ГҮЛДІ КӨРСЕМ
Қош, ендеше, қоңыр кеш, базарлы күн,
Сендік жүрек, мінеки, ғазал-жырым.
Өмір деген осы екен көрдік бəрін,
Жоғалмасын жан құрбым адалдығың.
Көктем келіп жазыпты қыр қабағын,
Елесіңді еншілеп сырғаладым.
Гүлді көрсем аулада сені көрем,
Сені көрсем селдетіп жыр жазамын.
556
557
БАЗАРШЫЛАП БАРҒАНДА
Қырға шықсаң қызыл алма бақтары,
Ойға түссең қара мейіз, қақтары.
«Аға, алшы, шырын-шекер, балмын» – деп,
Арулардың құрғамайды жақтары.
Таңдап көрдім шырынын да, балын да,
Жиырмаға жаңа шыққан шағымда.
Базаршылап бағбан келді көрдің бе,
Алдынан шық моншағыңды тағын да.
Мен бағбаны көп жемістің, шырынның,
Өтеуін бер базаршы қыз жырымның.
Жүзің – жүзім, төсің – алма, бойың – тал,
«Алшы?!..» – дедің, құшақ аштым, жығылдың!
КӨРШІЛЕРМІЗ
Көршілерміз көп сырласып, қабысқан,
Көп сыбаға алысқан.
Көп бақыттың шымылдығын бірге ашып,
Көп қайғыда табысқан.
Көршілерміз ұл-қызымыз ойнаған,
Қуанысып тойлаған.
Бақыт тауып береке мен бірліктен,
Бал лəззатқа бойлаған.
Көршілерміз құдай қосқан несібем,
Тастамаған есінен.
Көршім аман, көңілім шат, жан-жайлау,
Таңы шуақ, кеші дем.
Ақ тілекпін, ақ баталы жүрекпін,
Сыйластықпын, ізетпін.
Көрші ренжіп қалмасын деп жəутеңдеп,
Қас-қабағын күзеттім.
БАТАР КҮННІҢ ЖЕЛІНІ
Қорғасындай еріген коңыр күнім,
Теміріндей жұқардым тебінгінің.
Бұрынғыдан өзгерек адам біткен,
Тірі қайсы білмедім кебінді кім?..
Бірін-бірі қайшылап ерінімен,
Секем алым келеді серігінен.
У шығатын болып жүр уыз емес,
Батар күннің быртиған желінен.
АҚКЕТІКТЕН КЕЛЕМІН
Көгершін қанат күлгін-ді,
Көк тал бүрлеп, күн күлді.
Көңілім жырдан мастанып,
Өткіздік өрлеп бұл күнді.
Достарым күтіп дүрлікті,
Дүр жігіттер кіл мықты.
Домбыра алып Ратай
1
,
Күй пернесін сырғытты.
Өн бойым менің өлеңді,
Шалқыған шалқар көл енді.
Темірбек
2
інім тақ сайлап,
Көтеріп төрге жөнелді.
Өрелеп сөзді байладық,
Аймалап тұрды ай бағып.
Тамаша шіркін сəт болды,
Тамшалыны
3
айналып.
Дастарқан сыйлы ас болды,
Жамбас пенен бас болды.
Өз кемпірім болмаса,
1
Ратай – Р. Қарғабаев.
2
Темірбек – Т. Асауов.
3
Тамшалы – елді-мекен, саялы бақтар.
558
559
Қалғаны түгел жас болды.
(Жүрегі құрғыр мас болды)
Тектілерден тақ қалған,
Ер байрағы сақталған.
Ел екен бір жырқұмар,
Аңқылдап сырын ақтарған.
Жаның нұрлы ақсың деп,
Бал жапырақ, бақсың деп,
Досан мен Иса
1
күзетті,
Алаңсыз ақын жатсын деп.
Шабыт алдым сенен ел!
Ерлігі асқан ерен ел.
Көп алғыс саған көк теңіз,
Көксауыт жебе, берен ел!
Ағыл да тегіл сол арна.
Жөнелдік сосын жол алда.
Жалауды
2
туған бұл елде,
Жаман жігіт болар ма?!
Ақ киіктей желемін.
Айтармын кейін себебін.
Тоқтатпа мені МАИ бала,
Ақкетіктен
3
келемін!
СҮЙЕГІ АЛТЫН НАР КЕРЕК
Беглер менен бегім жоқ,
Елім барда ерім жоқ.
Заман қиын, заң құйын,
Атар таңға сенім жоқ.
Боз ала бұлт нар ма екен,
Боздағаны зарлы екен.
Жел айдаған сорлының
Басы қайда қалды екен?!
1
Досан мен Иса – Халық батырлары.
2
Жалау – Ж. Мыңбаев – аса көрнекті мемлекет қайраткері.
3
Ақкетік – елді-мекен, саялы бақтар.
Дəулет бөлек, ар бөлек,
Дəуір бөлек, зар бөлек.
Қайта оятар намысты
Сүйегі алтын нар керек!..
Шоқ үстінде аттаймын,
От ішінде қақсаймын.
Жүрегім-жаным сенікі –
Ұлтымды қайтсем сақтаймын!..
СЫЙЛАДЫМ БАР ҒҰМЫРДЫ
Отырсың ба оңаша жаның жылап,
Күндей көрме біреудің бағын бірақ.
Даттай берме қайтесің тірлігіңді,
Көре алмаған жандар бар бір күніңді.
Ашу дұшпан, ақыл дос бұрынғыдан,
Бұрынғының əр сөзін ырым қылам.
Бəрін айтқан , бəрінде біліп өткен,
Өткен күннің көп еді сыры неткен.
Жан дауысым шырқырап жұбатамын,
Тербетемін тірліктің құба таңын.
Бесігінде сен жатсың жүрегімнің,
Саған деген сезім гүл, тілегім күн.
Менің сəулем жап-жарық нұрлы ғайып,
Ғапыл күннің сəулесін жыр қылайық.
Жыр қылайық, лапылдап жанып тұрып,
Жаратқаннан жанға нұр алып тұрып.
560
561
Сен жылама жан қалқам күле білгін,
Күле білгін бөлшегі жүрегімнің.
Əр жүректе бір жан бар тілегі бір,
Сен білмейтін сезіммен, сыр еді бұл.
Сен жылама қарағым еркелегін,
Сен жыласаң мен онда өртенемін.
Ая менің жайқалған жан гүлімді.
Жан гүліме сыйладым бар ғұмырды.
ДІЛДЕН ДҰҒА
Қайран өмір парақтай ақтарылған,
Дос та құрбан, дұшпан да, жат та құрбан.
Келем жүріп көшеңде көлденеңдеп,
Көппен бірге ұмтылып өрге дендеп.
Жалғыз байрақ жан біткен таласады,
Берешегі көп жанның, алашағы.
Бірді-біреу тартқылап балағынан,
Ізде ілбісін, ал, алда, ала жылан.
Қайда асығып барады қарғылы күн,
Іздегені не сонда барлығының?..
Түсінбедім, ұқпадым ұға алмадым,
Ділден дұға дертіне шығар жанның.
* * *
Сағынған жан екенсің сезіп тұрмын,
Кездеспес жерде сені кезіктірдім.
Ия, сол,
Сен екенсің,
Обал болды-ау,
Өртеніп өз жанымнан безіп тұрмын.
Сағынған жан екенсің, таныдым бек,
Кештім деп, жылай бердің, сағындым деп.
Ия, сол,
Сен екенсің, обал болды-ау,
Кеш дедім кезіп жүрген сағыммын деп.
Сағынған жан екенсің, сары күздей,
Сарғайған сағыныштың əнін үзбей.
Ия, сол,
Сен екенсің, обал болды-ау,
Татып ем шырынан дəмін үзбей.
Сағынған жан екенсің, жаны ғапыл,
Көзіңде көктеміңнің əні жатыр.
Ия, сол,
Сен екенсің, обал болды-ау,
Жырымды моншақ қылып тағына тұр.
КӨКБӨРІНІҢ АПАНЫ
Самға Түрік,
Қыран көкке ұшқандай,
Сүй қазақты – жалғызыңды құшқандай!
Жолым болғай жолай тартып жыр жаздым,
Жүрегімде қанша қайғы, ызғар мұң.
562
563
Күдері жал күрең қасқа ат мінген,
Өркениет саған, сірə, жатпын мен.
Жүрегімде тазалық бар ақ күріш,
Пəктігімнен алды қанша жат тыныс.
Көп қымтадым Азияның іргесін,
Шындық зауал, сезімге сор, тілге сын.
Халық едім шоқ жұлдыздай аздаған,
Шоқтай болдым сөнер алды маздаған.
Күлге айналып шашыла да бастадым,
Көкаттыға басыла да бастадым.
Ер Түрікке создым сосын қолымды,
Қандасым ғой менің жалғыз ол ізгі.
Қара түнек қаптасада жау іші,
Қарындастың белгілі ғой дауысы.
Қанша ғасыр дауылдармен алыстық,
Келді Азаттық бауырлармен табыстық.
Қайран туыс сенің орның тым бөлек,
Қолда барда туыстықты біл демек.
Ей, Ер Түрік, Ер Қазақтың сыңары,
Егіз елдің мəңгі бірге ұраны!
Бабалардың көп қиылды ғұмыры,
Аналардың көп жұлынды бұрымы.
Қарындастың қанды жасын ұмытпа,
Ұлықтасаң Ер Түрікті ұлықта.
Түбіміз бір, Түрік едік, ер едік,
Төгілген қан, маңдайдағы тер едік.
Жалынбаған жауға тізе бүкпеген,
Біз жанартау қайта жанып бітпеген.
Жана берем жалындаймын өртеніп,
Сертшіл ұлға семсеріңді бер сеніп.
Семсеріңде сертке берік антың бар,
Маңғыстаумын!..Пір Бекеттей нарқым бар.
Менің тегім көк Тəңірі нұрдан ба?!..
Адаспаймын Отпанда Атам тұрғанда!
Нарқым менің – Халқым менің қымбатпын,
Күн зерлеген күміс моншақ сырмақпын.
Əулиемін қорымдары иманнан,
Иман іздеп кеудесінен қиған жан.
Менің қолым Тəңіріме жайылған,
Көкбөрімді көк аспаннан айырмаң.
Көкке ұлыған арлан едім, арлы едім,
Атажұртпын!..Айтар сөзім бар менің.
Күлтегіннің ағыны бар қанымда,
Қорқыт күйдің сарыны бар жанымда.
Балқып жатыр баян таудың тал-құзы,
Түркістанда Иассауидің қалды ізі.
Иассауиім бабалардың – бабасы,
Дін Ислам мен Ер Түріктің панасы.
Алтай жатыр ата-тектің тұнбасы,
Тоныкөктің торғын самал сырласы.
Хан-Тəңірге аспан жатыр сүйеніп,
Жүрегіме жеті өзеннен күй еніп.
564
565
Сарыарқада сақ-сақ күлген ақ бұлақ,
Ақ бақытын іздеп-ақ жүр шапқылап.
Алтын орда, Сарайшығым сары алтын,
Сыр бойынан сансыз бабты қарарсың.
Аманбысың Ер Түріктің ұланы,
Егіз елдің енді айтар бір əні.
Қалың қазақ Ер Түрік пен еншің бір,
Ерге ортақ семсеріңде сертің жүр.
Атақоныс, ата жұртпын аппақпын,
Ақ сүтіммен уыз жырды сақтаппын.
Жыр ішінде Ер Түріктің үні бар,
Бізден басқа бауырымның кімі бар?!..
Арқа сүйеп көп қараймыз Түрікке,
Жау ішінде туыс керек жігітке.
Қалың ойға қалың түрік бойласын,
Қалт еткенде біздерді де ойласын.
Алты Алаштың арланымыз біз деген,
Өз бауырын, түп тамырын іздеген.
Өзің-өзің, өзге өзіңдей болмайды,
Жаттан жақын көп іздедік сол қайғы.
Қара теңіз жағасында жасыл бақ,
Сүйіп жатыр Стамбулды ғасырлап.
Шах-Сұлтандар, нақ Сұлтандар – дара шың,
Əр тасынан бекзадалық табасың.
Əмір етіп күллі əлемге мөр басқан,
Ер Түріктің əр жігіті бір дастан.
Барлық Түрік – Ер Алаштың ұл-қызы,
Оған куə Атажұрттың шың-құзы.
Іс бастарда ар жолында бір игі,
Көкбөрілер көкке қарап ұлиды.
Естідің бе дауысымды Ер Түрік,
Сен де сайла күйдің сазын келтіріп.
Алаш үшін Сен өзіңді баптағын,
Мен сүрінсем тартып мінгін ат жалын.
Тілегі бір, жүрегі бір, бір ұлмыз,
Бір тамырдан көктеп шыққан ғұмырмыз.
Самға Түрік – Қыран көкке ұшқандай,
Сүй қазақты – жалғызыңды құшқандай!
Ұландармыз!..Батыр-байрақ, баталы!
Қазақстан – көкбөрінің апаны!
Өр Алтайда өзің шыққан тұғыр бар,
Көкбөрілер көкке қарап ұлыңдар!
АСПАННЫҢ ПІРІ
Торғынменен тоқыған, алтыннан зері көмкерген,
Толықсыған ай көрдім, ажары шоқтай өртенген.
Шолпан жұлдыз шомылды, нұрдан ішіп балқыды,
Бақ торыды жолымды, қиялым көкке қалқыды.
Туған айды көрерге ту байладым ертесі,
Иіле туды ай күліп, шат-шадыман жер төсі.
Аталық аспан ана тұс, аналық далам мерейлі,
Айырмай сүйді бесіктеп бай менен жарлы, кедейді.
566
567
Шырағын жағып сəулелі түн дидарын өптірді,
Қол жетер жерде тамшылап жұлдыз біткен көп тұрды.
Жүрекке жазу қалдырды сорғалап аққан моншағы,
Бадана көзді жұлдыздар қорғалап айды қоршады.
Аспанның Пірі – шыққан Күн, бозарып атқан таң-дағы.
Ай жөнелді, түн де жоқ, жұлдыздың бірі қалмады.
МЕЙРАМХАНА МƏЗІРІ
Жұмыр иық үлпілдеген ақ тамақ,
Есімімді қайталайды жаттап ап.
Ақындарға арзу болған жер екен,
Қалай айтсам солай бикеш баптамақ.
Саусағынан сəуле шашып жүзігі,
«Жансыз» – дейді, жаны қалмай, – Сіз, Ұлы»
Манауратып қыз төсіне құлатты,
Мақтау сөздің алтын шынжыр құлыбы.
Жəннатта да қыз жоқ шығар ал мұндай,
Би биледік бірге қамшы салдырмай.
Балқып кетпей аман жеттік қосынға
Он екіден бір мүшені алдырмай.
Алда қанша нұрлы шуақ ақ таң бар,
Мен бір серкең, кел бір еркем, баптаңдар!
Бал шараппен сұлу қызды сүйгендер,
Ақындардың сыбағасын сақтаңдар!
* * *
Күрең тай кісінейсің кемдігіңнен,
Күтесің жанға жылу енді кімнен?
Созарға саған қолды дəрменім жоқ,
Шекесі мың жарылған шерлімін мен.
Дірілдеп кірпігіңнен күміс тамды,
Тал бойың талмау таппай құнысқанды.
Сезесің елден бұрын сен құлыным,
Жетімге жекірініп ұрысқанды.
Жетілер жетімдер де балақ түріп,
От жағар, отау тігіп талап қылып.
Болмайды кімдер жетім құдай салса,
Тіс сынар быламыққа қарап тұрып.
Жылағын, жетімдермен бір егілгін,
Жан болсаң ажарың ай, тілегің күн.
Жетімнің көз жасында ақиқат бар,
Көзімен қарап көрші жүрегіңнің!?
ТҮЙІН ТІЛЕК
Бəрі де бар... Көңіл шіркін жетпейді!
«... Мен бақытты болсам» – дейді, – тек, мейлі»
Жетімдерін көп жұбатқан халықтың
Басынан бақ тепсе-дағы кетпейді!
ЖАЗДЫҢ ЖАМАЛ АПТАБЫ
Жаным жайлау жадыраған алтын қыр,
Ақ күміске көк көбелек малтып жүр.
Күміс сəуле жаздың жамал аптабы,
Сандуғаштар саз сырнайын тартып жүр.
568
569
Шалқып аққан шат-шадыман ақ бұлақ,
Жағасында жатыр түлік бас құрап.
Мен сөйлесем жаңғырады қаратау,
Бір айқайлап əн салсам ба қаттырақ.
Мен өткінші өтті-кетті көп күнім,
Өткен күнде есем қалды тек мінім.
Өмір сені жаным қалмай сүйдім мен,
Арпалыстым, таппай кеттім бек тыным!
ЖАҚСЫЛАРДАН АЙЫРМА
Жап-жассың ғой жанның асыл данасы,
Жан телім-ау айдың туған жаңасы.
Дидарыңа қарай берем сəулелі,
Сенде маған ең соңғы рет қарашы?!
Өмір деген жалғыз-ақ əн қайырма,
Жанымыз шөл қайыр менен зайырға.
Көріп жүріп көңіліміз тоғайсын,
Я, Жаратқан жақсылардан айырма?!
* * *
Құт дарыған мекен еді бұл аймақ,
Енді, міне, есі кетіп тұр айлап.
Пенде байғұс басын ұстап күрсінер,
Маңдайына бермегесін құдай бақ!
Қайғылының қанды өзегі құрғайды,
Қаралы жан аққа көңіл бұрмайды.
Дүниенің бар байлығын жинасаң
Бір шаттанып күлгеніңе тұрмайды.
ТАПСЫРАР СƏТ БОЛҒАН КҮН
Қақпайлайды дəуір деген бақташым,
Дəруішпіз ит пен құстан сақтасын.
Жүзден көңіл, мыңнан ниет бұрылды,
Көкірекке иман шамын жаққасын.
Сағым қуған сағынышпын ноқталы,
Ноқталы жан оны қанша соттады.
Аманатқа адалдықтан басқаның
Қанша жыла Хақ алдында жоқ мəні.
Кедергілер кептеседе жолдан мың,
Тəңіріме тəу еттім де толғандым.
Келемеге келтіре гөр тілімді
Аманатты тапсырар сəт болған күн?
КӨКЕК ПЕН ҚЫРҒИ
Білгесін де үндемейді түңіліп,
Көкек отыр көптен өзге бүлініп.
Зеңгір көкке қырғи шықты сəлден соң,
Қан балағын қайымдаған түрініп.
Мен қарадым көкек жайын білгім кеп,
Бізді көкек сендірген-ді «Бірмін» – деп.
Көкек үнсіз басын тықты бұтына,
Көкек емес «Кө-теек..» – деді міңгірлеп.
Көкек сынды көп мақтанған адамда,
Мың асқанға бір тосқан бар табанда.
Көкектердің басын бұтқа тығатын,
Қырғи керек қырттары көп заманда.
570
571
ҚАТУ ҚАЛА, ҚАЙЫМ ЖЫР
(Үркек ой, үзік жырлар... Бірінші көрініс)
І
Бесік жасап, көсік жасап жат даудан,
Қайда барсаң қатулы жан қағынған.
Қызыл шеке, жарық маңдай Ақтаудан,
Жолаушымын, Алматыны сағынған.
ІІ
Қырғи самғау, қызыл-жоса бақсыз құс,
«Ақша-ақша» естігенім жалғыз əн.
Алматы ма?!..
Түлкі құйрық, қасқыр тіс,
Қала бопты өп-өтірік қалғыған.
ІІІ
Босағасын аттап едім шіркіннің,
Қаракөзде қалмағандай туыстық.
Сенде өткен ауырын-ай бір күннің,
Момындарды мойтап жатыр ұрыс қып.
Қазақ қайда?!.. Қарға тамыр бір құрсақ,
Зəулім үйлер күліп алды қарқылдап.
Деп келіп ем туыстықты жыр қылсақ,
Ішіп отыр жау қолынан сарқынды ап.
ІV
Алатаудың ақ жаулығын кір басып,
Бетін бүркеп тығылады мұнарға.
Көше толған кіржік қабақ кіл жасық,
Не болған-ай шеттерінен бұларға?!
V
Өңкей жасық кекшіл жəне тым қатты,
Өзім ғой деп жөн сұрасаң жекірген.
Əділетсіз бір қарбалас шырмапты,
Көз ақысын сұрап-ақ тұр бетіңнен.
Бірін-бірі жеп барады қазағың,
Болмашыға намысшылын қарашы.
«Тұмсықтағы тұрмысыңның азабын,
Сиыр тілмен сылпылдатып жалашы»
VІ
Мүйізіңді бауырыңа тыққанда,
Мүмкін емес саған қарау шошынбай.
Көңілің мас бір-біріңді жыққанға
Ақырында ұлт болдың ба осындай?!
VІІ
Не десем де Алматым ғой – сүйіктім,
Маған ыстық ақ шаңқан тау, мұнар күн.
Сүйген жанда күлкісі бар күйіктің,
Мен уақыттан қалып қойған шығармын.
Бар қазақтың алтын бесік үміті,
Бір-біріңді көпсінгенің неткенің?!
Қолымыз бос, жоқ жан едік жұмысы
Астанаға дұрыс шығар кеткенім.
VІІІ
Төбе шашым шыңғырғанда тік тұрып,
Алматыға қол бұлғадым күлдім де.
572
573
Ашу менен ызасынан жұқтырып,
Жансебіл жұрт жалықтырды бір күнде.
ІХ
Түсініксіз мақсат пенен мүддеден,
Шаршап кеткен тамыр-тамыр шекелер.
Арпалыс пен өтіп жатыр күн деген,
Қақ жарылған ақ отау мен некелер.
Алматыны тастап шықтым еріксіз,
Астананы– бас қаланы көрмекке.
Айда-жылда бір келеміз сеніп біз,
Көз қансын деп ұлттық бояу, өрнекке.
Х
Өгейсіме мен өзіңмін, өзіңмін,
Сен сұлусың түнің ай да, көгің күн.
Алматы ма!? ..Астана ма?! ..Менікі!
Екі бірдей қарашығы көзімнің!
(ЕКІНШІ КӨРІНІС)
(Үркек ой, үзік жырлар)
І
Үкідегі қармаққа күні түскен,
Үнсіз балық секілді ойшылдар да.
Бас шаһар тұр шықырлап шыны-тісі,
Мақтап-мақтап шаршады тойшылдар да.
Жасарған да жақсылық, жаңғырған да,
Халық берген қашанда бата құтты!
Ұлтқа мұра ұлықтап қалдырған да,
Астанамен қоса ойла, атажұртты!
ІІ
Аңызақта ауыл тұр күн қақтаған,
Арпа-бидай бір күндік қамбасында.
Марғау еркек, мəтөк ұл ыржақтаған,
Өгіз жеккен өмірдің арбасында.
Салыстырып қарашы, қабыстырып,
Қан жылайды жүрегің дала мынау.
Ақиқат пен шындықтан алыс тұрып,
Қалай сұлу болмақсың қарағым-ау?
ҮШІНШІ КӨРІНІС
(Үркек ой, үзік жырлар)
І
Не демекпін?..
Неткен дəурен... алаңмын!..
Адым сайын жалғандыққа кез болсақ.
Төс түймесі ағытылған заманның,
Өкшесінде жылтылдайды жез моншақ.
Тоқсан тарау, сексен селеу көк жұлын,
Қайран ауыл, қайран қазақ бал жұмақ.
Дəтке қуат қылар қанша сөз буын,
Сал сүйегі саудырайды қалжырап.
ІІ
Ерініңнен сүйіп ем қызыл далап,
Шырын татып тұр екен шырғалаңы.
Өзі берген – өзі алсын жырын қазақ,
От пен суда тағдырдың бір балағы.
574
575
Ей, Астана – келбетім боп тұр менің!
Жə, сұлусың!..Таққым келмес, түк те сын.
Азын-аулақ наз айтқаным бұл менің,
Көп нəрсені өздеріңнен күткесін.
ЖАЛҒАНШЫДАН ЖƏЙ ҒАНА БІР ҰҚҚАНЫМ
Көзден ғайып болсын десең жамандық,
Көзіңді жұм, қолыңды бір сермегін!
Көзден ғайып болсын десең надандық,
Көзіңді аш, наданға жол бермегін.
Көре-көре жамандыққа ересің,
Өзің сезбей жанға кірдің жұққанын.
Көзді жұмсаң наданға жол бересің,
Жалғаншыдан жəй ғана бір ұққаным.
ҰМЫТ БОЛҒАН БІР ƏНІМ
Зағара нан жетім малта сығынды,
Күн кешіпті сонау жылы бұл халық.
«Заман» – дейді, – сосын сəл-пəл жылынды» –
Ер есейді, ел қабағын ұл бағып.
Көпті көрген көз алдында мың əжім,
Күс-күс саусақ бет сипайды шүкір деп.
Маңғыстаумын ұмыт болған бір əнім,
Біздер жайлы шындығында пікір көп.
Боз аршадай мəңгі жасыл тілекпін,
Сидам ағаш ешкі көрсе дірілдер.
Дүниенің қас-қабағын күзеттім,
Екі өмірде бақытыңның бірін бер.
* * *
Аға ашушаң,
Іні, сірə, індігеш,
Бүйткен біздің бірлік еш.
Жаратушым!..
Соның соры қайнап жүр:
Талапайдан қалдырсаңыз кімді кеш.
Көңіліміз жасыған,
Шабыт едік шаршы көрсек тасыған.
Біздің қоғам –
Өзен сынды өпірім,
Теріс аққан басынан.
Бəрі аян,
Өткені мен қалғаны,
Қəне, қандай бар мəні.
Талай ердің
Жолда қалды шашылып,
Үміті мен арманы.
Өмір деген сол-дағы.
Ата көріп,
Əке көріп оқ жонып,
Ер болуға елді сүйіп талпындық,
Азу тісін көрсетті,
Заман түсін салқын қып.
Жанартаудай
Жан-құрсақтан от құсып,
Шоқ боп ағып сарқылдық.
576
577
ЖОЛ БАЯН
Жұлдызқұрттай жұтынады пойыздар,
Ақбөкендей ырғып қашып төбелер.
Мен отырмын қиял тəтті, ой ызғар,
Жыланбауыр қысыр соқпақ не берер!?
Нарқоспақ құм, мама бие бал бұлақ,
Күміс шашбау көк жиекте қос бұрым.
Қара ноқат бір жолаушы жалғыз ат,
Тіршілікте біз байғұсқа жоқ тыным.
Көл жағасы жұтпа балық, жылым тор,
Желбас қамыс бұрқырайды түбітсіп.
Жұмбақ сапар бірі бақыт, бірі сор,
Құс-қаңбақпыз жүргенім жоқ біліп түк.
ОҢТАЙЛАНЫП ТҰРАДЫ
Бұт артары бар жанның бəрі мықты,
Жаяу байғұс күледі мінгеспекке.
Малсыз жастан майқарын кəрі мықты,
Оңтайланып тұрады тіл кеспекке.
Ұрынады анаған, мынаған да,
Жайпап тастай жаздайды жамағатты.
Байлық айта береді сұрағанға,
Əңгіме ғып көк дорба, ала қапты.
Қағып-сілкіп шапанын түрегеліп,
Қарпып сөйлеп қалтиып тұра қалмақ.
Артына бір қарайды жүре беріп,
Көзбен атып көпті бір бұрап алмақ.
МҮДЕ ХАН
(Тарихқа белгілі əйгілі Сиуңну(ғұн)империясының негізін қа лаған,
шамамен христианша жыл санауға дейінгі 227 жылы туып, 174
жылы қайтыс болған тарихи тұлға). («Иə, бір кезде Чин пат шасы
Чин Шы Хуан-дидің қолбасшысы Мың Тиəннен жеңіліп, қашып
барып Қаңқай тауын паналаған ғұн елін бас-аяғы отыз-отыз бес
жылдың ішінде теңдесі жоқ Ұлы Ұлысқа айналдырып, оның шека -
расын терістікте Байкалдан түстікте Парсы жеріне дейін, шығыс-
та Хамиден батыста Каспийге дейін кеңейтіп, атақты Хəн пат -
шалығын алым-салық төлеуге мəжбүр еткен Шығыстың ұлы
жаугер ханы – Тұман ұлы Мүде хан қатардағы қауқарсыз пенде-
дей жер томпайтып қана жатыр. Бар айырмашылы ғы – төмпе -
шігі өзгелерден гөрі көлемді де биіктеу. Жалған дүние!.. » –
Қ.Салғараұлының «МҮДЕ ХАН» кинороманының соңғы көрініс-
нүктесі осылай қойылған. Астана-2011жыл. «Сарыарқа» баспа-
сы.) Автордан: – Қойшығара Салғараұлы ағамыздың «МҮДЕ ХАН»
атты кинороманын оқығаннан кейін тұтас жан-тəніммен сол
дəуірге көшіп кеткендей күй кештім. Тарихи тұлғалардың тіліне
салған жазушының ой-пікірлері санаңды сілкіндіріп, жігеріңді ұш-
тайды. Ойшылдарымыздың айтқанындай, көшпенділердің арба-
сына мініп, ӨРКЕНИЕТ ғарыштап дамып барады. Ал, біз болсақ,
өзімізді-өзіміз менсінбей, өзгелерге ұқсағымыз келіп өзеуреп жүр-
міз. Ұлт үшін ұрпаққа ұлағат болатындай не жасадық?!.
Болмысын-ай бұжы қарын таулардың,
Парақтадым əрбір тасын аудардым.
Бурыл шашын тарап алып ақша бұлт,
Тілеп жатыр қартқа қуат, жасқа құт.
Ақбас жусан, ақ баттауық, ақ шілік,
Қолын созды өз тағдырын тапсырып.
Қызылшыдай
1
аңшы көрсе ілескен,
Қызғалдақ тұр жауқазынмен бір өскен.
1
Қызылшы – аңшылардың қанжыға қосшысы.
578
579
Қара тасты жыланқабық мүк басып,
Ғасырларды келеді аттап тік басып.
Көл көзіне итқоғалар тамырлап,
Қазан құйрық қошқар төбе мамырлап.
Кісінейді айғыр шоқы қан жілік,
Оның сырын жатқан жоқ қой жан біліп.
Шыңнан асқан жол бедері армандай,
Қазанатқа айыл-тартпа салғандай.
Аспан анау қара төбел, ақ маңдай,
Мүде Ханды бəрі іздеп жатқандай.
Қарнау саусақ сексеуілдер күрсінді,
Қаракөз түн ыңырсиды бір түрлі.
Бір сағыныш қан жүрегін күйдірген,
Хақтан тілеп, халал елді сүйдім мен.
Қаталаған таңдайлары мың жарық,
Хан Мүдеден халық жатыр сыр бағып.
Құлашаның жез құйрығы желден бе,
Құлағына ат дүбірі келген бе?.
Құба таңнан кісінейді шығысқа,
Ұран керек біздің, сірə, ұлысқа!
Шұбар көктің шашасынан тер тамып,
Келе жатыр жұлдыз қарап, жер танып.
Шырқау шабыт, асау ағын қиялым,
Жалым алтын, күміс менің тұяғым.
Тектіліктен не теперіш көрмедім,
Тебінгіден найза тықты өлмедім.
Мына қылыш қандай қылыш, қай қылыш,
Қыны құндыз, жүзі жұлдыз ай қылыш.
Мына қылыш не тілейді қылпылдап,
Дау күңкілін, жау құлқынын тұр тыңдап.
Мына найза кімнен қалған көк найза,
Ұлтым дейтін ұл болмаса жоқ пайда!
Мына найза қанды шашақ, көк жасын,
Тіл біткенде неден бастар сөз басын?.
Сұрқай жебе, қара сауыт, ақ садақ,
Ант пен арға қарызы жоқ нақпа-нақ.
Анау қалқан əлі күнге қорғаным,
Қолда барды көзім көрмей сорладым.
Дуылғасы дөңгеленген көк зеңгір,
Соның бəрін өлшеп көрмек безбен-жыр.
Қорамсаққа қолын салып батыр тұр,
Бізден көрі өз халқына жақын тұр.
Біздің мойын – көп тұрмыстың шырғалы,
Ер мойыны – есіл елдің құрбаны.
Кең дүние кемел сөйлеп жандасқан,
Бəрі сендік бұл қара жер, мəңгі аспан.
Тобылғы сай, тоқ жараған тарлан боз,
Хан тəңірі Мүде Ханнан қалған көз.
Сүлік қара түн жанары неткен көз,
Түнге сіңіп Мүде Хандар кеткен кез.
Шақпақ бұлттар шалт жүрістен ұшқындап,
Құс қанатты сары жебе ысқырмақ.
580
581
Ұшқын түсті жау жасағын күл қылды,
Көкбөрілер салдырған жоқ шынжырды.
Арландардың азуындай асқар шың,
Оны қалай жау қолына тастарсың.
Тақ-тікенек!..Хандығыңнан сый кетсе!
Тек халқыңа жауың жоқ деп үйретпе.
Жер – қарашық, жау жағалай жалпақ-ты.
Қарашыққа жау шүйілсе ант атты.
Жалтақ патша тірі күнде өлтірмек,
Ел қарғайды жер табалап, жел тілдеп.
Ел мұңайса сен намыстан жылап тұр.
Ар мен басқар ақылыңды шырақ қыл.
Ақыл өлсе арың даумен адасар,
Арың өлсе ақыл жаумен жанасар
Қарау болса ханнан қандай пайда бар!?
Мүде Хандай – мірдің оғы қайда бар!?
Басқыншыдан тартып алды бақ құсын,
Ар мен ақыл талқан қылды жат күшін.
Айдай əлем басқа сауға сұрады,
Айбалдырған гүлін төгіп жылады.
Бесіктастар белін ұстап бұғынды,
Бəйбіше бұлт көзін ұстап шығынды.
Керней керік аламойын сұңқылдақ,
Көлдегі құс ер екпінін тұр тыңдап.
Көсем айғыр, көс-көс түйе, төрт түлік,
Заман келді жер жұмақ та, көк тұнық.
Орама ши, өре киіз, нар кілем,
Сұлу қандай, сұңқар мойын, қанды рең.
Абыз шалдар ақ сақалы күмістен,
Тəңіріне тəубе айтады мың іштен.
Бала-ойын, азан-қазан ақ шаңдақ,
Айдын-шалқар қарабауыр қасқалдақ.
Көл тілегі, ел тілегі тыныштық,
Атажұрттың ақ құшағы тым ыстық.
Жас көңілі – көк найзағай, ақ жаңбыр!
Салып жатыр бозбалалар таңнан жыр.
Үрит соқ-соқ, тоқты қошқар көкжұлын,
Шабандоз ұл, шандоз жылқы, кер құлын.
Кетті астасып аспан мен жер думанға,
Атажұрттан ата жауды қуғанда.
Ер Түріктер керді көкке құлашын,
Ал, содан соң: «БОСТАНДЫҚ!..» – деп жыласын.
Бір күн құлдық – мың күн өлім санаға,
Хан тілегі халал болсын қараға!..
Құз құнжаңдап, шың шырғалдап иілді,
Мүде Ханға мінсіз аспан сүйінді.
Ер туды да ел үмітін ақтады,
Дұшпан таптап, дос күлуге батпады.
Бес қаруын белден шешкен оңбады,
Бес қаруың – бес бақытың қолдағы.
Əлсіз болсаң жүрек тұсың жаудікі,
Сөзің құнсыз, құлақ тұсың даудікі.
582
583
Жүре тыңдап, күле тыңдап қорламақ,
Күн кешерсің күнбағыстай жол қарап.
Не жетеді жарау ерге жалғанда,
Достың қолын тең отырып алғанға!
Ей, Мүде Хан!..Мың жылдардың баяны,
Əлсіз болсаң сені кімдер аяды.
Есіміңді естен танып ұлықтап,
Ұрпақ балдан, дұшпан қаннан жүр ұрттап.
Құлақ тосшы ұлы бабам өр үнге,
Сен барсың ғой жүрегімнің төрінде.
Ер ұланын, нар баласын қарпыды,
Түспесін деп түндіктіден ар туы.
Езілген ел етік сынды қонышты,
Ақыр түбі зая болар жол үсті.
Теуіп тастар іздегілер жағаға,
Намыс қоздап, ерлік сіңсін санаға.
Ақ орданың туырлығын кескілеп,
Дабыл қақты жау жағалап жетті деп.
Құлап барып қанша қайта тіктелдім,
Қорлық көрдім, тыр жалаңаш үптелдім.
Ақ бесікті қан жуғанда пəктіктен,
Көлбеу тартқан ақыр заман ақтық дем.
Ай мезірет қара түнді қамсау ғып,
Жүректен кек, жақтан зарлы əн саудық.
Əн аралап ғасырларды оятты,
Тау жаңғырса менің үнім сияқты.
Көк Тəңірі көп тербеттің аялап,
Бесік болды жасыл Тұран саябақ.
Ғасырлардың көз жасынан қан жалап,
Көп тіледім түнге лəззат, таңға бақ.
Өсе бердім қой терісін жамылып,
Қанат бітті болдым бір сəт самұрық.
Қанатымнан дауыл тұрды екпіндеп,
Ұран салдым алынбаған кекпін деп.
Батыс-шығыс бəрі ілдірді кірпігін,
Тек, мен ғана, алмай қойдым бір тыным.
Көкбөріні асырады аяғы,
Жер жастанды жаудың сүргін саяғы.
Үріп көрді, күліп көрді алдады.
Орай қапты Мүде Ханның қармағы.
Атақоныс тиді қолға, намыс ақ,
Сол көштемін таныс арба, таныс ат.
Ат кісінер бел кеткесін жемірліп,
Бақ кісінер ел кеткесін кемірліп.
Бабалардың бір күніне жарамай,
Мен отырмын құлаққа ұрған танадай.
Мың жығылып түлкі құрсақ бір күннен,
Өз тілімде сөйлей алмай жүрмін мен.
Мүде қайда?!..Хан тəртібі құрыштан,
Көктен құзғын, жерден жылан жылысқан.
Жалпақ шеше – көзалдардың мекені,
Жарға жықпақ ешкі мақтап текені.
584
585
Мақтан үшін шыққан мүйіз, тұлым да,
Болмақ емес еш абырой ғұмырда.
Сан данышпан заманында толғапты,
Енді, əрине, естір құлақ болмапты.
Мүде ханның бар мүддесі ұлтында,
Өтті-кетті өрттей лаулап бір тұлға!
Көже қарын аш болғаны түк емес,
РУХ өлсе, онда жоқпыз, жүр елес!
Оят менің рухымды жан аға,
Ерлік керек ханмен бірге қараға.
Атажұрт па!?..Темірқазық, жер көген,
Жер көгенде құрбандық қой ер деген.
Білім керек, енді, əрине, ақыл да!
Бақ қонбайды ақыл-ессіз тақырға.
Ұлт намысын қорғамайтын ғылымнан,
Есек артық ту түбінде жығылған.
ХАНДАР!..ХАНДАР!..Көлеңкесі Тəңірдің,
Хан-Шатырда жасай алмас əмір кім!
Ұлтын сүйген Хандардың да –Ханы бар!.
Əр ісінде мың батырдың ары бар.
Хандар жоқ па бармақ басты, көз қысты,
Алтын жинап, жібек ұрлап бөз құшты.
Хандар!..Хандар!..Хан бақыты – халықпен!
Ел сүймесе Ер теңесер табытпен.
Көрге кетті көзін жеді қанды құрт,
Құртты көзден құрып кеткен барлық ұлт.
Ұлттар кеткен кемесімен келместің,
Оңайлықпен өз асуын бермес шың.
Құрығаның құл-құтанға тап қылса,
Ұлттың ТАҒЫН – ұл-қызына БАҚ қылса.
Сен өзгесің, ей, Мүде Хан, – көкбөрі!
Көп сөйлетпе, жарар, енді, тек мені.
Көшпендімін!..Көрік қандай, күн-құрсақ,
Сондағы бақ сорлы жанды жүр құрсап.
Сен куəсің!..Періште едім ақ қанат!
Жеті қат көк, жеті қат жер қат-қабат.
Сені ойласам көкірегім шалқақ тым,
Мендік мəнмен адамзатқа ортақпын.
Біз көшпедік жел боп естік ақ самал,
Бітті сосын тауға кекіл, тасқа жал.
Кеңістіктен қуат алдық санаға,
Мəдениетке тозаң салды бал ара.
Көшпенділер бал арасы гүл-бақтың,
Тарих тінін тауысады жырлап кім.
Шындығым көп!..Ал, іздеуге енжармын.
Барлық гүлдің тамырында мен бармын.
Менен аулақ кетпек емес ешкімде,
Біздің арба көп шарлаған көш мүлде.
Бар мəдениет тозаңданды, жұптанды,
Мендік ізден мерей қалды, құт қалды.
«... Мүде Ханның арбасына мінгесіп,
Күллі əлем дөңгеленді күн кешіп»
586
587
Мен арқалап даңғылдарға бастаған,
Сен ұмытпа ӨРКЕНИЕТ жас табан?!..
Түгел Түркі – Сенің тегің күннен-ді!..
Күнмен күпте, ай мен апта іргеңді!
Түркілермен батыс балқып, таң атқан!..
Құдай өзі сүйіп оны жаратқан.
Сүйген құлын тастамайды бір АЛЛА!
Ағайынмен жаным бірге шығарда!
Жан сырымды ен Түркіге хат қылдым!
Көңіл босап, көкіректі шат қылдым.
Бұрынғыдай батар күн мен таң шығып,
Көкбөрілер, шүкір, міне, баршылық!.
Арлан-Шалдар аңдап басып сақтанған,
Адам құрған, заман құрған қақпаннан.
Қақпанымды сүйретумен келдім мен,
Көктен Тəңір, берді, əрине, жер бір дем.
Досқа ыстық, ал, дұшпанға ызғармыз!
Көк пен жердің арасында біз бармыз!
Көкбөрілер!..Көк Тəңірі қолдасын!
Халық сүйеу!..ХАҚТЫҢ нұры жолдасың!
Көшпендімін!..Періштемін ақ қанат!
Көшкен құйын, жүрген жолға жат қарап.
Ай дегенің – Мүде ханның қылышы!
Шыңдағы құс – Шыңғыс
1
ханның ұлысы!
1
Шыңғыс – Шыңғыс хан.
Жасыл құрлық төрін берген Еділмін!
1
Мен-Қылышпын!..Қылша мойын не білдің?!..
Көшпендімін!..Көктен түскен батырмын!
Көкке қара, ағып бара жатырмын.
От менікі –күйген кірпіш, қыштанмын.
Атын ата мен бармаған ...СТАННЫҢ?!..
Менің ізім бар құрлықты шарлаған,
Бар болыңдар!..Кіл баһадүр – НАР БАБАМ!
Мен бармаған мекенің жоқ, жерің жоқ!
Мен сүймеген гүл қауызды ерін жоқ.
Күн менікі, ай менікі, жер-тұғыр!
Мен даламын!..Құшақтайын келші бір!
Күллі ғарыш біз бен тектес көшіп жүр.
Сенде арала кеңістікті есіл жыр.
Мендік жырда көкбөрінің қаны бар.
Азуына ар-қылышын жанып ал!
Барлық ақын қайрап алсын қаламын.
Тыңда əлем!..Саған айтар бар əнім.
Мүде ханмын!..Қайта оянып келем мен.
Ақбөкенмін ақ қолтығын жел емген.
Тегім Түркі! Сол баяғы көкбөрі!
Ит тепкіге ала берме тек мені!?..
Мендік тағдыр – Сен ұстаған қасықта!
Қанымды іш! Бірақ мені жасытпа?!
1
Еділмін – Еділ патша.
588
589
Беттен қақпа, жігерімді құм қылып!
Өсірсейші тегіне сай ұл қылып!
АҒА!..АҒА!..МЕНДІК АЗУ сендік қой!
Көкбөрімін, алда, əлі, МЕНДІК той!
Бөрілерміз!..Атамекен қорғаның!
Бөріден Ит жасап алсаң сорладың.
Көкбөрілер шың басынан үңілсін!
Дос қуанып, дұшпан жаннан түңілсін.
Арлан тектес – Алты Алаштың ұл-қызы,
Оған куə Мүде Ханның шың-құзы!
(Ар-тектінің жарқырайды жұлдызы)
«..Бөрі бол!» – деп бөлтіріке талап қой.
ИТТЕР жоқ па айналаңда қарап қой!?
Иттің құны – қос қабыртқа, бір жілік.
Сүйек үшін үріп жатыр шыңғырып.
Арлан байғұс ар жолында өлмек-тін.
Көкке ұлы Патшалығы жер-көктің!
Достарыңызбен бөлісу: |