Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет7/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Ғұндар жайлы жазғандар: Ресейлік шығыстанушылар Н.Аристов, В.Радлов; Ғұн туралы алғаш жазылған еңбектің бірі Рене Груссенің «Империя степей» атты еңбегі, мұнда ғұндардың мемлекеті жөнінде жалпы шолу жасаған. Одан бөлек В.Бартольд, В.Владимирцов және Л.Гумилев бастаған ғалымдардың еңбегі; Л.Гумилевтің «Хуну», «Ғұндар Қытайда» атты еңбектері ғұндар бойынша көлемді еңбектердің алғашқысы. А.Хазановтың «Кочевники и внешний мир» атты еңбегі белгілі. Н.Крадиннің «Империя хунну» атты еңбегінде ғұндарды сипаттайды. Е.Кычанов «Кочевые государство от гунновдо маньчжуров» деген монографиясы бар.
ДЕРЕКТЕР: Б.з.б ІІІ- б.з ІІ ғасырларда Орталық Азия аумағын мекендеген ғұн, қаңлы, үйсін тайпалары жайлы мәліметтер көне қытай деректерінен белгілі. Қытай экспансиясының батысқа бағытталуы осы тайпаларды зерттеуді қажет етті. Деректер қатарына: Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» атты еңбегі; Бан Гудың «Хан әулеті жылнамасы».
А.Бернштам ғұндар жайлы зерттеулерді салыстыра келе, ғұндардың шығу тегі жайлы көзқарастарды төрт топқа бөледі:
1) Ғұндар моңғол тектес болды деген бағытты қолдаушылар. Олардың қатарында П.Паллас, Шмид, Бичурин және Нейман бар.
2) Ғұндар түркі тілдес болды деген ұстанымдардағы Абел Ремюза, Ю.Клапрот, Ф.Мюллер, Радлов, Гумилев.
3) Ғұндар фин угор тектес деген көзқарас бар. Оны фин ғалымдары ұстанған: М.Кастрен, Коскинен, П.Усларлар ұстанған.
4) Ғұндар славян тектес ұстанымын ХІХ ғасырдағы Ресей зерттеушілері Иловайский, Венелин, Вельтмандар қолдаған.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан – байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан əр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың əсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) əр түрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар туралы мəліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мұхиты мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан əрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табылады. Ғұндар 24 руға бөлінген. Əрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп əскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру əйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мəжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен əскери-саяси қуаты басым Хань əулетін ғұндардың Ордостағы көшіпқонатын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мəжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен “өзара тыныштық жəне туыстық туралы шартқа” қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын əйелдікке беріп жəне жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеледі. 
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған. Елді шексіз билік иесі – шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректер ғұндарда малға жəне жерге де жеке меншік болғанын білдіреді. Ер азаматтардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн əскерінің негізін атты əскер құрады. Ғұндар жауынгер халық еді. Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дəуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет