Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы



бет12/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы. Бүкіл өмір жолы тарихи бостандық пен теңдік үшін күреске толы, еркіндік сүйгіш, еңбеқор Орта Азия халықтары -соғдылар, бактриялықтар мен сақтар сонау ерте замандарда – ақ өздерінің жерлерін бай да сәулетті аймаққа айналдырды. Сондықтан олардың байлығына қызығушылар көп болды. Олар Орта Азия жерін басып алуға тырысты. Оның мысалын біз парсылардың, одан кейін гректер мен македондықтардың басқыншылық әрекеттерінен көрдік. Парсылар мен гректер ежелгі замандарға дүниені дірілдеткен қуатты мемлекеттер болған еді. Сол замандардағы көптеген мықты мемлекеттерді жаулап алып, халқын құлдыққа салған болатын. Бірақ олар қаншама құдіретті бола тұар Орта Азияға келгенде тауы шағылып, тойтарыс алып қала беретін. Өйткені мұнда тәуелсіздік пен бостандықты бәрінен де жоғары қоятын, өр мінезді, ер тұлғалы халықтар өмір сүрді. Ерлер ғана емес әйелдер де, тіпті балалар да басқыншыларға қарсы күресті. Александр басып кіргенде қалалар бос қалды. Өйткені оның тұрғындары өліспей беріспеді. Ал тірі қалғандары Спитаменнің әскерлерінің құрамына барып қосылып, күресті жалғастыра берді.


Томирс, Спитамен сияқты қолбасылар жауды жеңіудің тамаша тәсілдерін кейінгі ұрпақ үшін үлгі етіп қалдырды. Соғыс өнерін дамытты.
Сақтардың қарапайым жылқышысы Шырақ есімді жігіттің I Дарийдің басқыншыларына ерен ерліктің қандай үлгісін көрсеткенін сендер осы сыныптың « Ежелгі Қазахстан тарихынан» толығырақ білетін боласыңдар. Оның ісі тек Орта Азияда ғана емес, басқа да көптеген аймақтардағы халықтар үшін ерлік ретінде жырланды.

1. Александр Македонский (Ескедір Зұлқарнайын) туралы не білесіңдер?


2. Александр Македонский Соғды елінің астанасы ежелгі Самарқан қаласын қай жылы
басып алды?
3. Ескендірдің Орта Азияға басып кіруі туралы әңгімелеп беріңдер.
4. Спитамен деген кім? Оның Александрға қарсы күресі туралы не айтасыңдар?
5. Александр неге кері қайтуға мәжбүр болды деп ойлайсыңдар?
6. Орта Азия халықтарының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің маңызы неде? Ол
күрестен қандай нәрселерді үйренуге болады деп ойласыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет