Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ЕР ГӨКЛЕНДІ АҢСАДЫҢ
Мақтымқұлы гөклен қайда, гөкленің?!
Қайғы айтқаның қапаланып неткенің.
Мен өзімде өкпелімін заманға,
Осы болды жеткенім.
Мақтымқұлы ер гөкленді аңсадың,
Шерттің шерді, шемен ойды тамсадың.
Тағдырыңды Түрікменіңнен бөлмедің,
Көңіліңде кетті сенің қанша мұң?!
Мақтымқұлы гөклен қайда, гөкленің!?
Онсыз сенің келмей қойды көктемің.
Менде жүрмін сайғақ санап моладан,
Ерен қылыш, ерлерімді көкседім.
Гөклен қайда таптыңыз ба бабасы,
Көңіліңнің басылды ма сабасы.
Мен де жүрмін ұран күтіп, ұл күтіп,
Ұлттың солай таусылды ма шарасы.
Мақтымқұлы гөкленіңді жырладың,
Мен де жырды үмітпенен сырладым.
Сыншыл ақын, міншіл ақын жөнелер,
Сен аман бол, туған елім, қырларым.
Тынышпын мен, тұнжыраған көлдеймін,
Күн туысым, көкке қарай өрлеймін.
Қазақпын Мен сексеуілмен тамырлас,
Өртесең де, шапсаңдағы өлмеймін.
Мақтымқұлы жан күйіңді сезіндім,
Келмес енді кемел күннен шегінгім.
Мен көтермей кім көтерер көк туын,
Қазақ деген қасиетті Елімнің!..

78
79
Мақтымқұлы сенің үнің шамшырақ,
Таңдайыңнан сүйген болар таң шылап.
Топан суға тоғытып ап жырымды,
Өзімді-өзім өрге жүздім қамшылап.
Мақтымқұлы маған жақын қайғыңыз,
Сары дала, кəрі мола, айлы күз.
Бұлт боп көшіп бара жатсың төбемнен,
Шың басына дастарханын жайды құз.
«Ұл сүйінсін, ұлтын ойлап зар болсын,
Жүрегінде Тəңір аты бар болсын»
Екі халық қазақ-түрікмен ер туған,
Ер халыққа енді құдай жар болсын!
Деп тіледің, мен де соған тілекші,
Дау тұқымын, жау тұқылын кім екті!?
Ер туған ел екі халық дос-тамыр –
Бірге түріп шыға келсін білекті.
ОҒАН ҚОЛЫ ЖЕТПЕДІ
Ойсыз надан ойнап өлер жалғанмен,
Жə, ойнасын, ерікті.
Күнді көрмей көзін жұмып алғанмен,
Құрдымға кеп құлап түсті, не бітті?!
Күн күлімдеп сол баяғы тұрысы,
Жарқырайды, жанады.
Күн екенін мойындау ғой дұрысы,
Көзін жұмған өз шекесін жарады.
Қызғаныштан күннің бетін тырнамақ,
Оған қолы жетпеді.
Көзін жұмды көрмейін деп бір қарап,
Сорлы неме сорға батты, неткені?!
...............................................................
Күнді сүйсе,
Менше сүйсін, бұл Қазақ!
Бірін-бірі: – «Күнім!..» – десін шын Қазақ!
ПІЛ МЕН ТЕБЕНТҰМСЫҚ
Пілдің  бойындағы  арам  қандар  мен  ірің-жараларды  тазалап, 
шыбын-шір кей дерт көздерінен сақтандырып отыратын өзі бар-
мақ тың басындай ғана, бірақ тұмсығы тебендей өткір де ұзын бір 
құс бар көрінеді. Пілдің жон арқасына қонақтап алып бірнешеуі 
іске  кіріскенде,  Піл  есі  танып,  ашу ланып,  аяусыз  жауласып,  сол 
құс тарды  жанынан  аластау  үшін  барлық  амал-айлаға  барады 
екен. Бірақ тебентұмсық құстар болмаса, Пілдер қанға түсетін 
жұқпалы мерездерден қырылатынын жəне болашақтарының жоқ 
екенін білмейді. Кейде, қоғам, ресми билік иелері де сол ашулы Піл 
сияқты,  сөз  иелерінің,  тілшілердің  жанайқай  парыз-тілектерін 
жау ісіндей жатсы нып, тулап жатады. Əрине, тұмсықтының бə -
рі бірдей пілдің болашағын ойлайды деуден де аулақпыз.
Ақпараттық естіміштерден
Мынау Піл ғой бəрі осының қолында,
Өлім құшпақ жатқан жандар жолында.
Қаншама күш, тал бойының тұрысы,
Бұған енді жоламаған дұрысы.
Өтіп жатыр төбесінен залым күн,
Тұмсығы мен арасында қарынның.
Өңкей Піл боп қауымдасып жүреді,
Патша өзі, Патшайым да бір өзі.
Тамшы суды тартып ішіп алдыңнан,
Бір күніңе, тірлігіңе зар қылған.
Сан Серкені жерге аунатып шаң қылған,
Не бір көкжал қашып-пысып қаңғырған.

80
81
Піл артылса түйені де майырған,
Талайлардың таңын солай айырған.
Өзі білмек, қандай бағыт ұстанбақ,
Тек қасында тебентұмсық құс қалмақ.
Құс байғұстың бар білері тазалық,
Оғанда Піл жатыр əне, жаза ғып.
Піл аунаса мың қоғаны жапырмақ,
Тамырымен қопарады тақырлап.
Тебентұмсық тазаламақ дертінен,
Піл алыспақ ашу-ыза өртімен.
Пілге бірақ ақыл айту мүмкін бе?!
Жылағым да келер менің күлкім де!
Басын көрсең жұмыр жердің жартысы,
Ісін көрсең қара орманның əртісі!..
Жылап-күліп, күліп-жылап тұрамыз,
Неге олай Піл-Көкемнен сұраңыз!?..
Сен қайдасың Тебентұмсық түстің бе!?
Жүрсің бе, əлі, Піл-Дəдəмнің үстінде.
Піл болмаса, иесіздік орнайды,
Иесізді ит пенен құс торлайды.
Басы үлкен болғанымен бұл Пілдің,
Ақылы аз, соған енді шыр-пырмын!..
Біздің билік сол ашулы Піл сынды.
Піл болсаң да тыңдап үйрен ұлтыңды.
* * *
Ұяң сəуле – ұяң жүндей үлпілдек,
Ұяңсың-ау шіркін, көк.
Ұясынан күн төгіп тұр ақ нұрын,
Біздер өмір сүрсін деп.
Сəулесін-ай жарық күннің тəп-тəтті,
Жастығыма жарық нұрын жастапты.
Біз өмірді рəсуа қылған соң,
Күн де қаша бастапты.
Батқалы тұр, өкпе-назы бар сынды,
Ақ сəулесі сарқылды.
Ал содан соң бұқа мүйіз қара түн,
Қаратауға артылды.
* * *
Желбегей қыр күміс түйме, шашбаулым,
Шыңырау көк, астау күн.
Қандай ауыр білесің бе екенін,
Өзің жайлы бастау жыр.
Қылау құмның ақ тозаңы бүркініп,
Кезбе құйын жер жыртығын жүр тігіп.
Көшкен сағым, өшкен жалын аңызақ,
Қарап қалған іркіліп.
Мен бір жүрген жолаушымын дедім де,
Сорды сығып, тұзын жақтым ерінге.
Сорлы ақыным жалғыз қайда барасың,
Еліңе қайт, –деді маған, – елірме!
Содан бері қайта жүріп келемін,
Сен де бір сол таптырмайтын ел едің.
Мен өзіңді іздеуменен шөлдедім,
Саған бірақ жоқ та шығар керегім.

82
83
* * *
Қарабарқын сорға біткен бұтадай,
Бұлттан шықты жұтап ай.
Қара кемпір от жақпақшы ошаққа,
Ол да қойды тұтамай.
Түннің көзін қап-қара жас торлап-ты,
Қалжырапты, сорлапты.
Таң иегін тауға сүйеп егілді,
Содан басқа жанашыры болмапты.
Қап-қара түн қара қоға секілді,
Түршіктірді етімді.
Жарық күтіп жағаласып келеміз,
Мен білмеймін не тынды!?
* * *
Шая болды, ежегейлеп, кенжелеп,
Өспеген ұлт, дерт жеген деп жел-кебек.
Дəні жоқ-та қауызы бар
Бос кеуде,
Кімге сондай ел керек!?
Жатып алған мен де жалқау, шегіншек,
Кел екеуміз енді бірге егілсек.
Бұл дүние қалтамызда тұрғандай,
Дұрыс болмақ не білсек!?
Білгеніміз алты қырдан аспады,
Сосын тоза бастады.
Талайларды өткіншісі жылатқан,
Өмір ғой бұл, қасталы.
* * *
Шырша торғай жаңғақ көрсе тамсанар,
Əркімге бір қансонар.
Бір Тəңірдің апарады алдына,
Сансыз сүрлеу, бар сонар.
Шыртылдатып қоңыз біткен қанатын,
Ескі əдет, жаңа түн.
Адам отыр құбыласын ұмытып,
Бақытына баратын
Бір қарағай сұлап барып жан берді,
Мұны орман сан көрді.
Ішіңе тарт қайғың болса көрсетпе,
Сен де суық ал демді.
Солай... Солай...
Орманеке, орай жұрт,
Кімге қанша қалды енді!?..
* * *
Ұзақ сапар ереуіл ат ентіккен,
Ұзақ күй ғой, шертіп пе ең!?
Неде болса келмей кетті бұрауы,
Қиын енді шыдамы мен шыдауы.
Жан байғұсың шүберекке түйілген,
Жанып-күйген, сүйінген.
Құрсауынан құтылмаған азаптың,
Жаны қандай сірі еді қазақтың.

84
85
ҚАСҚЫРДЫҢ СОРЫ
Бөксесін заман күйлетпек,
Көкбөріні-ай сүйреп кеп,
Атасыз анау көп итке,
Талатып ерді үйретпек.
Талап та жатыр таңсыққа,
Əлде бір, төбет, қаншық па.
Байлапты есіл бөріні,
Аунатты иттер шалшыққа.
Шаттанды шулап үрісті,
Иесі иттің күлісті.
Көкбөрі жалғыз итің көп,
«Көптің ісі дұрыс-ты»
Жабыла талап арланды,
Қыңсылап иттер зарланды.
Өлтірді бөрі бір итті,
Өлгенше бəрі таң қалды.
Байлауда бөрі алқынды,
Қуаты иттің сарқылды.
Əділет болса майданда,
Көрер ем сенің артыңды.
Жалғыз да бөрі жан берді,
Жабылған иттер қан көрді.
Көкбөрі тектес ерлерім,
Иттерден қорлық сан көрді.
Көңілге мұнар орнап жүр,
Көзімді бұлт боп торлап жүр.
Киесін өзі қолымен,
Талатып итке қорлап жүр.
Біріксін ерлер алысса.
Жаманмен жалғыз табыс па.
Иттердің бағы – арсыздық,
Қасқырдың соры – намыста!
* * *
Өмір сол өткен күнді жетелеген.
Жетер өлең
Жазбаймын жаңылыстым,
Жазықсыз жарылыспын,
Өлеңмен қандай тағдыр некелеген.
Бермеймін көңілімді, пейілімді,
Мен саған өрт ішінен бекер ерем.
Жанымды жеп біттің ғой, жетер өлең!
Сенімен қандай тағдыр некелеген!?
Əжемнің қошақаны ем
Жаным жайлау,
Əкемнің балапаны ем көкелеген.
Сарылып сау басыма
Жыр шақырып,
Осылай мен өмірден өте берем.
Қалсайшы көке менен!?..
Қалмайсың қалыбымды мекен қылып,
Алдайсың мекер күліп.
Жандайсың от ұсынған,
Шоқ сыйлаған,
Адастым ақылымнан есен жүріп.
Оңаша от ішінен жаным күйіп,
Білдірмей жан біткенге кетем күліп.
От көрсең көбелек боп ұрынғайсың,
Шоқ көрсең сорлы ақын деп жылынғайсың.
Кет енді жігіт күнім,
Желең күнім,
Бəрібір енді маған бұрылмайсың.

86
87
Біз кеттік жанып-күйіп өлеңменен,
Өзіңе мұңым айқын, сырым да айқын.
Бұрылмайсың!...
Ақынбыз не көрмеген!?
* * *
Қайда анау қазақы жыр, көңілім,
Сенің неге жасқа толған өңірің.
Саған берсем болар ма екен бір жамау,
Жүрегімнің қырық тілік бөлігін.
Өмір деген осы енді қайталау,
Біліп тұрып, көріп тұрып байқамау.
Туғаныңнан өлгеніңше дүрелеп,
Ал соны да өмір деп жұрт айтады-ау.
Күн батты да қараңғылық басталды,
Жел іңгəлар бала сынды тастанды.
Домбырамның қағып едім бауырын,
Бал ішектен жас тамды.
* * *
Өңіржиек өзге қыр, əдіптеген,
Қара бау, қара қозы, таныс көген.
Қайғысы ортақ болса да қайран ауыл,
Неге қашып барады алыс менен.
Көгеніңде көп тұрған қозың едім,
Мойынымды үрпіңе созып едім.
Сен тағынған орама білезікпен,
Жібек шапан, ауылдың тозығы едім.
...Қозың едім.
Сусар бөрік киінген төбем менің,
Жер нақышын, салыпты көк өрнегін.
Қозы-лақ боп алдымнан маңырайды,
Көгенінен ауылдың өлеңдерім.
Осы менің бал-тамыр елім еді,
Балдан тəтті уызы желін еді.
Бота болып боздайды өлеңдерім,
Құлын болып кісінер желідегі.
...Елім еді.
* * *
Құнан қымыз сапырған, сары қымыз,
Əжемнің əлдилеген жарығымыз.
Тұла бойы құйыннан жаратылған,
Ауылдың жүрек пенен тамырымыз.
Күрең шəй, күлге көмген күлшесіміз,
Бір шамның сөнер-сөнбес білтесіміз.
Қазақ керек болғанда бізбен жүріп,
Құлынға құйын болып ілтесіңіз.
Ботаның қара көзін жайлап алған,
Арманым анау менің айда қалған.
Бар еді бір тұлпарым елден ерек,
Ішінен көп шыбықтың сайлап алған.
Мініп ап сол шыбыққа жөнелгенбіз,
Қозыдай ағытылған көгеннен біз.
Өмірге мынау жарық келіп едік,
Өлшемі, өрнегі жат өлеңнен біз.

88
89
* * *
Қызарып батар күннің алмалығы,
Төгілді тауға мұңы, талға жыры.
Атар таң не береді,
Не келеді,
Кім біліп жатыр дейсің алдағыны.
Бат енді, сірə, солай, батасыңыз,
Қалғыды төбе біткен атасы құз.
Күн өтті,
Қайта келіп түнің басты,
Ақ төсек, өлі ұйқыда жатасыңыз.
Содан соң таң бұйырса жанығамыз,
Сүрініп көлеңкеге шалынамыз.
Өмір сол – көп орылған алқап сынды,
Мысалы: бидай масақ, тары қабыз.
* * *
Шығыршық сырға салдырған, шырын қыз қайда 
 
 
 
 
 
          шырын қыз,
Сарғайып сені іздеумен, сарқындық білмей сырын біз.
Самаурын тектес сезім бұл, қайнауы жетсе төгілген,
Сағынып өткен ғұмырмыз.
Қаусырма бешпент тағынған, желекті қырдың жайнағы,
Қырмызы қызыл гүл еді, гүлімнің баяу қайда əні!?
Жыр деген боздау ботам-ды, қызылдап оны бір мұң кеп,
Қып-қызыл жүрек жайрады.
Ал, енді көркем көңілім, не десең де сенбес-ті,
Қызғалдақ күннің құлағын, қып-қызыл қанжар жел кесті.
Жер тарпып жүрген құла жыр, құлазып көкке қарайды,
Өткенді ешкім бермес-ті.
* * *
Сен енді, бұл қазаққа қара да тұр,
Ниеті Нілді кешіп бара жатыр.
Сені ойлап таң атқанша тілек қылар,
Кеткенше жұлдыз біткен тарап ақыр.
Тапсырар тағдырыңды желге жылап,
«Аһ» ұрар төбе жайлап, белге құлап.
Еліне аман барсын дейді сосын,
Ал өзі жете алмай жүр елге бірақ.
 
* * *
Бұлтты емген қошақаным қоңыр кеш,
Сонау асу, жолың көш.
Қас пен көзің нұрлы шуақ,сырдан-ды,
Қозы көште жыр қалды.
Жетті ақын, енді біраз дем алғын,
Жырдан шаршап, тағы содан ем алдым.
Таста деді қаламымды тастадым,
Анам ғой ол, аспаным!
Енді біраз еркелейін еліме,
Еркелетсе Мені де.
Сəби болып жетегіне ерейін,
Құшағымды күнге алыс керейін.
 
Еркелейін елім ғой деп тынбастан,
Жүрекпін Мен, күй керуен, жыр дастан.
 
Жұлдыз болып, аймен бірге өрейік,
Ата жұртқа біз де еркелеп көрейік!

90
91
Жат өлкеден уыз емген ұлыңбыз,
Алақанға зəру болған тұлымбыз.
* * *
Жақын жанға, бауыр көңіл шыдар ма?!
Елді аман қыл, бір Алла!?
Шыңның басын шыр айналар қоштасып,
Ұясынан ұшар сəтте қыран да.
Біздің халық, бізге ғана қандас-ты,
Бауыр ашып құшақтаудан талмас-ты.
Өз елінен өзін қойса жоғары,
Сол бір жанды дей беріңіз алжасты.
 
* * *
Саз келеді, сағыныш боп, сағым боп,
Жаз дегенде жаным жоқ.
Сүйем оның гүл жазира бақтарын,
Жайқалады аппақ бидай, тарым боп.
Қоғалы көл, қолым жетпес сұлу-ды,
Қаз бен үйрек солай мойын бұрулы.
Құс базары қайнап жатыр беткейде,
Ақ қайыңнан алтыбақан құрулы.
Жер кеземін, ел кеземін, кербезім,
Көкке қадап күрсінеді ер көзін.
Қиқулайсың жүрегімде көп өлең,
Бар, бара ғой, аралашы жерді өзің.
* * *
Алақаны анашым боп үлпілдеп,
Ай сəулесі аялады бір түн кеп.
Қайран анам сені ойлап қамықтым,
Қанды өзегім бүлкілдеп.
Сендей мені кім біледі, түсініп,
Кеттің мені көкке шалғай ұшырып.
Алабұртып көп қараймын бейнеңе,
Батар күндей тұтылып.
Түн көзінен жұлдыз тамып алқынды,
Осы менің жан сусарым əр түнгі.
Анам менің – ақ тілектің уызы,
Желеп-жебеп жата көргін халқыңды!
БІРІН ДЕ КӨРМЕЙ ОСЫНЫҢ...
Жарық күн жаным жарқыра,
Бал бұлақтарым сарқыра.
Шыңдардан шынар еңкейіп,
Саяңды түсір халқыма.
Ақша бұлт көшкін, ақша бұлт,
Ақ жаңбыр болсын тасқа құт.
Мал баққан елдің баласы ем,
Жанымды зеңгір аспан ұқ.
Ақ уыз арман
Көп үміт,
Ақ еділ таңнан басталып,
Қайғыны қайтем тасталық,
Сүйінші сұрап
Ақ самал,
Базарын күннің бақша ғып,
Жатайық сырды ақтарып.
Бал шыбық тербеп бойларын,
Балғындар салсын ойнағын.

92
93
Жарық күн деген – жан нұры,
Нұрланып жаным тойлағын.
Бүр жарып тұрсын көк орман,
Көп арман күтіп көп алдан.
Бірін де көрмей осының,
Қаншама тағдыр жоғалған.
Қауырсын қанат арманмын,
Қайыра толғап самғармын.
Құлынды сүйді қария,
Еншісі деп қарғамның.
Мал көрген
Елдің баласы ем,
Сəулесі ырыс таңнанмын!
Ақ уыз аппақ арманмын!
Кіршіксіз таза
Көңілмін,
Жарқыра көкте жанған күн!
* * *
Тал мүсінін жасырғансып иілмек,
Сүйер болсаң, сүйін деп.
Бал құраққа бəрі қызық елпілдеп,
Көңіліңнің біле бермес күйін көп.
Бала ғой ол, бал құрағым желкілдек,
Алтын нұрын берсін көк.
Көктем келді көкорай бел гүлдеді,
Жалғаншыны, жарық күнді көрсін деп.
Тал сүйенді ақ қайыңға шырынды,
Сүрмек жаңа ғұмырды.
Қара орманға бата беріп бақ тілеп,
Бір қарағай көз алдымда жығылды.
...Өмір солай,
Бұл да енді бір үлгі.
Құлағанда бір білерсің құныңды.
ЖЫР-ТҰЛПАР
Тер қатты ма
Тұлпарым?
Жарғақ тоным бар менің жауып көрсем бола ма!?
Көңіліңіз тола ма!?
Неге көкке
Көз тігесің дүлдүлім,
Қара жерден ыңғайлы ма сол ара?!
Тұлпарым-ау,
Жалықтың ба,шабыстан?
Ала байрақ, қара байрақ, көп байрақ,
Өмір-дүбір,
Өтті күндер, өтті айлап.
Сəтті күні
Есеп алар жалғаншы,
Сағат тілі тоқтай қап.
Қайран Тұлпар,
Ентігеді қара тер.
Олжасына иесі мас, есірік,
Мақтанып тұр дəрежесін өсіріп.
Есіл тұлпар
Өлді ақыры тер қатып,
Ит пенен құс жеді сосын көсіліп.
Есек пенен
Жабы біткен күлісті:
«Осы ма деп оза шауып көргенің»,
Енді, əрине, тұлпар күткен ерде мін.
Жырдан қанша
Алып келдім
Мен бəйгі,
Жамылайын тоным қайда, бер менің!?..
Ит пенен құс
Біздерді де аңдып жүр.

94
95
Омыртқаңды онға бөліп кемірмек,
Кім айтты, сол, ақын болу жеңіл деп.
Сөз атасы –
Майқы биден сұраңыз,
Өле білу ол да бақыт елім деп.
Өлеңім тұр,
Құйрық-жалы күмістен.
Жүрегіммен, бауырыммен жылыттым.
Сақта-сақта жыр-тұлпарды ұлық күн.
Кісінейді
Көкке қарап
Ол да, əне,
Кілтін сұрап құлыптың.
Таң мəзірі – Тəңірден,
Не болары Хаққа аян жігіттің!..
* * *
Ұстаттым қылыш ұстадан, кесілгір мынау кескек жыр,
Еселеп кеспей не істеп жүр!?
Екі де көзде бір бұлау, есесі кеткен қан жүрек,
Еңбегім менің еш деп жүр.
Ұстаттым қылыш ұстадан, желменен жемсеп суардым,
Жең түріп енді туар кім?!
Нар қомында жыр қалды, жоқтаулы көзде жас бар ма,
Қан шықты көзден суалды.
Нар шөгеріп жүкті алар, нар ұлдар қашан туар-ды!?..
Қаптаған қара дүрмек тұр, қазақ па мынау, бұлар кім?!
Нар қомында жыр жазып,
Көз жазып қалған шығармын.
...Бұлар кім?!..
* * *
Қазбауыр бұлт боз төбеге айналды,
Қарай-қарай қалтарыста ай қалды.
Үркер үркіп бір қуысқа тығылды,
Бір зобалаң байқалды.
Түн суыды қар қаптады жеріңді,
Ер маужырап қарауға да ерінді.
Мұның өзі үш ай тоқсан басы деп,
Кəрі серке мүйіз жанып керілді.
Бүрсеңдеді таң асырған торғайым,
Туған елдің торғайында қорғайын.
Сорлы торғай менен басқа кімің бар,
Сен өзің де білесің ғой ол жайын?!
* * *
Таң нөсерлеп ақ сəулесін ақтарды,
Аққа жуып бақтарды.
Ақ тілегін нұрға шайып ұмсынған,
Қайта көргім келеді сол шақтарды.
Айға жұлдыз серік болып жарқырап,
Бақ гүлдейді уыз нұрға малтып ап.
Еріндерін қызыл гүлдің күн сүйді,
Аш белінен тартып ап.
Қалтырайды, діріл қағып, көп гүлдер,
Күнді сүйіп, арманыма жеттім дер.
Аман болсын ауылымның ақ таңы,
Ақ сəулесін жырлайтұғын тек, тіл бер.
(...Бегім-бикеш, шаһзадалы, Бек күндер.)

96
97
* * *
Мұражайда мұралар тұр қан-қатты,
Көзінде жас, көңілінде шаң жатты.
Періштесі тіл қатады кім білді?!
Кіл қызықтап жүрген жанбыз бір күнді.
Еріндерін көп шайнаған қара мұң,
Біздер жайлы не білдің дер қарағым!?
Не білейік, білгізді ме біздерге.
Санада көз болмағасын іздерге.
 
Жел желкемнен үзбе деді үмітті,
Үмітсіздік өлтірер деп жігітті.
Қара тасқа қайрап алып жанымды,
Жырлап өтем сорың менен бағыңды.
АЛТЫН ҰЯМ
(Ұстаздарға)
І
Сен менің алтын ұям шамшырағым,
Сəулең боп тамшыладым.
Өмірдің өзің бердің жан сусарын,
Көктегім, көк зеңгір мен ғарышдағым.
Бүр жарған бұтағыңнан бүршік едім,
Арманым ең, ақ уыз күлкім едің.
Көргенде мектебімді алтын ұя,
Көзімнің жасын сүртіп іркілемін.
(Бүр жарған бұтағыңнан бүршік едім.)
Тебіскен тай-құлындай мектебім-ді,
Көремін сені көрсем өткенімді.
Жетпегенім өз мінім жалғандағы,
Сенен ғана іздеймін жеткенімді.
Сезім қалды бұл жерде, сағым қалды,
Сағынады сол күнді жаным мəңгі.
Қайран өмір қайтейін қатты екенсің,
Саған пенде бəрібір бағынады.
Тыңда мені біткен жоқ əнім əлі.
Есімде сол күндердің бəрі-бəрі.
   
ІІ
Ұстазым, ұстазым-ай ұлы даңғыл,
Жанымның саған айтар сыры бар бір.
Шəкірт боп дегеніңді жасар едім,
Келмейтін қайта айналып ғұмыр-ау бұл.
(Ғылым ба?!..Ғылым деген шыңырау бір.)
 Алтыным, алтын ұям, жұмақтан нұр,
Аумайсың алтын өзен бұлақтан бір.
Түнекті түріп тастап жол көрсеткен,
Шашылған сəуле сынды ұзақтан бір.
..Жұмақтан нұр!
Көзімнің қарашығы, жанашырым,
Кім білер сенен артық бала сырын.
Мен сені сүйіп туғам шаранамнан,
Себебі, мен ұстаздың баласымын!
...Дара шыңым!
ІІІ
Қайнарлы білім бұлақ , зəмзəм дедім,
Шуағың нұрдан зият, таңнан керім.
Тылсымның тынысынан лəззат алғам,
Тал бойым тұнып тұрған арман менің!
...Самғар көгім!

98
99
Сен деген сағынышсың алтын бесік,
Ер шығар есігіңнен халқым десіп.
Келеді саған қарай алғыс айтып,
Шашу ғып жұлдыздарын бар түн көшіп.
...Алтын бесік!
 
Кеш мені алтын бесік, ұлағаттым!?
Қол жайып мың кешірім сұрамақпын.
Кеш білдім қадіріңді алтын ұям,
Мен де бір бүршігі едім мына бақтың.
...Кешірім сұрамақпын!?
* * *
Жол ақысы жүрген екен, ал жүрдік.
Сөз ақысын шырын төлеу бал қылдық.
Жол шетінде жалғыз мола, жалғыз үй,
Кеміріпті екеуін де жалғыздық.
Үнсіз мекен, тілсіз бөтен жандарға,
Үндемеді мен үздігіп барғанда.
Үмітінен үкі тағып алыпты,
Тұғыр жасап қолын созды арманға.
Жалғыз үйдің үміті зор əлі де,
Қыс қаһарын тіккенменен кəріге.
Шүметегі шүріппедей шолтиып,
Қара бала қарап тұрды бəріне.
* * *
Ескі керек білу үшін жаңаны,
Жаңа керек жамау үшін ескіні.
Бұл тірліктің қос жағалау танабы,
Міне, солай кескіні.
Жаңаны біл, таңдап алып қарағын.
Ескіні біл тамырыңнан адаспа.
Жарқырайды жаңа күн,
Жарық қой деп жанған отпен таласпа.
От сөнеді жаңа сосын күл болмақ,
Ескінің де елмен бірге құндысы.
Жаңа таңсық жас өрендер жүр қолдап,
Тарих болса – ұлт қуаты, ұл күші.
ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ...
Өмір сүрсең жау табылар жан-жақтан,
Қанатына періштенің қан жаққан.
Тəтті сөз бар ішін ашсаң уы бар,
Ащы сөз бар ішін ашсаң бал жаққан.
Сөз тыңдасаң асығыстық қылмағын,
Тарата біл тоқсан тігіс, сырмағын.
Аңсыз болсаң аранға кеп түсерсің,
Салып қояр сау басыңа шырғалын.
Өзіңнен көр, кімді түзеп алмақсың,
Жең ұшынан неге білмей жалғастың.
Жəне тағы, адал сөздің құнын біл,
Ащы екен деп қапияда қалмассың.
Таразысы таза болсын сананың,
Ит тісінен босамайды балағың.
Асықпағын, ақыл-ой мен сарала,
Қайда жүрсең сабырлы бол, қарағым!..

100
101
* * *
Екі əйелдің əңгімесі тым жатық,
Еркелейді бір-біріне сыр қатып.
Көмейінен көмбе сөзді ақтарды,
Сүт сұрауға келгенменен бір қасық.
Еріндері көп түріліп, басылып,
Көп сыр айтты көптен бір сəт жасырып.
Əңгімеден бұзау жасап емізді,
Бір-бірінен қыза-қыза асырып.
Ант ішкен-ді сыр сақтауға ғұмырлық,
Мың ұрлықтың артын ашты бір ұрлық.
Ертесіне елді айналды екеуі,
Естігенін өсегіне жұлын ғып.
* * *
Шеменін шермен қозғап нар келеді,
Айдады сары бура бар келені.
Елпілдеп етегінен құйын тұрып,
Ізінен сол бураның шаң келеді.
Жаулығын түзеп алып қыр қарады,
Түрулі боз төбенің бір балағы.
Күн батты түс ауды да, бəрі өткінші,
Қара түн ай құлағын сырғалады.
Түнімен сары бура күркіреді,
Үркер тұр гүл секілді бір түп өлі.
Шаншылды бір найзағай көкке барып,
Бураның қатып қалған кірпігі еді.
Жөнелді ертесіне бəрі қырға,
Не зауал жоқ дейсіңіз кəрі құмда.
Келесін иесіне тапсырды да,
Белгісіз өліп кетті сары бура.
* * *
Қайран менің есіл елім, зарығым,
Бабалардың сыбызғы саз сарымын.
Сарнау белдің сəресінде бір зіл бар,
Кеткен кектің кім қайтарар қарымын!?
Біздің тарих көк мес болған көн сынды,
Терімізден тірі айырып өлтірді.
Уыз тарих ұлттан шалғай тығулы,
Көрер екем сенің қашан көркіңді?!..
Сарғайыпты қанды ноқат парағың,
Қан шеңгелден босамапты тамағың.
Қызыл шақа жүрек көрдім шыңғырған,
Арасынан азап пенен жараның.
* * *
Ақша қардай аппақ жырды бораттым,
Босқа күйген, тасқа тиген болатпын.
Қара шаштан ұстап алып уыстап,
Өмірімді жатыр менің тонап түн.
Құбыласы өлең болған торғаймын,
Несін айтам ол жайдың.
Менің өзім өрт ішінде жүрсем де,
Қолыңды соз оттан сені қорғаймын.
Жүрегіммен, тілегіммен тербеймін,
Сені сүймек мендей кім?!
Білсем дағы көңіліңді көзіңнен,
Үндемеймін, тілсіз қара жердеймін.
Менің ұлтым, менің жеңіс байрағым,
Жүрегімнің төріне əкеп байладым.
Біздің жүрек өлең айтсын, өртенсін,
Тыңдайтын жан бар ма өзі, қайда, кім?!

102
103
* * *
Ақ төсін шағыл ағытпақ,
Ақ шамын жатыр жағып бақ.
Ақ көйлек киген ару жүр,
Ақ түннен олжа алып қап.
Ағарып барып таң күлді,
Арудың сырын тал білді.
Ауылдан ұзап жөнелген,
Айтпайды ару жалғызды.
Ақ сəуле шуақ шашқан-ды,
Ақ уыз көңіл мастанды.
Аттанған əлгі жолаушы,
Арудан шырын татқанды.
Айналып ізге қарады,
Аймалап көзбен барады.
Ақырын сүйді жүзінен,
Ақ күннің аппақ самалы.
* * *
Тау мен тасқа қазекеміз үңіліп,
Бəрінен де түңіліп,
Шөп іздеп жүр тасбақаның ұртынан,
Бұл да енді бір үміт.
Тасбақа да тас бүркеніп қырсықты,
Бере қоймас майлы кемік, іркітті.
Бітей алса болар еді-ау тасекем,
Бізге біткен жыртықты.
Тасекең де шындығында тас екен,
Қазекеңе қас екен.
Алтын-күміс зəулім үйлер немді алған,
Арпа-бидай ас екен.
Жат біткенің пайдасына жетікті,
Құны қанша, не тікті?!
Қазекеңнің тасбақасын аңқитып,
Ауызынан шөбін алып кетіпті.
Несі барын, несі жоғын білмеген,
Жөн сұрайды кім менен?!..
Қазақ қашан болар екен бақытты,
Бір тасбақа шөбін беріп тілменен.
Тау мен тасқа қазекеміз үңіліп,
Бəрінен де түңіліп,
Шөп іздеп жүр тасбақаның ұртынан,
Бұл да енді бір үміт.
* * *
Қара шекпен жамылып ап кəрі түн,
Жоғалғандай тіршіліктің мəні шын..
Таң асыра түсті торғай тұзаққа,
Бір-ақ жұтым дəн үшін.
Мен де тұрмын шырғалында өмірдің,
Ой түбіне көмілдім.
Өксігімнің күрек тісін ақситып,
Бармағымды кемірдім.
Түн шағынып айды құшып жығылды,
Қимайды ол да ғұмырды.
Өмір жұмбақ бəрі елес өткеннің,
Өлең жұмбақ айналасы жұмыр-ды.

104
105
* * *
Шаранасы шырылдаған бесік күн,
Құндағыңда өсіппін.
Ескі мола ауыл жаққа қарайды,
Бара жатыр солай қарай көшіп құм.
Сағым қашты сонадайдан солқылдап,
Жолаушының жатыр мұңын жол тыңдап.
Не ойлап тұр күміс түйме, зер шапан,
Қара түннің бұйра шашы толқындап.
Қара түнге қарай-қарай сүйінгем,
Ай-ана қаз балапанын иірген.
Езуінен сілекейі тамшылап,
Уақыт маған қарап тұрды бүйірден.
* * *
Жабағысын тастамаған даланың,
Күзеу жырын теріп жүрмін қарағым.
Міне тағы сары қарын күз келді,
Жапырақтар қашты түріп балағын.
Сартап сүрлеу ескіліктің бедері,
Құлағының кереңі.
Өзге айтпаса өзінікін жөн көрмес,
Бір қызықтау ел еді.
Жабағысын жел үптеген боз қырат,
Өлең өксіп, сөз жылап.
Ей, жарық күн, сен де таныс бикешсің,
Тоймайды ғой көз бірақ.
* * *
Сен басқаның етегіне оралдың,
Тозып біттің, тоналдың.
Еріген мұз секілденіп сəлден соң,
Көшкен бұлттай, өшкен оттай жоғалдың.
Рəсуа, зая болған жан едің,
Бір кездері жарқыраған таң едің.
Менен басқа еске алар қай пенде,
Көрсетші, қане, кім!?
* * *
Көңіліңнен көктем көрдім, гүл көрдім,
Мен де сосын қауыз жарып үлгердім.
Жанарыңда ақ сəулелі арман тұр,
Гүлге ғашық күндердің.
Жапырақтан сорғалайды таңғы шық,
Таңғы гүлді қал құшып.
Бар сұлулық бал шарапқа айналды,
Сол шарапты қанжүрегім алды ішіп.
Ер құшағы жалын атты, нұрланды,
Күн болды бұл бір мəнді.
Куə таңның көмекейі бүлкілдеп,
Күн торғайдың тамағында жыр қалды.
* * *
Жерде қазақ Шыңғыс ханға таласты,
Көкте бабам ұрпағынан адасты.
Менен биік болып көрсін осы деп,
Екі жусан бетегеге қарасты.

106
107
Бетеге де бетін тырнап шыңғырды,
Иелемек бір қырды.
Молдаторғай айдар тағып айшықтап,
Соның бəрін сорғалатып жыр қылды.
Жол құйрығын бұлғап ала жөнелді,
Мен білмедім не көрді!?
Абайсызда төгіп алдым ақыры,
Көңілімнің тостағынан өлеңді.
Самал сүйіп, жел қасыды желкемді,
Кім ойламақ ертеңді?!
Соның бəрін көрмейін деп бір шоқ гүл,
Жылдағыдан кештеу бүрлеп, ерте өлді.
* * *
Сенің көзің маған айтып тұр бəрін,
Түсе қоймас шырғалың.
Сен алдадың, мен алдандым күлдім де,
Жүрегіңді тыңдадым.
Қарпып сөйлеп, көрініп тұр қарлығың,
Арқалағың келіп жүр ме нар жүгін?!
Мен осыдан құтылмақпын қашан деп,
Сендік жүрек маған шақты зарлығын.
Сен кеткесін үш күн жаттым ауырып,
Жүрмесем де жауығып.
Енді қайтып сен бар жерде тұрмаспын,
Осы жолы кетсем егер сауығып.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет