Ереженің атауы
|
1822 жылғы
«Сібір қырғыздарының жарғысы», Орта жүзде хандық билік жойылды
|
1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының жарғысы» , Кіші жүзде хандық билік жойылды
|
1867-1868 жылдардағы реформа
|
Авторы
|
Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский
|
Орынбор генерал-губернаторы П. К. Эссен
|
Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс
|
Мақсаттары
|
Солтүстік-шығыс өңірдегі әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту
Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету
Орта жүздегі хандық билікті жою
|
Кіші жүзде хандық билікті жою
| |
Сатылары
|
Үш сатылы басқару
1822 – 1824 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАРҒЫНЫ БЕКІТКЕН
І АЛЕКСАНДР
|
Бес сатылы басқару
(ауыл, болыс, уез, облыс, генерал-губернаторлық)
|
Өзгерістері
|
1. Округ
|
аға сұлтан
(үш жылға сайланды)
|
15-20
болыс
|
Бөліктер
(Батыс, Орта, Шығыс)
|
сұлтан-правительдер
|
1. Түркістан генерал-губернаторлығы (орталығы – Ташкент).
2. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы (орталығы – Омбы).
3. Орынбор генерал-губернаторлығы (орталығы – Орынбор) 1872 жылдан Бөкей Ордасы Астрахань генерал-губернаторлығына, 1870 жылдан Маңғыстау жасауылдағы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына бағындырылды
|
2. Болыс
|
болыс сұлтаны
(мұрагерлікпен берілді)
|
10-12
ауыл
|
Дистанция
(54)
|
ру шонжарлары
|
3. Ауыл
|
ауыл старшыны
(үш жылға сайланды)
|
50-70 шаңырақ
|
3. Ауыл
|
ауыл старшындары
|
Нәтижесі
|
Рулық қақтығыстарға соққы берілді
Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасалды
Отарлық саясаттың кеңейе түсуіне жол ашылды
|
Бөкей Ордасында хандық билік 1845 жылға дейін сақталды
Отарлық басқару нығайтылды
Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды
|
|
ЖАУАП: 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ереженің» қабылдануы, оның мәні мен мақсаты.
Сібір қазақтары туралы Жарғы. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті.
1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты такка отырғызылған оның үлкен үлы Уәлидің қатыгездігі халықтың наразылығын туғызды.
1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды - Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті.
Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді.
Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді:
Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.
Енді Орта жүз қазақтарының жері Сібір генерал-губернаторлығы деп аталды. Құрамына: Тобыл, Том жөне Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды.
Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарагай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмүрын, Алатау округтері(1856ж.) еді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |