Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

ІІІ
Нар шөлдемес қанағаттың зарлысы.
Шүкір еткен қане, қайда, нар кісі!?.
Халық деген бір атауы – Алланың,
Ел қарғаса, ол Құдайдың қарғысы!
Ел бақыты – ер бақыты ырыс-бақ!
Ұлт жанына ұлы келер тыныс сап.
Жамандардың жиған малы харамнан,
Өз сүйегін шабар көрде қылыштап.
Жүрегіңе салып алғын ұлтыңды!
Жалғастырып жан бабадан бір тінді.
Жаманды қой, қараниет сұғанақ,
Ұлтын тонап, ұрлап алған күлкіңді.
ІV
Жаным менің, нарым менің – бозжайнақ!
Тілек сүт те, сөз қаймақ.
Нарды көрсең тілеп өткін тілегін,
Сүріндірме көз байлап.
 
Нағыз нардың əз жолында жүк қалмас!
Ұл адал ма!?.. Ұлт қолынан түк те алмас.
Нар тудың ба – уыз бер де аяла,
Тасқа шапсаң бітті алмас.
Есіміңді ел құндақтап сүйінер,
Елесіңе иілер.
Сен жоқ күннің барлығын да еске алып,
Сүйінер де күйінер.
Ел мақтаса, Алла сүйер алдыңнан.
Сол үшін де нар құрбан.
Сахабадай иман жина тіріде,
Адамзатқа тек өнеге қалдырған.
Нарлар қайда!?.. Боздау көңіл ботамыз.
Ботам қайда!?.. Шоқтай шындық, от аңыз.
Жаман құрсын несін айтам жан құса,
Ал, жайсаңнан кімді жырға қосамыз!?..
Қайран менің Сəуле апам
1
, жан апам!
Нар көрінер қайсы тұсқа қарасам?!
Азын-аулақ жанға шипа табамын,
Жан жарасын жыр тілімен жаласам.
Көз талады сахараға қарасам.
Ал, көңілім ала шаң.
Көрсет маған Нарқоспақтың баласын,
...Жан апам! ...Жан апам!
БІР КӨРІНІС
Шашын жайып қап-қара түн, қара түн,
Аш бүйірін аймен ілгеп таңатын.
Күн шықты ма күбір-күбір тіршілік,
Ұйқылы-ояу еппен демін алатын.
Шүкір қылып түннен таңға жеткенін,
Сүйретеді шаруа шалғы, кетпенін.
Шəкірт бала бетке алады амалсыз,
Көп жақтырмай «алтын ұя» мектебін.
Бітіп болмас ұстаздардың ақылы,
Қу тірліктің таусылмайды мəтіні.
Малды сабап айдап жатыр өріске,
Момын шалдың зəр-көгала қатыны.
1
 Сəуле – С. Мешітбайқызы.

182
183
Мосыдағы шəйнек қайнап түкірді,
Жанды-күйді түкірінді, ұтылды.
Сөйтіп жүріп түс ауды да кеш болды,
Түпсіз түнге тағы ауыл жұтылды.
НЕГЕ КЕРЕК ТІЛІН ҰҒЫП ҒАЛАМНЫҢ
Жыр жазғанның көңілінде мұнар-жас,
Жырдан қашып жүре көргін ұлан жас.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Пəк жаныңды кеміреді кер жалған,
Жанып-күйіп жана беру неңді алған.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Керегі не тілін ұғып ғаламның,
Мұқтаж болмақ оның үшін саған кім?..
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Сорың қалың жан екінсің жатпайтын,
Көңіліңе көшкен бұлтты сақтайтын.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Қаңбақсың ғой жел айдаса сырғыған,
Өз қағынан үркіп қашқан жыр құлан.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Қара жерден тұрақ таппай тұншығып,
Көк аспанға көп қарайсың құлшынып.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Жүрегіңді құрау-құрау жамаған,
Жамылады, жастанады бар адам.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Аппақ самай қара тірлік, қам тірлік,
Қайдағыдан көңіл қалып сарқылдық.
Өзіңді – өзің отқа салып өртенбе.
Əуезін-ай бал шығыстың жырдағы,
Жырлағым кеп, жылағым кеп тұр-дағы.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Қайдан қалам ұстап жүрсің қарағым,
Қарай-қарай қайғы ойлаумен барамын
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Көңіліңнің запыранын көз құсып,
Ақ парақтан əріп теріп, сөз жұтып.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Өз басыңның бостандығын кеміріп,
Елестерден есің кетер жеңіліп.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Қайда кетіп бара жатсың қарғашым,
Құдай басқа ақындықты салмасын
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Онсызда бұл жаһаннамның жалыны,
Бастан ауып басылмаған зарығы.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
Өлеңсіз-ақ сүйе бергін ғаламды,
Жырдан іздеп жын қақты ма бағаңды.
Өзіңді-өзің отқа салып өртенбе.
* * *
Көзіңнен көктем бүр жарған,
Жүрсің бе есен нұрлы арман.
Ай болып қарап өткен күн,
Жұлдыз боп тамып тұр жалған.
Жалғанның жарық нұрлысы,
Көңілдің көркем бір құсы.

184
185
Мұқаңдар
1
 айтқан «Валеттей»,
Қасыңда жүрген кім кісі?!
Үнсіздік деген ұлылық,
Үмітсіз көңіл тұр ұлып.
Ерінін тістеп бір бейбақ,
Еріксіз кетті бұрылып.
Сағымға сіңді сарғайды,
Ұқтырды үнсіз бар жайды.
Көзіммен іштім елесін,
Көңілдің шөлі қанбайды.
БІТКЕНІ МЕ ОСЫМЕНЕН ЕР ІСІ
Көп күн өтті көңіл шіркін елемей,
Жалындаған жігіт едік жебедей.
Енді орын жоқ бұрылармыз қай жаққа,
Жағалауға шығып қалған кемедей.
Қорқаулардың қоян сүрлеу желісі.
Өткіншінің сырпылдайды кебісі.
Саған енді не демекпін жалғаншы,
Біткені ме осыменен ер ісі.
Кімге қайыр қылатындай іс қылдық,
Өтті өмір, көрген бейне түс қылдық.
Бес саусақты бірге бүгіп көрмей-ақ,
Бетегеге шығып алып ысқырдық.
1
 Мұқаң – М. Мақатаев.
* * *
Билік айту несін алған бəлсіну,
Болмағасын тəн Тəңіршіл, жан сұлу.
Желкесінде арам байдың түлені,
Қанды қолын жумаса да хан сұлу.
Əміршілер қырғи тектес қырағы,
Əлсіздердің өшті мəңгі шырағы.
Аңызаққа аңқа кеуіп уілдеп,
Паналайды жылға менен жыраны.
* * *
Кеуде қуыс, шығар-шықпас жан қайда.
Жыр кəусарым ішсем шөлім қанбай ма?.
Қайда менің бал сыбызғы əуезім,
Таң сəулесі тамшылаған таңдайға.
Көмейім де көлім бар-ды шалқыған,
Өзегім бе, өзегімде бар тұман.
Не жазса да көрем енді маңдайға,
Бəрі бір де осы жалған қалмай ма?!
... Несіне Мен, тартынам!?
ЖАЛҒЫЗ АУЫЗ СӨЗ
Ер үзілді шарасында кек қалды,
Жалғыз ауыз сөзін айтты тек, мəнді.
Дүниеге келмеген жан шынында,
Келгендерден бақыттырақ деп қалды.
Неге тудың гүл көктемнің бүршігі,
Деп едім Мен, көзінен жас ыршыды.
Шарап сынды ақыл-естен айырар,
Бұл өмірдің у-лəззаты бір шыны.

186
187
Ал, ішіп қой, өміріңді сіміргін.
Достан дұшпан жасап ал да, ілінгін.
Өмір-ай деп запыранды құса сал,
Күбірле де ұшыменен тіліңнің.
Қандай қызық, базар көрдің, бақ көрдің?
Ауызына ұя салдың нақ көрдің.
Арты айқас, алды шайқас бүлінгі,
Ала майдан дүниеге тап келдім.
ҰМЫТТЫ ОЛАР...
Қарқылдайды ала қарға, сұм қарға,
Ал күліңдер, кімдер құзғын, кім қарға.
Қой сияқты қоңыр еті қоңсыған,
Қораңызда қойдан жуас біз барда.
Қой болған соң қоңыр кеште жем болмақ,
Қасіретке қара көзі тең болмақ.
Өз Отанын өліп-өшіп кемірген,
Өңкей ұры енді қалай ел болмақ?!..
 
Қайран елім сенің көзің жылаулы,
Ұмытты олар ұлттан оны сұрауды.
Сен əзірше тірі жүрсің аяқтай,
Аяқасты ұят көріп құлауды.
Құламашы, сəл шыдағын, құлама.
Өрт ішінде өлі кезең бұл ара.
Өлме енді өрт ішінде шыдап бақ,
Құлаған жан қайта сосын тұра ма?!..
* * *
Шаншылып көк найзағай көктен келді,
Ойқастап ойран қылды тепсең белді.
Шалғыны шаршы топтың отқа оранды,
Ақ жалын жалмап жатыр жеткен жерді.
Етегі елпілдеген күйікті қыр,
Өзгеше өрттен ыстық күй ұқты бір.
Кемсеңдеп келер жылдан бақ күтіп тұр,
Құдайға қолын жайған сүйікті құл.
Бір Алла қорған болсын пендесіне,
Қол жетпес Тəңір-Хақтың бермесіне.
Мысалы: өмір – жасыл, өлім – жасын,
Кім кепіл тас төбеңнен келмесіне.
Жан Алла, жамағатты сақта Құдай,
Жақ дейді қашаннан да аққа Құдай.
Құдайға мың да шүкір бұйырған дəм,
Ақ адал маңдай термен тапқаным-ай!..
* * *
Ер көңілі езіркеу,
Жар көңілі жабырқау.
Жанның да мұнар көшкіні,
Жаныштап бітті естіні.
Білгеннің көзі жылаулы,
Өлшеулі өмір, сынаулы.
Білместің жүзі жарқын-ды,
Қайғысыз қайтсін халқыңды.
Білгеннің күні құрысын,
Тарылып бітер тынысың.
Білмеген жандар бақытты,
Бақ іздеп алға асықты.

188
189
СƏУЛЕЛІ ШЫҒЫС
Ерлері ерен үндемес,
Сыртыңнан сымпып күндемес,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Ұланы сенім ақтаған,
Жастарын жастай баптаған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Еңбектің отын маздатқан,
Аз сөйлеп жəне аз жатқан,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Ғылым мен білім жүрегі,
Ой сатып үнсіз жүреді,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Сыйласық нəрін шырын ғып,
Күлгені қандай уылжып,
Жапондар неткен Отаншыл.
Гүлдей боп əсем иілген,
Гүл көрсе болды сүйінген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Отаны үшін жан берген,
Ойсыз жұртты таң көрген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Дəстүр мен салтын сақтаған,
Болса да қанша ақ табан,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Халқына ханы ұл болған,
Ұлықтап ұлтын құл болған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Қазына ұрлап жемеген,
Қамықсаң сүйеп демеген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Намыс пен ардан нəр алған,
Ант пенен серттен жаралған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Отаны үшін туылған,
Ойланбай қылыш суырған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Əлемге тілеп тыныштық,
Ұрпақты өсір құрыш қып,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
 
БІЛМЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ БІЗ ҒАНА
Ақ самайы – ақ шағыл, ақтылы құмға түстендім,
Көктен сонау түскен кім!?
Періште мекен перделі,
Пері де мекен жердегі,
Болған істе болжау жоқ, бор төбеде тістендім.
Жерден шығып көртышқан желкелігін қасынды,
Көр тышқан білді, жасырды.
Білмейтін жалғыз біз ғана,
Білесіз оны Сіз де аға!
Құшаққа пышақ жасырып, ауыртып жүрсің басымды.
* * *
Мамыр мен келді маусымы, Маңғыстау неге түнермек,
Қыр түрленіп гүл өрмек.
Майда сөйлеп самалы, мамырлап шөгіп мұнары,
Ер тұлпарын жүгендеп.

190
191
Сапар алды жұмбақ-ты, сардардың жүзі тұнжырап,
Бармағын тістеп жүр жылап.
Өксігін басып жүректің, өзінше күлген болады,
Созылмас көпке бұл бірақ.
Сатқындар нұсқап көрсетті, дұшпанға түріп жырмасын,
Сақтаған иттер бір басын.
Қазақты бермес ешкімге, қайраулы қылыш көкбөрім,
Жаралған нұрдан текті едім.
Құрмалы ердің жиыны, құрсақтан шыға көргенім,
Маңғыстау – менің мектебім!
Ерлік пен елдік біздікі, қазақтың қайсар ұлымыз,
Жорықпен айттық мұны біз.
Аялап ұста ақ жүзін алашқа біткен намыстың,
Ағайын сөзді ұғыңыз?!
ЕСІРДІҢ КҮЙІ – «АҚЖАРМА»
Ақжарма күйдің ағыны, ойнаған от пен жасыннан,
Сарқырап саумал қасымнан,
Саусаққа көзім маталып, сағыныш толған кеудеммен,
Көңілім күпсіп тасынған.
Епіршік үріп нұр іштім, сабасын күйдің сапырып,
Ақжарма көңіл жасымнан.
Ойрандап Патша
1
 орданы, əлсіздің күні сол-дағы,
Дұшпаным болды олжалы.
Құрымға орап құл қылып, күлге итеріп күң қылып,
Жол бастатып зорлады.
Атанның жүгін арқалап, атамның мұңын дерттедім,
Жан сазымды шерт менің.
Үдекке толы үстіртім, қан жалаған қасқа жол,
Келді ме қайта кеткенің?!..
1
 Сібір мен Орта Азия елдерін барлау мақсатында Маңғыстау жеріне 
келген ке зекті бір экспедицияның жау-жарағын қамтамасыз ететін отрядқа 
тоқсан түйе, тоғыз түйеші алынған. Олардың арасында əйгілі күйші Есір 
Айшуақов та болады. Сол сапардан аман оралған соң «АҚЖАРМА» күйін 
шығарады.
Толды ма орны ерлердің, бесқару қайда белдегі,
Қарусыз қаңбақ ел ме еді.
Ақжарма күйді тартайын, ағытып сырдың түймесін,
Ақ жаңбыр күйім сел ме еді.
Алашқа біткен бұл күйді, Алланың өзі берген-ді,
Атасы күміс зерден-ді.
Сазға да толы сандығым, айналсаң мұны таппассың,
Шеңберлі қара жерді енді.
Маңғыстау ғана туады дəл мұндай күйдің төресін,
Өрнекті күйдің өресін.
Етегі жайлау мекенім, екі де көзде бір бұлау,
Күй болып боздап келесің.
* * *
Жайнаған жарық күннің самалы ма,
Жел қанат жыр біткен-ді қаламыма.
Керелеп кезіп жүрмін жалғаншыны,
Үңілдім ғасырлардың аранына.
Тулаған, турап түскен көрінгенді,
Дүние өзің жайлы не білгем-ді?
Сүйретіп өткендердің елесі жүр,
Ағытып үш байлаған кебіндерді.
Самал боп, сағыныш боп, жел келіп жүр,
Жел жемсеп жер түбінен ел келіп жүр.
Кеткен соң көзден жарық, жаннан тұрақ,
Рухы ұлы көштің сенделіп жүр.
Өтеді көз алдымнан сан ғапылдар,
Қол беріп қоңыр көшке жалғасыңдар.
Келеміз сыңар аяқ соқпақ пенен,
Артта өрт, ал, алда ма, алда сын бар!

192
193
КӨШ ТІЗГІНІН ҰЛ АЛДЫ
Жер астында мың арман,
Жер үстінде шығар жан,
Солардың айтып баянын ескіден қалған мешіт тұр.
Ай жаңасын көп көрген,
Жыл ескісін өткерген,
Өкірген күннің өзенін толарсақтан кешіп тұр.
Құлпытас қарап құнтиып,
Бесіктес жатыр бұлтиып,
Жабырқау қырдың көңілі жаназа күйді есіп тұр.
Бабамнан қалған мұрам-ды, бұйырса мəңгі тұрар-ды,
Өткенді жалғап ертеңге,
Шерлінің күйін шертерге,
Еппенен кейін шегініп, көш тізгінін ұл алды.
МАЙЛЫБАЙ АҒАҒА
1
Таң атты бірақ күні жоқ,
Біреулер бар да, бірі жоқ.
Өлінің елі тұрақты,
Өмірден көшпес тірі жоқ.
Таң менен талас құлапты,
Алладан иман сұрапты.
Азамат ердің сойы еді,
Біздерден ол да ұзапты.
Елесі қалды санада,
Қош енді, қош бол, жан аға!
Сырласып жүріп сыйластық,
Шайтан да түспей араға.
Білмедік қанша таң барын,
Білеміз шығар жан барын.
Сауапты жерде көп жүрген,
Құлы едің адал Алланың!
1
 Майлыбай аға – Майлыбай Əминұлы Аймағанбеттегі.
ЕР ХАФИЗДІҢ ЕРМЕГІМІЗ
Талайдың таңдап сүйдік еркелерін,
Күй едім күмбірлеген серпер едім.
Немерем енді ойнап жүр ат қып міне,
Керімсал кербездердің кертөбелін.
Шу дейді атанақтап шапқан болдым,
Əлдилеп əнге салып баққан болдым.
Өткеннің бəрін кілттеп сандықшаға,
Көңілін болашақтың тапқан болдым.
Бұл күнде Ер Хафиздің ермегіміз,
Рас па алпысқа да келгеніміз.
«Мың алғыс мырза құдай немерені,
Атасын ат қып мінер бергеніңіз!»
Бұл өзі Пайғамбардан қалған бақыт,
Болармыз болашаққа таңнан ғашық.
Келеді жақсы үміт пен тəтті қиял,
Жетелеп жең ұшынан алдан қашып.
АЛТАЙ ТАУЫНА БАРҒАНДА
Алтайдың тауы ақ бесік,
Бұл күнде жүрген жат көшіп.
Ту ілген жерге қунап көп,
Ту биесі тулақ боп,
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Алтайым – аппақ жөргегім,
Əріден салған өрнегім,
Шаршыңа шығып өрледім,
Шатыр да тігіп төрледім,
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.

194
195
Түп атасы тұлпардың,
Дүбірлі күнге іңкəрмін.
Қайғы боп бастан бұлтардың,
Қайырып үнсіз ұлтардым.
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Алтайдың тауы аршалы,
Арбайды сұлу баршаны.
Жанымның ару аңсары,
Жау құшып сені тамсады,
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Қар жамылған ала шың,
Алаштың білдің шамасын.
Көзіңнің сүртіп қарасын,
Көңілге бұлау саласың,
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Жəудіреген ақ марал,
Ақ маралдан жоқ халал.
Халалды сүйсең ақтап ал,
Қапыда салды жат қамал.
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Дегені болмас пенденің,
Айналса көктің шеңберін.
Кербез де керік кермелім,
Сен шүбəсіз, мен де мін.
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Көкпенен шалғай таластың,
Көп сорлаған алашпын.
Қаншама жаумен жанастым,
Қаншама жолдан адастым,
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын.
Қош аман бол, ақ шыңым,
Жоғалтып білдік бақ құнын.
Терең бір ойдың тап түбін,
Тебіреніп жат күнім!..
Қонысым саған зарықпын,
Қазақ та деген халықпын!
КІМ ҚАТАРҒА АЛАДЫ!?..
Мен саған сендім, сенем жыр,
Наркескен қылыш, берен-жыр.
Қазаққа біткен сөз өлмес,
Өлді деп тілді не деп жүр.
Салтанат кетпес төр ем бір,
Төріңді берме, өрен жыр!
Өрелі майдан, қызыл тіл,
Айдыны шалқар, көл ем бір.
Өлді деп тілді не деп жүр?!
Өлімнің өзін өлтірген,
Мəңгілік тірі кемел жыр!
Үмітім көп-ті сенен жыр.
Өлді деп сені не деп жүр!?
Қасыдым білем жараны,
Жаралы көңіл, налалы.
Өлтірсе тілді бұл Қазақ,
Ту ұстап қайда барады!?
Кім қатарға алады!?

196
197
НЕГЕ КЕРЕК ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ КҮЙІГІ
Неге керек өлең сөздің күйігі,
Шешілмейтін көп күрмеудің түйіні.
Өлең деген тарпаң сынды таудағы,
Кіл асаудың үйірі.
Неге керек жырдан шырақ жаққаның,
Барар жері бақытсыздық қасқаның.
Тағы бір у қосылсын деп тостаққа,
Көңілімнің бір тамшысын тастадым.
Неге керек, неге келдің оқырман,
Жол сұрамақ болдыңыз ба соқырдан.
Қанша күннің кетті өртеніп парағы
Менің жанған рəсуа отымнан.
 
Неге келдің у ішкелі келдің бе?!
Ақын құйын, ақыл айтпақ жел кімге?!
Жанған отты жандарына салып ап,
Ақындармен өмір сүрмек ел бірге.
Неге келдің зəрін ішіп бұл жырдың,
Тəттісін-ай құрғырдың.
Өлең деген желідегі бота ғой,
Көздерінен сорғалаған тұнжыр мұң.
Жаңғырықтар мекенінде жаным бар,
Сағымдардан іздеп мені табыңдар.
Мен осынша арпалыспен күн кештім,
Тірі жүрмін от ішінде бағым бар.
* * *
Көп қиындық тартып жүрсің көркемім,
Сағанда бір қонар бақыт бар шығар.
Жылай білсе намыстанып ерте кім,
Сол ертерек от боп қайта шарпынар.
...Бақытыңды тартып ал!
Көп күйіндің, көп жазықты болдың да,
Шыда бірақ, бақыт сені табады.
Ішке салып өз отыңнан толдың ба,
Күресе біл, сырттан қыдыр бағады.
...Сені бақыт табады!
ДҰШПАН ДАЙЫН...
Сары сандық боз құмдар,
Боз құмда жатқан боз мұндар.
Жусан болып шықтыңдар,
Жуасып қолды создыңдар.
Бетеге болып бел астың,
Ебелек болып ел астың.
Қан шеңгел қара саусақпен,
Жүрегіңді жеп астың.
Қаңбақ та болып домалап,
Тағдыр айдау, жол азап.
Қайырған малдай тобымен,
Қайғыға салды қоралап.
Маңғыстау қалды шалғайда,
Шаттанып айтар əн қайда?..
Атажұрт көзден кеткен соң,
Əдіра бəрі қалмай ма!?

198
199
Сорасын қара жанардың,
Сонасын қара ажалдың.
Соғады жүзі дауыл боп,
Соңыңнан ерген хабардың.
Босаға қалды жат кірді,
Тістеулі тілмен жақ тұрды.
Бақайдан дұшпан өрмелеп,
Басыма арқан лақтырды.
Желкесін қиды үміттің,
Желеңін тауып жігіттің.
Тағы да заман бір түрлі,
Маңдайын тасқа ұрып түн.
Қол жайдық Бабам Сіздерге,
Көптің көзі – біздерде,
Аздың көзі – Аллада,
Дұшпан дайын тіздерге
1
.
Тізгіндеп жүріп іздерге.
БІЛЕРСІҢ ҚАЛҚАМ СОЛ КҮНІ
Құлжаның алып мүйізін,
Қыранның тағып қанатын,
Шудалы мойын шұбар бұлт қай жаққа кетіп барасың!?
Таласың бітпей қара шың,
Жаныңның тұздап жарасын,
Ел менен жерге қош айтып есіңнен жылап танасың.
Көлденең шығып ірікпе,
Үдере көшіп үріксе,
Қансыраған бөрідей жарасын өзі жаласын.
Тал бойыңнан əл кетсе,
Таңдайыңнан нəр кетсе,
Білерсің қалқам сол күні көшкен де бұлттың бағасын.
1
 Тіздеу – байлау, шідерлеу мағынасында.
* * *
Не болып кеткен саз-əнім?
Бұл да бір түрі жазаның.
Атасы менен келіні,
Ағасы менен қарындас,
Биші екен мына қазағың!?..
Жалаң күлкі, ырғыған,
Өкшелер өңкей сырғыған.
Иелеп алған жан сайын,
Ішектің бойын бір жылан.
Көйлегін шешіп бұлғады,
Айқайдан тамақ құрғады.
Қасқада болған қазақтың,
Күйі мен қашты жырлары.
Шабын тайдай тепсініп,
Ел болған түрім, ес біліп.
Жаңаның бітеу құлағы,
Есіктен қашты ескілік.
Шайнайтын бармақ кез болар,
Осының бəрін кеш біліп!...
ТҰЛПАРЛАР ҰМЫТ, ТҰҒЫР ШАТ
Жараулы тұлпар жан көрік,
Жабыға қарар таң көріп.
Сұлу да баққан мін болмас,
Сұлы да шекер бал беріп.
Кермеге салар кербездеп,
Көрімдік сұрап жел кезбек.
Жақсыны көріп қалмаққа,
Жапырып солай ел кезбек.
Айдарын мақтар алтын деп,
Құйрығын мақтар күміс деп.

200
201
Шаппай-ақ берсін бəйгесін,
Ия бұл, солай, дұрыс – деп.
Тұлпардан қайғы, шер келді,
Кермеге жабы келген-ді.
Құлагер тағдыр қасқаның,
Сазайын жолда берген-ді.
Сымбатың көздің құрты деп,
Сіңірін тістеп сілкілеп,
Бəйгіден келді кіл жабы,
Дүйім де жұртқа дүркіреп.
Тұлпарды халық қаралап,
Білгенбіз дейді шамалап.
Тұлпарлар ұмыт, тұғыр шат,
Атағы кетті аралап.
Ақ-қарасын кім білмек,
Əлі күнге жүр күндеп.
Сеніп едік біз соған,
Селеу де құйрық құрғыр деп.
* * *
Сүйіншілеп таңның алтын нұрлысын,
Сен білесің жанның нарқын жыр құсым.
Күн секілді, гүл секілді жайқалған,
Ару қыздар қолтықтайды құрбысын.
Сонау тұста жігіт сымақ керілдек,
Ойлары жоқ оңайлықпен берілмек.
Ұшып келіп гүлге қонды көбелек,
Мынау енді маған тиіс ерін деп.
* * *
Сағыныштың көзін қара күлпілдек,
Жылағаны бір түн кеп.
Етек-жеңін ай паршалап лақтырды,
Ерке қыздың қара көзін сүртің деп.
Жігіт едім сауық пенен сайранды,
Сол бір түнгі жанарымда ай қалды.
Сағыныштың қандай тəтті көз жасы,
Ай аяды, біздің көңіл жайланды.
ТУ КӨТЕРІП КЕЛЕМІЗ
Мен қырылдым қанжап болдым қансырап,
Мен қырылдым жанарымды қан шылап.
Қайта тұрдым табыт үсті тағдырдан,
Сүйегімді қатқан қаннан аршып ап.
Кім сұрайды енді менен кешірім,
Кескен қылыш Бізден Сізге бар сұрақ!?
Көрдіңіз бе,
Қансыраған денеміз!?
Қансырадық неге біз!?
Біз өлімнің өзін тұрдық өлтіріп,
Біз өлмейміз!.. Ту көтеріп келеміз!
...Бір Аллаға сенеміз!
ҮМІТСІЗ ҚЫЛМА
Жан Алла жанды жараттың,
Жан бердің бойға тараттың.
Сүрініп басып келеміз,
Тəубасы қабыл қазақпын.
Құлыңбыз біз де үмітті,
Үмітсіз қылма жігітті.
Сағыныш бар-ды кеудеде,
Іздеген шексіз Ұлықты!

202
203
* * *
Қадіріңді ел білмеген ер едің,
Сұладың ба терегім!?
Сенің кеудең алтын сандық еді ғой,
Əркім алды керегін.
Құның қанша Құдай білер жаратқан,
Жетті саған азат таң.
Өзі туып өзі сені өлтірген,
Құтылдың ба қазақтан!?..
Тыныстағын, енді жүрек тоқтайды,
Қазекеңде қан қақырып жоқтайды.
Сонда да сол өздерінен көрмейді,
Бірін-бірі соттайды.
...Бір байғұсты нысанаға іліп ап,
Соған қарай мылтықтарын оқтайды.
* * *
Кімдер шындық, кімдер өлі, кім елес,
Өтіп жатыр бір елес.
Күн қашады бетін басып батысқа,
Кірпігіңді түн созғылап ілегеш.
Қалғып тұрып, мүлгіп күліп, аттанып,
Бір-біріне үрке қарар, сақтанып.
Тақ қасында, бақ басында жандар жүр,
Маңғазданып, мақтанып.
Бір сорлының көз жасы да сарқылған,
Қайыр сұрап қол созады артыңнан.
Қайран өмір ала-құла кіл ғапыл,
Адастың ба пайым менен парқыңнан.
ПЫШАҚ АЛДЫ ТОҚТЫДАЙ
Сымпылдаған уақыт тілі міндегіш,
Жазалағыш, тілдегіш.
Ойран болған
Ой мен сана бəрі де,
Бүтінделмей екі жетпес, бір кеміс.
Сапар алды сансыз сұрақ көк тұман,
Өзін-өзі өртеп құртты отты жан.
Қанағатсыз қу дүние аумайды,
Пышақ алды күйсеп жатқан тоқтыдан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет