Көтерілістің негізгі қозғаушы күші: шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты.
Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарайтын Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.
Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шегаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.
Исатайдың ең жақын серігі – ақын, беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, татар және орыс тілдерін үйренеді.
Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін Орынбор губернаторы В.А. Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырайды. Исатай осы шайқаста қаза табады 1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.