1816 – 1821 жылдар аралығында Арынғазы Кіші жүздің ханы болды.
1824 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
Кіші жүз үшке бөлінді: Бөкей Ордасы Астрахан губерниясның құрамына енді. Маңғыстау Закаспий облысының құрамына енді. Ал үшінші бөлігі Орынбор қазақстарының аумағына енді
Бөкей Ордасында хандық 1845 жылға дейін сақталды.
Қоқан хандығына қарсы Ұлы жүз қазақтарының көтерілісі (1857 ж.)
Негізгі зерттеулер:
Асфендиаров С.Д. История Казахстана. - Алма-Ата, 1993;
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. - М., 1957;
История Казахской ССР в 5-ти - Алма-Ата, 1979. - Т. 3;
История КиргизскойCCP. - Фрунзе, 1968. - Т.1;
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. -Алматы, 2000. - Т.3;
Мадуанов Сейтхали. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии вXVIII- началеXIX вв.: Автореферат ... д.и.н. - Алматы, 1997;
Набиев Р.Н. Ташкентское восстание 1847 года и его социально-экономические предпосылки. - Ташкент, 1966; Он же. Из истории Кокандского ханства. - Ташкент, 1973;
Наливкин В.П. Краткая история Кокандского ханства. - Казань, 1886;
Плоских В.М. Киргизы и Кокандское ханство. - Фрунзе, 1977;
Хасанов А.Х. Народные движения в Киргизии в период Кокандского ханства. - М., 1977.
1857 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі:
➢ Қоқан хандығының езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс 1857 жылы наурызда Əулиеата маңында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары. Көтерілістің себебі:
- Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз жақындарына беруі
- Қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге қосымша салық салуы.
➢ Көтерілісшілер Əулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан бекіністерін қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.
➢ 3000 қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады.
➢ Көтерілісті басуға келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды.
➢ Қоқан әскерлерінің жақындауы қазақ ауылдарын Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуге мәжбүр етті.
➢ 1858 жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады.
➢ Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худиярмен ымырластық келісімге келді. Көтерілістің басты ошақтары аяусыз жаншылды.
Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |