Ұлы жүз бен Солтүстік Қырғызстан шекарасында орналасқан бекініс Кәстек 1859 жылы салынды. 1860 жылы подполковник Циммерман бастаған әскер Қоқан хандығының Тоқмақ және Пішпек бекіністерін басып алады. Пішпек Қоқан хандығының негізгі орталығы болды.
1860 жылы Ұзынағаш түбінде қоқандықтар жеңіледі.
Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы мен сабақтары.
Жоламан Тіленшіұлы көтерілістері және Елек өзені жайлы зерттегендер: Хохлов И.С. География Оренбургской губернии. Описание Оренбургской губернии в физическом, этнографическом и административном отношениях. — Оренбург, 1896. — 254 с.
Алекторов А.Е. История Оренбургской губернии. — Оренбург, 1883. — 192 с.
БекмахановЕ.Б. Присоединение Казахстана к России. — М.: Изд-во АН СССР, 1957. — 340 с.
Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). — М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1940, Т. IV. — 543 с.
ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ КӨТЕРІСІЛІ:
XIX ҒАСЫРДЫҢ 20—30-ЖЫЛДАРЫ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОТАРЛЫҚ саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды.
Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды.
1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.
ТАБЫН РУЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМДАРЫ ЕЛЕК ӨЗЕНІ АУДАНЫНДА орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.
ЖОЛАМАННЫҢ ӘКЕСІ ТІЛЕНШІ КЕЗІНДЕ СЫРЫМНЫҢ ЖАҚТАСЫ ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды.