайпаларды зерттеуді қажет етті. Бұл деректерге «Тарих жазбалары», Хан кітабы кіреді. Археологтардан К. Ақышев пен А. Кушаевтың еңбектері кіреді.
Н.Мыңжанұлы, Н.Мұхаметханұлы
Зерттеген – АКИШЕВ, Кушаев «Древння культура саков и усуней»
Акишев «Зимовки-поселения и жилища древней усуней»
Зуев «К вопросу о языке древних усуней»
Б.з.д. ІІ – б.з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дəрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дəлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нəсілдік жағынан сақ дəуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ: Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. Үйсін қоғамы бір текті болмаған, онда байларжауынгерлер мен абыздар және қарапайым малшылар мен егіншілер өмір сүрді.
 Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралып, үй шаруашылығында пайдаланылды. Үйсіндерде басты байлық- мал мен жер болып саналды. Ең бай адамның 4–5 мың жылқысы болған. Байлар өзінің жеке меншігі екенін білдіру үшін жылқыларына ен салып, таңба басты. Б.з.б. І ғасырда ежелгі үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену басталды. Жеке меншіктің болғанының бір белгісі – жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі болып табылады. Таңбалар дүние мүлікке, үй малдарына салынды. Үйсін қоғамында әскер басшылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтын, мыстан жасалған мөрлері болса, лауазымы төмендердікі тас, қыштан жасалды. Дәулетті адамдардың киімдері көбінесе биязы жүннен тоқылып, жібектен матадан тігілді. Олар жібекті жылқыға айырбастап немесе сыйлық, алым есебінде Қытайдан алып отырған. Қарапайым адамдар жүннен тоқылып, былғары мен қой терісінен тігілген киімдер киді. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген обалардан да білуге болады. Үйсін обалары көлемі жағынан 3-ке бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет